Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Мырзахметов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Мырзахметов Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

1470

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шарушылығы министрі А. Мырзахметов Дүниежүзілік банкі өкілдерімен кездесу өткізді. Банк тарапын Орталық Азия бойынша бағдарламаның басшысы Анимэш Шривастава басқарды.

Өткізілген кездесуге ү.ж. 23 қыркүйектегі ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтің Орталық Азия бойынша Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Лилия Бурунчукпен және Банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Френсис Ато Браунмен кездесуі негіз болды.

Кездесу барысында Вице-Премьер А. Мырзахметов ауыл шаруашылығы секторындағы өткізілетін жаңа мемлекеттік бағдарламалар туралы баяндап, оның ішіндегі

АӨК дамыту тетіктеріне тоқталды. Осыған қоса субсидияландыру және мемлекеттік қолдау бойынша жаңа жүйенің жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Дүниежүзілік банктың басшысы А.Шривастав өз кезегінде Дүниежүзілік банк сарапшыларының біліктілігімен және тәжірибелерімен бөлісуге дайын екендігін айтты.

Кездесу соңында екітарап Агроөнеркәсіптік кешені саласында тығыз байланыста бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus