Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниевтің «2018 жылдың 10 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттік орындалуы туралы» баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниевтің «2018 жылдың 10 айындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттік орындалуы туралы» баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет отырысына қатысушылар!

• Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 10 айда 102,5%-ды (жоспар – 103,6%) құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 101,6%, мал шаруашылығында – 103,9%.
Республикада астық дақылдарын жинау аяқталды. 15,1 млн. га алқап жиналды (100%). Гектарына 15,1 центнер түсімділікпен 22,8 млн. тонна астық бастырылды.
Жануарлардың негізгі түрлерінің мал басы орта есеппен 5,7%-ға және ет өндірісі – 4%-ға, сүт – 3,4%-ға өсті.
• Тамақ өнімдерінің өндірісі аталған кезеңде 2,8%-ға артты, жылдық жоспар – 5,0%.
Өсімге қарамастан, тамақ өнімдерін өндіру көлемі төмендеген өңірлер де бар, атап айтқанда, бұл көлем Жамбыл облысында 23,6%-ға, Ақтөбе облысында 10,4%-ға және Маңғыстау облысында 3,8%-ға азайған.
• Сусындар өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеген (жылдық жоспар 3,0%).
Өндірістің төмендеуі Қызылорда облысында 43,1%-ды, Шығыс Қазақстан облысында 24,4%-ды, Түркістан облысында 17,1%-ды, Алматы облысында 9,7%-ды, Маңғыстау облысында 9,2%-ды, Ақтөбе облысында 7,4%-ды, Ақмола облысында 5,5%-ды, Алматы қаласында 0,5%-ды құрады.
Әкімдіктердің мәліметі бойынша өндірістің төмендеуінің негізгі себебі тұрғындардың алкогольсіз сусындарға деген сұранысының төмендеуі, сондай-ақ ірі өндірушілер үшін қантты әкелуге нөлдік кеден бажын алып тастау салдарынан шикізаттың (қанттың) қымбаттауы болды.
Республикалық бюджеттің орындалуы
2018 жылы республикалық бюджеттен Министрлікке 355,7 млрд. теңге бөлінді.
Есепті кезеңде (01.11.2018 ж.) жоспар бойынша 309,6 млрд. теңгені игеру қажет болатын. Оның 306,6 млрд. теңгесі немесе жоспардың 99,0%-ы нақты игерілді.

Назарларыңызға рахмет!

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved