Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту шараларын ұсынды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту шараларын ұсынды


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовке Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту шаралары туралы баяндады.

Вице-Премьердің айтуынша, Астананың азық-түлік белдеуі аймақтарында 100%-ға дейін ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге болатындай әлеует бар. Ал, қазіргі таңда қайта өңдеу кәсіпорындары орта жүктеліммен 40% шамасында жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Астана төңірегінде орналасқан жеке қосалқы шаруашылықтармен жеткілікті шамада ауыл шаруашылық өнімдер өндірілуде және де оларды қайта өндеу кәсіпорындарына жіберу қажет. Мысалы, Астананың азық түлік белдеуі аймағында орналасқан ЖҚШ-мен 470 мың тонна сүт өндіріледі. Оның ішінде 54 мың тоннасы қайта өңдеуге жіберіледі. Алайда, сүт өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары 40% қуаттылықта жұмыс істейді.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік әлеуетін арттыру үшін А.Мырзахметов олардың қуаттылығын еселейтін бірқатар шараларды ұсынды.

Әзірленген іс-шаралар жоспары 150 сүт қабылдау пункті, оның ішінде 6 белдеу аймағы, 2,5 мың отбасылық бордақылау алаңдарын ашуды қамтиды.

«Құрылатын бордақылау алаңдары мал сою, ет әзірлеп, сату және жем-шөппен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіріледі», – деді А.Мырзахметов.

Сондай шаралардың бірі ретінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы қаржысы есебінен мемлекеттік қолдау білдіру, сондай-ақ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамынан қосымша қаржыландыру қарастырылатын болады.

Келесі мәселе – көтерме үлестіру орталықтарын құру.

«Жеке қосалқы шаруашылықтар және де шаруа қожалықтары алыпсатарларға сиыр етін 750-800 тенге/кг ұсынады, ал базарларда аталған өнім 1200-1300 тг/кг бағамен сатылады. Өндірушілер секілді еңбек етпей-ақ, ыстығына күйіп, суығына тоңбай, делдалдар қандай да бір шығынсыз өнімдердің бағасын екі есеге дерлік көтеріп сатады», – деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Көтерме үлестіру орталықтары ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктірілген ЖҚШ үшін өз өнімдерін орналастыратын алаң қызметін атқарып, алдағы уақытта қолжетімді бағамен қандай да бір делдалдардың үстемелерінсіз ірі елді мекендер тұрғындарының отандық сапалы өнімге деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus