Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Мәжілістегі Үкімет сағаты “ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы Министрі Ө.Е. Шөкеевтің баяндамасы” 13.06.2018 ж

Мәжілістегі Үкімет сағаты “ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы Министрі Ө.Е. Шөкеевтің баяндамасы” 13.06.2018 ж

Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы!
Құрметті депутаттар!

Сіздерге қарауға ұсынылған «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) арасында Қазақстан Республикасында байланыс және әріптестік жөніндегі Бюро құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) Байланыс және әріптестік жөніндегі бюросы форматындағы өкілдігін құруды көздейді.
Егер жалпы ФАО туралы айтар болсақ, ФАО – аштыққа қарсы күрес жөніндегі халықаралық әрекеттерді басқаратын Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесінің агенттігі. Ол 194 мүше мемлекеттерден, 2 қауымдасқан ұйымнан және Еуропалық Одақтан тұрады. ФАО штаб-пәтері Римде (Италия) орналасқан. Шығыс Еуропа, Орталық Азия және ТМД аймағы ФАО-ның Будапешттегі аймақтық кеңсесінен басқарылады. Қазақстан мен ФАО арасындағы әріптестік 1997 жылы ФАО-ға мүше болғаннан бері дамып келеді.
Бүгінге дейін ФАО Қазақстанда жалпы гранттық қаржыландыру сомасы 65,5 млн долларды құрайтын 70-тен астам жобаларды жүзеге асырды. Оның үстіне, 2018-2019 жылдары ФАО құны 130 млн. долларды құрайтын тағы 7 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.
Қазақстанның агроөнеркәсіптік саясат, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және мал шаруашылығын дамыту, жер және су ресурстарын тұрақты басқару және оларды жоспарлау, орман және балық шаруашылығын дамыту саласындағы әлеуетін құру және арттыру мақсатында Қазақстан Үкіметі Байланыс және серіктестік бюросының форматында ФАО өкілдігін ашуды жоспарлап отыр.
Әлемде осындай Бюро тек 5 елде бар (Мексикада, Әзірбайжанда, Камерунда, Экваториялық Гвинеяда, Кот-д’Ивуарда). Бұл ретте, келешекте (1-2 жылда) егер жобалар сәтті іске асырылса, Бюроны субаймақтық бөлімшеге айналдыру мүмкіндігі бар (қазіргі кезде ФАО-ның Орталық Азия елдеріне арналған субөңірлік бөлімшесі Анкарада, Түркияда орналасқан)
Бұл Бюро уәкілетті мемлекеттік органдардың жақындығын ескеріп, агроөнеркәсіптік кешен саласында күнделікті тығыз жұмыс жүргізу үшін Астана қаласында орналасатын болады. Сондай-ақ, БҰҰ ұйымдарының Хабын құру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының шеңберінде келешекте Алматы қаласында филиал ашылуы жоспарланған. Бюроның жалпы штаттық бірлігі елде іске асырылып жатқан жобалар санына байланысты 20 қызметкерді құрайды, оның ішінде жергілікті эксперттер мен шетелдік мамандар, сондай-ақ, техникалық персонал болады.
Бюроның басшысын ФАО Үкіметпен келісе отырып тағайындайды және ол халықаралық негізде таңдалады. Басшының уәкілетті орынбасары Қазақстан резиденті болады.
Үкіметтің Бюроға қосатын үлесі – тегін берілетін тиісті үй-жай, офистік жабдық және операциялық шығындарға арналған 300 мың доллар көлеміндегі жылдық жарна болып табылады. Бұл шығындар Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Сыртқы істер министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджетінде көзделген.
Сондай-ақ, ФАО-ның сарапшылырын агроөнеркәсіптік кешендегі ғылыми зерртеу жұмыстарына тарту арқылы Әріптестік бағдарламалар шеңберіндегі жобаларды бірлесіп қаржыландыру (2 млн долл) қамтамасыз етіледі, ол жылына 20 млн доллардан кем емес қаражат тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстандағы Бюроның ашылуы Қазақстанға келесі артықшылықтарды алуға мүмкіндік береді:
1. Саяси артықшылықтар: Ауыл шаруашылығында және азық-түлік өндірісінде жоғары әлеуеті бар мемлекет ретінде Қазақстанның беделін арттыру; өңірлік және жаһандық деңгейде ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттары бойынша жаһандық диалогқа Қазақстанның белсенді қатысуы.
2. Әлеуметтік-экономикалық артықшылықтар: ФАО азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы көп салалы тәжірибе, білімі мен тәжірибесі бар. Үздік халықаралық инновациялық тәжірибелер мен ғаламдық стандарттарды ұлттық және аймақтық білім мен тәжірибемен біріктіре отырып, ФАО аграрлық саясат, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығын дамыту, жер және су ресурстарын тұрақты басқару, жоспарлау, орман және балық шаруашылығын дамыту саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға және дамытуға ықпал етеді.
3. Қаржылық артықшылықтыр: Бұл қадам аграрлық секторды жеделдетіп модернизациялау және оның тиімділігін арттыру үшін айтарлықтай пайда әкеледі. Қазіргі таңда ФАО гранттық қаржыландыру көлемі 65,5 млн. АҚШ долларынан асатын 70-тен астам жобаны жүзеге асырды. Бұдан басқа, ФАО 2018-2019 жылдары жалпы сомасы 130 млн. АҚШ долларын құрайтын жеті жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.
Осылайша, Қазақстандағы Бюроның ашылуы Қазақстан мен ФАО арасындағы ынтымақтастықты дамытуда және осы Ұйымның бастамаларына Қазақстанның қатысуын арттыруда маңызды қадам болады.

Қолдауларыңызды сұраймыз.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved