Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның АӨК-нің дамуы Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлардың кеңесінде талқыланды

Қазақстанның АӨК-нің дамуы Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлардың кеңесінде талқыланды

image_51a5e04c0
Тәуелсіз сарайында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның аграрлық секторының дамуына арналған Қазақстан республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлардың XXVIII кеңесі өтті.
Жиын барысында кеңеске қатысушылар Қазақстанның аграрлық саласының даму әлеуеті мен басымды бағыттарды, АӨК жаңа алдыңғы қатарлы техниканы енгізу мүмкіндіктері мен инвестициялық тартымдылықты арттыру аясында ұсыныстарды талқылады. Ауыл шаруашылығы дамуының мүмкін болатын жолдары бойынша ұсыныспен «Metro Cash and Carry», «Baker and McKenzie International», «Philip Morris International», «Citigroup», «Deloitte CIS», «Deutsche Bank AG», «EY» компанияларының өкілдері сөз сөйледі.
Инвестициялық жобалармен, ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникасы ұсынылған саланың инвестициялық тартымдылығымен әлеуетін көрсету мақсатында «Қазақстанның АӨК жетістіктерінің көрмесі» ұйымдастырылды. Мемлекет басшысына трансұлттық компанияларды тарту арқылы жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу саласында 15 басымды жобалар көрсетілді.
Атап айтқанда, австриялық және неміс серіктестерінің қатысуымен етті мал шаруашылығында кластерді құру бойынша 4 жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр. Мәселен, «Евразия Агро Холдинг» ЖШС өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу бағытымен бірге жылына 17 мың тонна етті өндіретін қуаттылықпен етті қайта өңдеу кешенін салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, құс өнімінің импортын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін голландиялық, австриялық және украиналық компаниялармен 90 мың тонна қуаттылығымен 3 құс фабрикасының салынуы қарастырылып отыр. Өсімдік майы мен сүт өнімдерін өндіру, дәнді дақылдарды тереңдетіп қайта өңдеу бойынша жобалар қарастырылуда.
Бұдан басқа, Тәуелсіз сарайының алдында отандық ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені көрушілер еліміздің аумағында (СемАз, АгромашХолдинг) құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын және Қазақстанда шығару өндірісі жоспарланып отырған техниканы көре алады.
Қазіргі таңда Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелерінің құрамына ірі 30 компания еніп отыр: Asian Development Bank, ArcelorMittal, Deloitte, Baker және McKenzie т.б. Сондай-ақ, жиынға Шетелдік инвесторлар кеңесінің бақылаушыларымен ірі агроөндірістік секторының басшылары қатысты.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus