Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің «Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін дамыту туралы» ҚР Үкіметі отырысына баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А.Қ. Евниевтің «Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін дамыту туралы» ҚР Үкіметі отырысына баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті жиналысқа қатысушылар!

Ауыл шаруашылығы министрлігі Өңірлердің дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – Бағдарлама) топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша қатысады.
(№1 Слайд) 2011-2017 жылдарда топтық су құбырларын салуға және қайта жаңартуға 70 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлінді, нәтижесінде 44 объекті пайдалануға енгізілді, 693,6 мың адам халық санымен 240 ауылдық елді мекендерде (бұдан әрі – АЕМ) сумен жабдықтау жақсартылды.
А.ж. топтық су құбырлары бойынша 15 жобаны іске асыруға 15 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 8 жоба аяқталатын болады. Нәтижесінде халық саны 148 мың адам тұратын 40 АЕМ (Ақтөбе, БҚО, СҚО, Қарағанды және Қызылорда облыстарында) және 3 қалада (Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал) сумен жабдықтау жақсартылатын болады.
(№2 Слайд) Бағдарламаны іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, Бағдарламаның мақсатты көрсеткіштерге жетудің тежеуші факторлері бар. Оның бірі елді мекендерді сумен жабдықтау саласындағы функциялардың бытыраңқылығы болып табылады.
Мысалға топтық су құбыры салынған кезде, ауылішілік желілер дайын болмайтын жағдайлар туындалуда, яғни сол бөлімдердің бірі тоқтап қалғанда, халық құрылыс аяқталғаннан кейін бірден ауыз суға қол жеткізе алмайды. Аталған фактілер Павлодар облысында (Беловод, Май) және СҚО (Соколов, 2-кезек) бар.
Анықтама: 2017 жылы Павлодар облысында топтық су құбыры пайдалануға берілген болатын, алайда аталған топтық су құбыры АЕМ кентішілік су жүйелерінің дайын болмауына байланысты халыққа су тарату пункті арқылы беріліп отыр, яғни толық жобалық күшінде жұмыс істемеуде.
Ұқсас жағдай а.ж. іске асырылып бастаған «Май топтық су құбырын реконструкциялау, 2 кезек» жобасын іске асыру кезінде де орын алуы мүмкін, өз кезегінде кентішілік жүйелерін салуға бюджеттен қаражат қаралмаған.
Сонымен қатар, ағымдағы жылда «Соколов топтық су құбырын реконструкциялау» жобасын пайдалануға беру жоспарлануда. Алайда кентішілік жүйелерді реконструкциялау жобасы (СҚО Соколов топтық су құбырын реконструкциялау, 2 кезек) ағымдағы жылда іске асырылып басталатын болады. Жобаның сметалық құнының үлкен болуына ескере (6,7 млрд. теңге) құрылыс 3-4 жыл жүргізілуі мүмкін, яғни 4,6 млрд.теңгеге салынған объект кентішілік жүйелердің (кентішілік жүйелер 60-70 жылдары салынған) дайын болмауына байланысты толық күшінде жұмыс істей алмайды.
Осыған орай, 2017 жылдың қараша айында Сіздің төрағалық етуіңізбен елді мекендерді сумен жабдықтаудың проблемалық мәселелері қаралды және бізге басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АЕМ сумен жабдықтау бойынша функцияларды бірыңғай уәкілетті органға беру бойынша мәселесін пысықтау тапсырылды.
(№3 Слайд) Бүгінгі күні аталған мәселелер жергілікті атқарушы органдар мен инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп пысықталуда.
Қорытындысында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, облыс әкімдіктердің бірлесіп жүргізген жұмыстарының арқасында алға қойылған міндеттерді тиісті деңгейде және белгіленген мерзімде іске асыру мүмкін деп санаймын.

Назарларыңызға рахмет!

Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін дамыту туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved