Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниевтің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнінде» туралы баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниевтің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнінде» туралы баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет отырысына қатысушылар!

Ең алдымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының ағымдағы жағдайы туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұтыну бағасының индексі орта есеппен 100,7% құрады.
Жалпы алғанда жылдың басынан бері республика бойынша барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының шамалы өсуі байқалады. Ең жоғары бағалардың өсуі қант бойынша – 17,6%, күріш –11,3%, қырыққабат – 8,6%. Сонымен бірге, кейбір тауарлар түрлері бойынша бағалардың төмендеуі байқалады. Олар қарақұмық жармасы – 27,2%, картоп – 22,3% және пияз –16%-ға.
Өңірлер кескінінде жалпы барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының ең жоғары өсуі Түркістан –4,7%, Шымкент – 4,5%, Жезқазған – 3,7% қалаларында байқалды. Алматы, Ақтау, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Семей қалаларында 1%-ға дейін бағалардың төмендеуі байқалады.
Көкөніс өнімдерінің бағалары ауытқуының негізгі себебі өндірістің маусымдылығы болып табылады. Онымен қоса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың шамалы өсуі ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты. Одан бөлек, азық-түлік тауарларына бағалардың өсуіне өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер ететін тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың өсуі әсер етеді. Мысалы, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында дизель отынына бағалардың өсуі – 17,2%, электр энергиясына– 3,5%, жылу – 3,5%, газбен қамтамыздау–4,8%, қоқыс шығару – 3,0%, суық су– 4,4%, кәріз желісі– 3,2% болды.
Ауыл шаруашылығы министрлігімен, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қаласының әкімдіктермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатымен нақты шаралар қолданылуда.
Өңірлерде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру жүргізіледі. 2018 жылдың 20 қыркүйегіндегі жағдай бойынша тұрақтандыру қорларындағы тауарлық интервенциялар жүргізуге арналған қор 4,5 мың тоннаны, алмастыруға берілгендер және жауапты сақтауға берілгендер – 3,8 мың тоннаны құрады. Қолда бар 4,5 мың тоннаның – 2,16 мың тоннасы қант, 0,71 мың тоннасы – күнбағыс майы, 0,67 мың тоннасы – 1 сұрыптағы бидай ұны, 0,577 мың тоннасы – қарақұмық жармасы және 0,354 мың тоннасы – макарон өнімдері.
Сонымен қатар, ӘКК есеп-шоттарында 5,1 млрд. теңге қаражат бар. Қаражаттардың ең көп мөлшері Астана қаласында – 1 553 млн. теңге, Түркістан облысында – 727 млн. теңге, Алматы қаласында – 363 млн.теңге, Қостанай облысында – 373 млн.теңге және Жамбыл облысында – 390 млн.теңге.
Қант төңірегіндегі қалыптасқан жағдайға байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігімен қолда бар қаражаттарды өңірлерге 10 мың тоннаға дейін қант сатып алуға жұмсау ұсынылады.
Сонымен қатар, Министрлікпен, қант бағасын тұрақтандырудың жүйелік шарасы ретінде, отандық қант өндірісін дамыту бойынша салалық бағдарлама әзірленуде, онда егістік алаңдарын кеңейту, қант қызылшасының тұқымын дамыту және шығымын көбейту, қант қызылшасын өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жәрдемдесу және отандық қызылша шикізатынан қант өндіру зауыттарын салуды ынталандыру сияқты шаралар көзделеді.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін әкімдіктерге келесі шараларды қолдану ұсынылады:
Бірінші. Қазіргі кезде егін жинау науқанына байланысты және көкөніс өнімдерінің бағасының төмендігін ескере, тұрақтандыру қорларын көкөніс өнімдерімен толықтырылу қамтамасыз етілсін.
Екінші. Қолда бар сақтау қуаттарының техникалық мүмкіндіктерінің талдауына сәйкес, тұрақтандыру қорларына сатып алынған өнімнің тиісті сақталуын қамтамасыз ету қолға алынсын.
Үшінші. Тұрақтандыру қорларына ұсынылған көлемдегі қанттың сатып алынуы және сақтауға салынуы жеделдетілсін.
Төртінші: Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру штабтарының жұмысы жандандырылсын.

Назарларыңызға рахмет!

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
бағаларды тұрақтандыру жөнінде

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved