Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жобалық Олимп» байқауына қатысуда

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жобалық Олимп» байқауына қатысуда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2009 жылдан бастап басқару қызметін жақсартып, қызметкерлердің және құрылымдардың өзара үйлесімді әрекеттесуін дамытатын және еңбек өнімділігін арттыратын, сондай-ақ, ұсынылатын қызметтердің сапасын жоғарылатуға әлеуетті сапа менеджменті жүйесін енгізуде.

Осы тәжірибе Ауыл шаруашылығы министрлігіне еліміздегі мемлекеттік органдардың арасында алғашқылардың бірі болып, мемлекеттік секторында жобалық қызметті кәсіби басқару жөніндегі «Жобалық Олимп» байқауына қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл байқау жыл сайын Ресей Федерациясының Талдамалық орталығымен ұйымдастырылып отырады және де Ресей мен ТМД мемлекеттерінің мемлекеттік және квазимемлекеттік секторының органдары арасында өтеді.

«Жобалық Олимп» байқауының мақсаты: өз қызметінде жобалық басқарудың тиімді құралдардын белсенді енгізетін барлық деңгейдегі мемлекеттік сектордың мекемелеріне қолдау көрсету; мемлекеттік сектордың жобалық басқару тәжірибесін табу, көрсету, көпшілікке тарату; жобалық және бағдарламалық-мақсатты басқару мүмкіндіктерін пайдалану арқылы мемлекеттік билік органдарының және мемлекеттік сектор мекемелерінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» пилотты сынағын орталық аппаратта өткізу аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы атынан 2016 жылғы «Жобалық Олимп» байқауына қатысу үшін өтініш жолданды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жобалық Олимп» байқауының бірінші айналымынан өтті және байқаудың «Ұйымдар қызметтерінің жобаларын басқару жүйелері» номинациясының ақырғы айналымына қатысу үшін байқаудың Ұйымдастырушы кеңесімен іріктелді.

2016 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласына Вице-президент – СОВНЕТ жобаларымен басқару ассоциация басқармасының мүшесі Ю.Ю. Трубицынның басшылығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жобалық басқару жүйелерін қолданудың ағымдық ахуалдарын үйрену үшін Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Талдау орталығынан сарапшылар келді.

«Жобалық Олимп» байқауының нәтижелері а.ж. 3 қарашада қорытындалады.
Әртүрлі мемлекеттік және инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде жобалық қызметтегі процестерді жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жобалық Олимп» байқауына қатысуы ТМД елдерінің мемлекеттік секторлық мекемелер арасындағы жобалармен сәтті басқару саласында оңтайлы тәжірибемен қатынасуға, өзара ақпарат алмасуға және таратуға мүмкіндік береді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus