Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниевтің «Бес әлеуметтік бастаманы орындау барысы» туралы баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниевтің «Бес әлеуметтік бастаманы орындау барысы» туралы баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет отырысына қатысушылар!

Министрлік «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «ҚазАгро» еншілес компаниялары арқылы ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыру үшін несиелер/микрокредиттер беру жұмыстары жүргізеді.
Осы мақсаттар үшін 2018 жылы 44,7 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді, соның ішінде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» төрт бастамасы бойынша 13,9 млрд. теңге қосымша қаржы бөлінді.
Анықтама үшін: Төртінші бастама: Шағын несие беруді көбейту «…2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырамын. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.»
Бюджеттік несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және (МҚҰ және КС одан әрі қаржыландыру үшін) және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арасында (тікелей кредиттеу үшін) үлестіріп облыстардың әкімдіктеріне бөлінеді.
Несие жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, бастауыш кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылық кооперативтеріне, зәкірлі қауымдастығы мүшелеріне беріледі.
Анықтама: Зәкірлі қауымдастық ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту және өнімдерді сатуды қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің ірі және жүйелік ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен шағын және орта кәсіпорындардың серіктестігі болып табылады.
Несие/микрокредиттің максималды сомасы: Зәкірлі қауымдастық дамыту үшін – 5 мың АЕК (12 млн. теңге); басқа салаларда – 2,5 мың АЕК-ке (6 млн. теңге) дейін құрайды;
Несие мерзімі – 7 жылға дейін; сыйақы мөлшерлемесі – жылына 6% аспайды.
Берілген микрокредиттердің кепілдік қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін олардың жартылай кепілдік шаралары қарастырылған. «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілгер болып табылады.
Кепілдік сомасы микрокредиттің көлемінен 85% -ға дейін құрайды. Қарыз алушыларға кепілдік тегін беріледі.
Анықтама үшін: ұсынған кепілдіктер бойынша берілген әкімдіктер кепілдіктердінен (жергілікті бюджет шоты арқылы) 30% комиссиялық сыйақы әкімдіктермен төленеді.
Айта кету керек, «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдіктері микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктер арқылы берілетін қарыздарға беріледі. «АШҚҚҚ» АҚ несиелеріне кепілдіктер берілмейді.
Жоғарыда айтып өткенімдей, қарыз алушыларды қаржыландыруы, микроқаржы мекемелері (бұдан әрі – МҚҰ) арқылыда жүзеге асырылады. Осыған байланысты соңғы қарыз алушыға пайыздық мөлшерлемені жылына 6% дейін төмендету үшін МҚҰ операциялық шығындарын субсидиялауға арналған құрал енгізілді. Субсидияның мөлшері МҚҰ шығарған микроқаржыландыру заемдарының көлемінің 10% құрайды.
Анықтама үшін: бағдарламаның есебінен берілген микрокредиттер көлемінің 10% мөлшерінде («АНҚ» АҚ-дан алынған қаражаттарды қаржыландыру) толық игеру нəтижелері бойынша жылдың соңында біржолғы грантпен МҚҰ қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, Министрлік «Екбек» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге бизнес дағдыларын үйрету бойынша «Бастау-Бизнес» жобасын жүзеге асырады. Оқу құны тегін, оқу кезінде стипендия беріледі.
Анықтама үшін: іріктеуден өткен (тестілеуден өткен) қатысушылар 1 ай бойы білім алады, бір реттік стипендия мөлшері 16 759 теңгені құрайды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы оқытуды жүргізеді.
2018 жылы бөлінген қаражат есебінен 11 000 микрокредит беру жоспарланып отыр, оның ішінде 2200 жаңа. 30 000-ға жуық бастаушы кәсіпкерлерді оқыту жоспарлануда, ал олардың кем дегенде 6000-ы (20%) кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін микрокредит берілетін болады.
Ағымдағы жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша, 8 113 микрокредит (немесе жоспарланған көрсеткіштен 74%) беріліп, Республика бойынша игеру 28,6 млрд. теңгені (немесе 64%) қүрайды,
Анықтама үшін: биылғы жылдың мамыр айының ортасында қаржыландыру басталды, себебі «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер еңгізілді, яғни несие шарттарын өзгертуге уақытты жұмсалды. Қаражатты игеру нақты мерзімі 5 ай.
6 154 стартап жобасын іске асыру үшін 20,0 млрд. теңгені құрайтын кредиттер берілді (жоспарланған көрсеткіштен 279%).
19 382 адам (жоспарланған көрсеткіштен 65%) оқытудан өтті. Оның ішінде 4 149 адам 14,0 млрд. теңге сомасында микрокредиттер алды.
Анықтама үшін: 2018 жылы несие алған 4149 адамдардан:
– 2017 жылы 883 адам оқытылды (3,1 млрд. теңге);
– Биылғы жылы 3 266 адам (11,0 млрд. теңге) оқытылды.
883,4 млн. теңге микрокредиттер сомасына 280 кепілдеме берілді (берілген кепілдіктер бойынша жоспарланған көрсеткіші – 290 бірлік, бүгінгі күнге орындау – 97%)
Қазіргі уақытта несиелерге өтінімдердің басым бөлігі кредиттеу ұйымдарында қаралуда. Жыл аяғына дейін барлық қаражат бөлінеді, жоспарланған көрсеткіштер орындалады.
Анықтама алу үшін: 2017 жылы микрокредит беруге 27,1 млрд. теңге бөлінген, олар толығымен игерілді. 3,3 мың микрокредит жоспарлы көрсеткіште, орындау 6 791 микркредит немесе 206 %. 3 966 стартап жобаларды іске асыруға 15,2 млрд. теңге берілген, 981,0 млн. теңге сомасында 248 кепілдік шығарылды.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, ауыл тұрғындарын микрокредиттеу және «Бастау-Бизнес» жобасының аясында оқыту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved