Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Үкімет отырысына Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі А. Евниевтің баяндамасы

ҚР Үкімет отырысына Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі А. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты аясында Министрлік ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда Бағдарламаның қатысушыларына, бизнес жобаларды іске асырушы немесе іске асыруды жоспарлайтындарға кредит/микрокредит беру бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін 2018 жылы республикалық бюджеттен кредиттік бюджетке 44,7 млрд.тенге, оның ішінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» төртінші бастамасын іске асыру аясында 13,9 млрд.теңге көлемінде қарастырылған.
Көзделген қаражаттан 11 000 микрокредиттер беру жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың 2 шілдесіндегі жағдайға байланысты 2 486 микрокредит бере отырып, Республика бойынша игеру 8,9 млрд.теңгені (20%) құрайды, соның ішінде:
4,9 млрд.тенге сомасына 1 427 стартап жоба;
0,6 млрд. теңге соммасына 78 зәкірлік кооперациялық жоба;
2,4 млрд. теңгеге Бастау Бизнес бойынша
720 жоба,оның ішінде оқылғандары 2017 жылы – 1,1 млрд.теңгеге 331 жоба.
Анықтама үшін:
Қаржыландыру а.ж. мамыр айының ортасында басталуына және Бағдарламаға еңгізілген өзгерістерге байланысты кредиттеу шарттары қайта қаралды.
Сондай-ақ, Министрлік «Еңбек» Бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге бизнес жүргізуді оқыту үшін «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыруда.
2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде
30 000 өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды және жұмыссыздарды оқыту жоспарымен республикалық бюджеттен 1,2 млрд.теңге қаралған, соның ішінде кемінде
6 000 қатысушы (20% оқытылған) бизнесін кеңейту керек немесе ашу керек.
Кәзіргі уақытта 2 ағын шеңберінде оқыту 160 аймақта іске асты.
Екі ағын шеңберінде 12 645 жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтығандар оқудан отті, оның ішінде бизнес-жобаны облыстық комиссияның алдында 9 049 қорғады.
3 ағын – оқуды бастауда.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, ауыл тұрғындарын шағын несиелеу және «Бастау Бизнес» оқыту жобасы аясында белгіленген жоспарларға сәйкес жалғасатын болады.

Назарларыңызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved