Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану мемлекеттің басты мақсаты

Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану мемлекеттің басты мақсаты

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
4.05.16 ж.                                                                              Астана қ.

Қазақстан Республикасы Заңымен 2014 жылдың 29 желтоқсанында Жер кодексіне ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланбай жауапкершілігін күшейту аясында өзгертулер енгізілді.

Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану дегеніміз өнімділіктің қажетті көрсеткіштерін алу мақсатында жерді оңтайлы пайдалану, жердің мелиоративті жағдайы мен құнарлылығының төмендеуіне жол бермеуді қамтитын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру процессінде жер иелері мен жерді пайдаланушылардың жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану ережелеріне сай (ҚР ҰЭМ 27.03.2015ж. №268 бекітілген бұйрығы) жер құнарлылығының келесі көрсеткіштері бойынша төмендеуіне жол берілмейді:
– егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы гумус құрамының бес пайыздан көп, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген құрамының 20 % көп төмендеуіне;
– жердің гумуспен және қоректендіру элементтерімен осы элементтермен өте төмен және төмен қамтамасыз етілген алаңдарының он пайыздан көп өсуіне жол берілмейді.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану бойынша бақылау жұмыстары мемлекет тарапынан күшейтіліп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы ретте, жыл сайынғы агрохимиялық зерттеу көлемдері 1,5 млн. га  3,5 млн. га дейін ұлғайтылды, бұл көлем зерттеу топтамаларын қамтамасыз етеді (суарылмайтын жерде – 7 жылда 1 рет және суармалы жерде – 5 жылда 1 рет).

Алға қойылған міндеттерді шешу мақсатында агрохимиялық қызметінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, заманауи құралдар сатып алынды.
Жыртылған қабаттағы жалпы гумус құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген көрсеткіштері суарылмайтын жерде – 7 жылда 1 рет және суармалы жерде – бес жылда 1 рет айналыммен жүргізілетін топырақты агрохимиялық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады (ҚР ҰЭМ 27.03.2015 жылғы «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы). Сонымен қатар, 2015 жылдың 27 наурызынан агрохимиялық тексерудің бастапқы (базалық) турда және кейінгі турларда белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады. Сәйкесінше, екінші тур суарылмайтын жерлер 2022 жылы, суармалы жерлер 2020 жылмен салыстырылады.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
minagripress@gmail.com
Тел. + 7 7172 555 765
www.mgov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus