Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниевтің «Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру» туралы баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниевтің «Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру» туралы баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет отырысына қатысушылар!

1 Слайд. «Е-АӨК» бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша АӨК-де 5 жыл ішінде еңбек өнімділігінің артуы және қайта өңделген ауыл шарушылық өнімдерінің экспорты кемінде 2,5 есеге өсуі көп дәрежеде АӨК-нің цифрландыру есебінен қамтамасыз етіледі.
АӨК-ні цифрландыру аясында бүкіл Республика бойынша кем дегенде 20 цифрлық ферма және 4000 ілгері фермалар құрылады және процестер мен мемлекеттік қызметтерді 100%-дық автоматтандыру қамтамасыз етіледі.
Цифрландыру фермер және оның қызметін басынан бастап сатуға дейін жеңілдетуге бағытталады.
2 Слайд. Әлемдік тәжірибе
Канада, Түркия, Австралия, Германия, АҚШ сияқты елдердің тәжірибесі мемлекеттің фермер қызметінің әр кезеңінде жағдай жасайтынын көрсетеді.
Мысалы, Түркияда фермерлерді тіркеу жүйесі бар (2 млн фермер тіркелген). Онда жеңілдетілген қаржыландыру мен мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алуға болады.
АӨК-ні цифрландыру аясында жылдам онлайн-қарыз беру, ауа райын талдау және болжамдау, өсімдік өнімін жоспарлау, баға мониторингі және т.б. туралы жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін пайдалану жоспарлануда.
Енді, кезеңдерге егжей-тегжейлі тоқталсақ.
3 Слайд. Бастау
Бастау кезеңінде фермердің ақпарат жинау, кеңес алу, оқыту және т.б. кезіндегі кедергілер автоматтандыру арқылы шешілетін болады.
4 Слайд. Онлайн-оқыту және онлайн-кеңес беру
• онлайн-оқытуды дамыту фермерге «Uber» үлгісі мысалында мұғалімдерді, курстарды оқу орталығына келмей-ақ таңдауға мүмкіндік береді де, фермерлердің уақытын және көліктік шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
2020 жылдан бастап жеке IT-компанияларды тарта отырып, онлайн оқытуды бастау жоспарлануда.
• онлайн-кеңес беруді енгізу фермерге кәсіпкерлік, фермерлік шаруашылық, агрономия, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және басқалар бойынша қажетті кеңестер алуға мүмкіндік береді және мамандарды іздеу мен тарту шығындарын азайтады.
С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университеті пилоттық режимде АӨК-нің 200 субъектісіне ақысыз негізде тегін қашықтықтан кеңес берілді.
Интернетте кеңес берудің іске қосылуы 2020 жылдан бастап IT-компанияларды тарту арқылы толығымен іске асырылатын болады.
5 Слайд. Онлайн-несиелендіру және жерді беру үдерісін автоматтандыру
• Онлайн-несиелендіру арқылы несиелер мен кепілдіктерге арналған өтінімді автоматтандыру жүргізілді. Бұл фермерлердің жол жүру шығындарын азайтуға және өтінімді уақытында қарауды бақылауға мүмкіндік берді.
2019 жылы онлайн-несиелендіру бойынша пилотты жоба өткізу жоспарлануда, 2021 жылы процестің толық автоматтандырылуы және көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу кезінде бір рет шерту арқылы онлайн-несиелендіру жүргізілетін болады.
• бүгінгі күні аукциондар мен сауда-саттықта жерді алу процесі автоматтандырылылмаған және жер учаскелерінің ашық картасы жоқ. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін жеке облыстарда пилоттық режимде жер телімдерін тек қана электронды түрде беру жоспарлануда, ал 2021 жылдан бастап процесті толығымен бастау көзделуде. 2019 жылдың соңына дейін жер телімдерінің ашық картасын жасау жоспарланып отыр.
6 Слайд. Өндіріс
Өндіріс кезеңінде фермерге субсидия алу, агрохимиялық талдау, ғарыштық мониторинг, нақты метео деректер және т.б, кезінде кездесетін кедергілер де автоматтандыру арқылы шешілетін болады.
7 Слайд. Нақты егіншілік және смарт-фермалар
• Нақты егіншілік элементінің бірі болып табылатын танаптардың электронды карталарын құру аясында 23,7 миллион гектар жер немесе егістіктің жалпы ауданының 98,8% цифрландырылған. Жылдың соңына дейін егістік жерлерді толық цифрландыруды аяқтау жоспарлануда.
• Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы 9 пилоттық шаруашылықта нақты егіншілікті қолдануды талдау үшін Қазақ агротехникалық университеті: техниканың мүмкіндерін текседі, тыңайтқыштарды дифференциалды енгізуді іске асырды, электронды өріс картасын құрды, топырақтың агрохимиялық талдауын өткізді, егістіктердің арамшөп басу карталарын құрастырды. Бұл туралы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры толық айтып береді.
• Қарағанды мен Ақмола облыстарындағы 2 шаруашылықта метеостанциялар көмегімен америкалық «Data Transmission Network» жасаған ауа райын дәл болжау пилоттық жобасы қорытындысы бойынша оларды пайдалану туралы ұсыныстар енгізу жоспарланып отыр. Ауа-райының көрсеткіштері 10-нан астам параметрлер бойынша жүргізіледі (жауын-шашынның ықтималдылығы, шық нүктесі және т.б.).
• Фермерлерді жаңа технологияларды қолдануға үйрету «Каскелен» агропаркі, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы, «Заречный» ЖШС және Қазақ Ұлттық аграрлық университетіндегі нақты егістік полигондарының негізінде жүргізілуде.
• жылдың аяғына дейін нақты шаруа қожалықтары анықталып, оларды ет және сүт бағытындағы цифрлық фермалар деңгейіне дейін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Ағымдағы жылдың аяғына дейін жайылымдардың электрондық карталарын жасау жоспарланып отыр.
8 Слайд. Нақты ауыл шаруашылығы элементтері
Нақты ауыл шаруашылығын енгізу аясында фермалардың 3 деңгейі анықталды: цифрлық ферма, ілгері ферма және базалық ферма. Олар үшін қажетті элементтер жиынтығы белгіленген.
Бұдан кейінгі жұмыс, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы фермерлердің өз деңгейін жоғарылатуға бағытталатын болады.
9 Слайд. Шаруашылықтардың цифрлы фермаға жету «эволюциясы»
Базалық деңгейге Е-АПК бағдарламасы аясында барлық егістік алқаптарды цифрландыру және топырақтың агрохимиялық карталарын өзектендіру арқылы қол жеткізіліп отыр.
Бұдан кейін базалық деңгейдің мақсаты – ілгеріге өту, ал ілгері ферманікі – цифрлы фермаға айналу.
«Цифрлы эволюцияның» тізбегі бүгінгі түнде әзірленген және фермерлермен қолданыла алады. Технологиялардың дамуына қарай элементтер жиыны толықтырылатын болады.
Слайд 10. Нақты егіншілік. Аймақтар
Бүгінгі таңда әкімдіктердің ақпаратына сүйеніп, «ілгері» және «цифрлы» фермаларға бөле тұра нақты егін шаруашылығын енгізудің ағымдағы жағдайына талдау жүргіздік. Талдау нәтижесінде 114 ілгері және 10 цифрлы ферманың бар екендігі анықталды. Бұл жақсы нәтиже, алайда әкімдіктер мемлекеттік қолдау шаралары арқылы шаруашылықтардың цифрлық дамуына ықпал жасауы тиіс, сондай-ақ 2022 жылға дейін кемінде бір цифрлы ферманы құруы және республика бойынша жалпы саны 200 ілгері ферма құру көрсеткішіне жетуі тиіс.
11,12,13,14 Слайд. Мал шаруашылығындағы смарт-фермаларын дамытудың ұқсас алгоритмі ұсынылады.
15 Слайд. Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруды дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әрекет ету алгоритмі.
Жұмысты жеңілдету мақсатында 5 қадамнан тұратын жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
1. Аймақ аумағындағы цифрланатын шаруашылықтар тізімін құру;
2. Уақытылы ақпараттандыру мен тәжірибе алмасу мақсатында шаруаларды ортақ чатқа қосу;
3. IT-қызметтер мен қондырғылар жеткізушілері арасынан консультаттарды іздеу;
4. Іс-қимыл жоспарын құрастыру;
5. Іс-қимыл жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету.
16 Слайд. Онлайн субсидиялау және E-дизель отыны
• бүгінгі таңда субсидиялаудың 17 бағыты бойынша тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау ағымдағы жылы толық автоматтандырылған. 16 млрд. теңгеге онлайн түрде 19 мың электрондық өтінім берілді. Деректерді тексеру автоматты түрде жүргізілді, қарау мерзімі 1 күнді құрайтын болды.
Жыл аяғына дейін субсидиялаудың қалған бағыттары үшін толық автоматтандыру жүзеге асырылады. Бұл өтініштерді қарастыруды орташа есеппен алғанда 2,5 есеге (18-ден 7 күнге дейін) қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
• жылдың соңына дейін егістік және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын электронды тарату бойынша Павлодар облыстық әкімдігімен бірлесе онлайн-өтінім беру арқылы пилоттық жоба жүзеге асырылады, электрондық келісім-шарт жасасу және жөнелту. Қазірдің өзінде 16 594 тонна дизель отынын жөнелтуге арналған 537 электронды өтінімдер әзірленді.
Жоба фермерлердің шығындарын азайтады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. 2019 жылы жобаны барлық жергілікті атқарушы органда енгізу жоспарланып отыр.
17 Слайд. Кеңістік деректерінің ұлттық инфрақұрылымы және Е-кооперация
• Кеңістік деректерінің ұлттық инфрақұрылымының мақсаттары:
– координаттардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін орнату;
– Қазақстан Республикасы аумағын ашық кеңістік деректерімен 100%-ға қамтамасыз ету;
– орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кеңістік деректерімен алмасуды автоматтандыру;
• Кеңістік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын енгізудің негізгі әсері:
– координаттарды алудың нақтылығын 3-7 см-ден 1 см-ге дейін үлкейту;
– ескірген технологиялармен (СК-42) салыстырғанда еңбек өнімділігінің 3 есе артуы;
– кеңістік деректерінің ашықтығы;
– салалық кеңістік деректері мен кадастрлардың интеграциясы.
• ақпарат жинауды автоматтандыру және деректерді бақылау, нәтижелерді бағалау, кооперативтердің және қатысушылардың рейтингісін жүргізу үшін 2019 жылдың соңына дейін «Е-Кооперация» порталы іске қосылады. Жоба кооперативтер туралы мәліметтер базасын және фермерге кооперативтің қызметін талдау және шығынды азайту үшін мүмкіндік жасайды.
18 Слайд. Өткізу
Өнімдерді өткізу саласында логистика жөнінде ақпараттың болмауы, бос қамбалар мен қоймалардың болмауы, қадағалау жүйесінің болмауы сияқты проблемалық мәселелер автоматтандыруды енгізу арқылы шешілетін болады.
№ 19 Слайд. Электрондық сауда-саттық және өнімдердің қадағалануы
• электрондық сауда-саттық дәнді дақылдарды сатуда жүзеге асты. 2016 жылдан бастап онлайн-сату арқылы 24,6 миллион тонна астық көлемі 1 триллион теңгеге жуық құрады.
Электронды сауда-саттықты дамытуды жоспарлау үшін басымдықды терминалдар, көтерме сауда орталықтары, көлік және логистикалық орталықтарын құрастыру үшін логистика картасы, жасалды.
2022 жылға қарай АӨК өнімдерінің электронды сауданың үлесін 3%-ға дейін жеткізу тікелей сату көлемін кем дегенде 20%-ға арттырады және адал емес жосықсыз делдалдардың тобын шығарып тастайды.
• құжаттамалық қадағалау жүйесін құру ветеринария мен фитосанитарияда кезең-кезеңмен жүзеге асады.
Ағымдағы жылы ел ішінде өнімнің ауысуын бақылау үшін электронды ветеринариялық анықтамалар іске қосылып, ал 2019 жылы электронды ветеринариялық және фитосанитарлық зертханалар, мал сою пункттері, сауда желілері іске қосылмақ.
Қадағалау жүйесі агроөнімнің өмірлік циклінің 100% автоматтандырылуына мүмкіндік береді.
20 Слайд. Электронды астық қолхаттары және зертханалар
• Электронды астық қолхаттары жүйесінде астықтың теңгерімін онлайн-бақылау, астықтың бағасы жөніндегі статистика, нан қабылдау пунктернің рейтингісі енгізілген. Қолдан жасалған астық қолхаты шығарып тасталған және фермерлердің бір жылға 700 млн. теңгеге дейін шығындары азайды.
2018 жылы операциялардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында «блокчейн» технологиясы енгізілді.
• 2019 жылы электронды ветеринариялық және фитосанитарлық зертханалар диагностикалық зерттеулер туралы деректерді талдауға және қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіп кешенінде көптеген процестердің болуына байланысты жоғарыда аталған жобалар толықтырылады.
21 Слайд. Мемлекеттік көрсетілетін қызметердің автоматтандырылуы.
• Фермерлер қызметінің барлық кезеңдерінде мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін автоматтандыру арқылы жеңілдету жоспарлануда.
Бүгінгі күні 101 мемлекеттік қызметтің 61-і ішінара автоматтандырылған және 1-і толық автоматтандырылған. Мемлекеттік қызметтерді таңдау бойынша ведомствоаралық комиссия бекіткен 98 мемлекеттік қызмет оңтайландырылды. Жылдың соңына дейін қалған 3 мемлекеттік қызметті оңтайландыру жоспарлануда.
2018 жылдың соңына дейін 16 мемлекеттік қызметті толық автоматтандыру, ал 2022 жылға дейін барлық мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарланып отыр.
22 Слайд. АӨК-ні цифрландырудың әсері
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жоспарланған іс-шаралар есебінен ішкі жалпы өнім өсімі 3 трлн астам теңгені құрайды. Агроөнеркәсіп кешенін цифрландырудың әсері 30% немесе шамамен 1 трлн теңге болады.

Назарларыңызға рахмет!

Е-АӨК бағдарламасы

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved