Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

    Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, сондай-ақ балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу – аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар дүниесінің объектілерін алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күні;
балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні;

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

       1) аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қоюға квоталар бөлу үшін:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді алдындағы жылдың 1 қазанына дейін береді;
      2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға квоталар бөлу кезінде:
      осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      балық шаруашылығын жүргізу бойынша шарттың көшірмесі;
      балық шаруашылығы субъектісінің атына тіркелген аулаушы және көліктік флоттың, оның ішінде шағын көлемдісі туралы аумақтық көліктік бақылау органының өтінім берген күнге дейін бір айдан кеш емес берілген анықтама

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

     бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу бойынша комиссияның хаттамасы

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011774#z53

Қызмет стандарты
Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus