Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Жетісу төңірегіндегі АӨК жағдайы туралы баяндады

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Жетісу төңірегіндегі АӨК жағдайы туралы баяндады

Премьер-Министр «Байсерке-Агро» қожалығына барды. Ол жерде К.Мәсімовты А.Мырзахметов азық дайындау, асыл тұқымды етті-сүтті мал шаруашылығы, асыл тұқымды жылқы және қой шаруашылығымен айналысатын агрохолдинг жұмысымен таныстырды.

«Байсерке-Агро» ЖШС жылына сүт өнімдерінің 1800 тоннасын, ет өнімдерінің 1250 тоннасын шығарады. Осыған қоса, агрохолдингтің меншігінде 3600 га егістік жер бар. Оның 500 га жерасты суару жүйесі қолданылады.

Вице-Премьердің айтуынша Алматы облысында 100%-ға дейін ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге болатындай әлеует бар.

Алматы облысында 18 сүт өнімдерін қайта өңдеу және 15 ет өнімдерін өңдеу зауыттары бар. Алайда, осы зауыттардың орта жүктелімі 50%-дан аспайды. Яғни, облыс бойынша сүт өңдеу кәсіпорындарының 179,5 мың тонна, ет өңдеу зауыттарының 41,5 мың тонна қуаттылығы бар.

Осы тұрғыда, Асқар Мырзахметов жеке қосалқы шаруашылықтарының қайта өңдеу кәсіпорындарын толық қамтамасыз ете алатын әлеуетін пайдалану қажеттілігін айта кетті.

Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерімен бірге облыс әкімдіктері үш жақты іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы облысында жылдың соңына дейін 6 сүт қабылдау пункті және 150 отбасылық бордақылау алаңы бар 19 ауыл шаруашылығы кооперативінің ашылуы жоспарланған.

Осыған қоса, Ауыл шаруашылығы министрі Инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жоспар бойынша кредит бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерді 7% дан 10%-ға дейін, лизинг бойынша 10%-дан 13%-ға дейін көтерілетінін хабарлады. Бұл іс-шара АӨК субъектілерінің қаржы ресурстарына қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Өз кезегінде, бұл іс-шаралар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Себебі, Алматы облысында өндірілетін ет пен сүт көлемінің 80% жеке қосалқы шаруашылықтарда шығарылады.

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы министрі ұсынған Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі 3 жыл (2016-2018 жж) ішінде өңдеуші кәсіпорындарының жүктемелігін 70-80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік туады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus