Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Үкімет отырысындағы ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрінің баяндамасы

ҚР Үкімет отырысындағы ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрінің баяндамасы

«Егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы» мәселесі бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық режимде өтетін мәжіліске арналған
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ. Айтуғановтың баяндамасының тезистері
 (2016 жылғы 10 тамыз, сағат 15.00)

Баяндаманың мәтіні

Слайдтар, кестелер

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Құрметті мәжіліске қатысушылар!
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша 2016 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 21,7 млн. гектарды, оның ішінде дәнді дақылдар – 15,2 млн. гектарды, бидай – 12,2 млн. гектарды құрады. Майлы дақылдар 1,9 млн. гектар, жемшөптік дақылдар – 4,0 млн. гектар, мақта – 109,3 мың гектар, қант қызылшасы – 12,1 мың гектар, картоп пен көкөніс-бақша дақылдары – тиісінше 183,7 және 230,0 мың гектар алқапқа орналастырылды. 
Бұл ретте, 2015 жылмен салыстырғанда бидайдың алқабы 441,4 мың гектарға, дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 26,3 мың гектарға, мақта алқабы 10,1 мың гектарға, қант қызылшасы 2,7 мың гектарға ұлғайды.
Бұл ретте, бидай алқабының ұлғаюы жүргізіліп жатқан өсiмдiк шаруашылығын әртараптандыру саясатымен және облыс әкімдіктерімен жасасқан меморандумдармен келіспейді. Атап айтқанда, Ақмола облысында бидай алқабы индикативтік көрсеткіштен 162 мың гектарға, Қарағанды облысында – 198 мың гектарға, Қостанай облысында – 199 мың гектарға, Павлодар облысында – 120 мың гектарға, Шығыс Қазақстан облысында – 94 мың гектарға асып түсті. Суармалы су тапшылығы жағдайында Оңтүстік Қазақстан облысында мақта алқабының ұлғаюы жөнінде ұқсас жағдай қалыптасып отыр.
Қысқарудың негізгі себебі «гектарлық субсидияны» тоқтату болып табылады.
Сондай-ақ арпаның алқабы 197,5 мың гектарға, майлы дақылдар 89,2 мың гектарға, жүгері 6,7 мың гектарға, картоп 6,5 мың гектарға, көкөніс-бақша дақылдары алқабы 5,1 мың гектарға, күріш 4,6 мың гектарға қысқарды.

Бастапқы бет

 

2-слайд
2016 жылғы егістік алқап құрылымы

Жаңа өнімнің қалыптасуының ерекшеліктері
Дәнді дақылдар себетін негізгі облыстарда маусымның бірінші жартысында нормадан төмен атмосфералық жауын-шашын және ауа райының суық болуы байқалды. Дәнді дақылдар себетін облыстардың көпшілік бөлігінде маусымның екінші жартысында және шілдеде жауған мол жауын-шашын мығым вегетативтік массаның қалыптасуына, дәнді дақылдар дамуының созылуына, жаздық бидай егістерінде аурулардың (септориоздың, қоңыр таттың) таралуына және дамуына әкеп соқтырды. Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шілдеде жауын-шашын мөлшері нормадан 2-3 есе асты, бұл жоғары сабақ жиілігінің қалыптасуына және, нәтижесінде, жекелеген танаптарда егіннің жатып қалуына ықпал етті.
Жалпы маусым мен шілдеде жылы тиімді температураның жеткіліксіздігі байқалды. Бұл дәнді, майлы және дәнді бұршақты дақылдардың өсіп-жетілуінің тоқтауына әкеп соқтырды. 5 тамыздағы жағдай бойынша солтүстік және шығыс өңірлерде дәнді дақылдар егістіктері негізінде гүлдену, сүтті және сүтті-балауыз пісу кезеңінде.
Анықтама: жалпы солтүстік және шығыс өңір облыстарында: дәнді дақылдар егістіктерінің 1,9 % масақтану кезеңінде, 50,3 % – гүлдену кезеңінде, 36,4 % – сүтті пісу кезеңінде, 10,6 % – сүтті-балауыз пісу кезеңінде, 0,8 % – балауыз пісу кезеңінде, 0,02 %- толық пісу кезеңінде.
Себу мерзімдеріне қарай егіннің дамып-жетілуінің созылуы жауын-шашын норма шегінде болған өңірлерде 5-7 күнді, жауын-шашын нормадан 2-3 есе жоғары болған өңірлерде – 7-10 күнді құрайды.
Осыны ескере отырып, тамызда ауа-райы орташа көпжылдық деңгейде болса егістің дамып-жетілуінің тежелуі сақталады және жаппай егін жинаудың басталуын қыркүйектің бірінші онкүндігінде күту қажет. Егер тамызда ауа райы ыстық болса, жаппай егін жинаудың басталуы тамыздың соңында күтуге болады.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша тамызда ауа температурасы көп өңірлерде нормадан жоғары және шамасында, ал жауын-шашын мөлшері – норма шамасында және төмен күтілуде.

 

 

 

 

 

 

 

3,4-слайд

 

 

 

Егін жинау жұмыстарын қаржыландыру
Егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді бюджет қаражаты және ҚазАгро Ұлттық холдингінің қаржы институттарының қаражаты есебінен қаржыландыру бойынша шаралар қабылданды.
Жалпы ағымдағы жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға ҚазАгро Холдингі бюджеттік кредит қаражатынан 60,0 млрд. теңге, оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы – 36,0 млрд.теңге, «Азық-түлiк корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы – 15,4 млрд. теңге және екінші деңгейлі банктер арқылы – 8,6 млрд. теңге бағыттады. 1 тамыздағы жағдай бойынша жалпы сомасы 58,9 млрд. теңгеге 2567 АӨК субъектісі қаржыландырылды.

 

5-слайд
2016 жылғы егін жинау жұмыстарын қаржылан-дыру

Егін жинау барысы
10 тамыздағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері республиканың 7 облысында  (Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан) 732 мың гектар немесе аталған облыстардың жинау алқабының 32%-нан дәнді дақылдар жиналып, 1590 мың тонна астық бастырылды, түсімділік 21,7 ц/гектар болды, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 4,5 ц/гектарға артық. Оңтүстік өңір бойынша астық жинау тамыздың үшінші ондығының басында аяқталады, егін жинау бойынша  проблема жоқ.

 

 

6-слайд
Егін жинау барысы туралы

Жанар-жағармай материалдарымен және техникамен қамтамасыз ету
Республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ағымдағы жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынына қажеттілігі 391,6 мың тоннаны құрайды. Бұл қажеттілік толық көлемде бар.
10 тамыздағы жағдай бойынша Энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп бекіткен МӨЗ-ге облыстарды бекіту кестесі бойынша жеткізушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 126 мың тонна (жоспарлаған көлемнің 32 %-ы) дизель отынын тиеп жөнелтті.
Өңірлердегі арзандатылған дизель отынының 1 литрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орта есеппен 92 теңгені құрайды (жанармай станцияларында 1 литрі 108 теңге), бұл нарықтық бағадан 15 %-ға арзан.
Ағымдағы мерзімнің қалыптан тыс ауа райы жағдайларын (жауын-шашынның көп болуы), күтіліп отырған жоғары өнімділікті және болжанатын ылғал астық көлемінің көп болуын ескере отырып, астықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар жүргізу қажет етілуі мүмкін. Осыған байланысты Энергетика министрлігіне астықты кептіру үшін ағымдағы жылғы қыркүйек-қараша кезеңіне қосымша 60,8 мың тонна дизель отынын бөлуді сұрау туралы өтінішпен хат жолданды.
Бұдан басқа, қолдағы ақпарат бойынша егін жинау жұмыстарының қауырт шағында (тамыз-қыркүйекте) 2 МӨЗ (Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары) жөндеуге тоқтату жоспарланған.
Министрліктің дизель отынын жеткізудегі кідірістерге алаңдауына Энергетика министрлігі жоспарланған көлемдерді жеткізетіндігіне кепілдік беретінін растады.
Республикада жалпы ауыл шаруашылығы техникасын дайындау жоспарлы режимде жүргізілуде, дайындық қарқыны өткен жылдар деңгейінде.
Егін жинау науқанына дәнді дақылдар алаңының 70%-ынан астамын
(11 млн. гектар) жинайтын 14 мың бірлік өнімділігі жоғары астық жинайтын комбайндар қатысады.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды ынталандыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін арзандату бағдарламасын іске асыруда.
Аталған бағдарламаны іске асыруға 6,9 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте, жылына 19%-дан аспайтын (оның 7%-ы республикалық бюджет есебінен субсидияланады) сыйақы мөлшерлемесімен ауыл шаруашылығы техникасының лизингін субсидиялау көзделеді.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдан бастап бірінші рет ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде инвестициялық субсидия төлеу көзделіп отыр (субсидиялар нормативі техника құнының 25%-ын құрайды).

 

7-слайд
Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынын тиеп жөнелту

 

 

 

 

 

 

 

8-слайд
Егін жинау техникасы дайындығы

 

Астық сақтау орындарының астық қабылдауға дайындығы
Қазіргі таңда республикада жалпы сақтау сыйымдылығы шамамен 13,8 млн. тоннаны құрайтын 204 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 12,8 млн. тонна астыққа сақтау сыйымдылығы бар. Осылайша, қолда бар астық сақтау сыйымдылықтарының жалпы көлемі 26,6 млн. тоннаны құрайды, бұл күтіліп отырған жаңа егін астығын есепке алғанда, астық сақтауға жеткілікті.
1 шілдедегі жағдай бойынша республиканың астық қабылдау кәсіпорындарында 1,6 млн. тоннадан астам астық (жүктелуі – 11,6%), оның ішінде дәнді дақылдар егетін негізгі үш облыстың астық қабылдау кәсіпорындарында 1,4 млн. тонна астық (жүктелуі – 12,3%) сақталуда (Ақмола облысы – 536,5 мың тонна, Қостанай облысы – 391,5 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысы – 488,6 мың тонна).
Астық қабылдау кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын жаңа егін астығын қабылдауға дайындау жұмыстары жоспарлы тәртіпте жүргізілуде.

 

9-слайд
Астық сақтау сыйымды-лықтарының бар-жоғы

 

 

 

 

10-слайд
Астық қабылдау кәсіпорындарының дайындығы

Фитосанитариялық жағдай
Қазіргі кезде дәнді дақылдар ауруларына (тат және септориоз) қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. 1 тамыздағы жағдай бойынша 7,0 млн. гектар алқап зерттеп қаралды, өңдеуге жататын алқап 2,3 млн. гектарды құрайды, 2,1 млн. гектар алқап өңделді.

 

11-слайд
Аурулар мен зиянкестерге қарсы егістерді өңдеу

Жемшөп дайындау барысы
5 тамыздағы жағдай бойынша шамамен 15 млн. тонна пішен дайындалды (өткен жылғы деңгейден 206 мың тоннаға көп). Бұдан басқа, 411 мың тонна шырынды жемшөп дайындалды.

Назарларыңызға рахмет!

 

12-слайд
Жемшөп дайындау барысы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus