Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов АӨК-тің ағымдағы жылғы даму жоспарымен таныстырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов АӨК-тің ағымдағы жылғы даму жоспарымен таныстырды

Ағымдағы жылы АӨК алдына 5 міндет қойылып отыр.

Бірінші міндет. Өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіру мен экспорттаудың көлемін арттыру.

Мал шаруашылығындағы қолдау негізінен асыл тұқымды мал алу, тиімді және отбасылық мал бордақылау алаңдарын құру, қайта өңдеу кәсіпорындарын жаңғырту мен жаңадан салуға бағытталады.

Өсімдік шаруашылығы бойынша майлы, жемдік және басқа да сұранысқа ие дақылдардың егіс алқабын 540 мың га (8,2-ден 8,7 млн. га) арттыру жоспарлануда.
Сумен қамтамасыз етілген алқаптар аумағын арттыру жөніндегі екінші міндеттің аясында Ислам Даму Банкінің атсалысуымен ирригация мен дренаждарды қайта қалпына келтіру жобасы қолға алынуда. Мұның нәтижесінде 15 мың га тұрақты суару аумағы пайда болады.

Айталық, 7 апатты жағдайдағы су қоймасы мен гидротехникалық құрылыстың реконструкциясы бітеді. Бұл 12 мың га суармалы жерлердің сумен қамтылуы жағдайын жақсартады.

Үшінші міндет. Ауылдарда кооперацияны дамыту.

Ағымдағы жылы 176 кооператив құру жоспарлануда. Олар өз қызметі аясына 16 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды тартады деп күтілуде.

Сондай-ақ, бұл қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктелімін арттырады. Атап айтқанда, сүт – 170 мың тонна (57-ден 65%), ет – 12мың тонна (54-тен 58%), өсімдік майы – 20 мың тонна (30-дан 31%), қант қызылшасының қанты – 16 мың тонна (37-ден 50%).
Аталған шаралар импортқа тәуелділіктің төмендеуіне жол ашады.

Ең соңғысы. 3 көтерме-тарату орталығы құрылады. Яғни, олар Астана мен Алматы және Шымкент қалаларында ашылады. Бірінші жарты жылдықта Астанадағы орталық өз жұмысын бастайды (сақтау аумағы 27 000 кв. м.: салқындату камерасы 1400 м3.).

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика