Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі мен үкіметтік емес ұйым өкілдері АӨК-ті дамытудың маңызды мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі мен үкіметтік емес ұйым өкілдері АӨК-ті дамытудың маңызды мәселелерін талқылады

1

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов және үкіметтік емес ұйым өкілдері тұрақты кездесулер аясында АӨК-ті дамытудың маңызды мәселелерін талқылау бойынша кездесу өткізді.

Үкіметтік емес ұйымдар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды дайындауға белсенді қатысатынын айта кеткен жөн. Министрлік Мемлекеттік бағдарламаны дайындауға кіріскен сәтінен бастап, жұмыс топтың құрамында болған қоғамдық бірлестіктер мен аграрлық сектор одақтары мен өкілдері бірлесе жұмыс атқарды.

А.Мырзахметов өз сөзінде, бүгінгі күні Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытып, құқықтық ел болу үшін, Үкімет тарапынан Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасында тығыз байланыс орнатуға аса мән беріліп отырғанын атап өтті.

Кездесу барысында Вице-Премьер 2017-2021 жылдарға арналған ҚР АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлерін айтты.

2

Сондай-ақ, жиын барысында А.Мырзахметов қатысушыларға қазіргі таңда салалық қауымдастықтар мен одақ, қоғамдық кеңес, агробизнес өкілдерінің қатысуымен Министрліктің, «Атамекен» ҰКП-ның алаңдары мен аймақтарда талқыланып жатқан ауыл шаруашылығын дамытудың Жол картасына ерекше көңіл бөлуді ұсынды.

Сонымен қатар, жиналысқа қатысқан үкіметтік емес ұйым өкілдері өз сөздерінде АӨК-тің салаларын дамытуға арналған Карталарды бірауыздан қолдап, аталған Карталарды әрбір бағыт бойынша нақты тапсырмаларға бағыттап, сол тапсырмалардың шешу жолдарын қарастырып жатқандығын атап өтті.

Әрі қарай кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасты. Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басым көпшілігі субсидия беру, жер мәселесі, ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу және т.б. жөніндегі мәселелер қызықтырды.

Кездесу соңында А.Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрлігі әр қашан ашық әңгімеге дайын екендігін, барлық пікірлер мен ұсыныстардың маңыздылығын айтып, алдағы уақытта Министрлікпен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Осыған орай, алдағы уақытта аталған және басқа да салаларды дамыту бойынша өзекті тақырыпты қозғайтын жиналыстарды тұрақты түрде өткізу ұсынылды. Бұл ұсыныстар бірлесе жұмыс атқару барысында жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus