Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» ҰКП Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» ҰКП Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов және «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Т.Құлыбаев Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Осы Келісім ұзақ мерзімді және өзара тиімді негізде ҚР АШМ және «Атамекен» ҰКП арасындағы стратегиялық әріптестік пен тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

«Қазақстанның аграрлық секторының үлкен әлеуетін ескере отырып, бұл ынтымақтастық отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға, өндірісін арттыруға және сыртқы нарыққа шығуына ықпал етеді», – деді Вице-Премьер.

АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу сәтінен бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен де, қайта өңдеушілермен де өзара тығыз байланыста екенін атап өткен жөн.

Ынтымақтастық туралы құжатқа қол қою Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі іске асыру үшін жаңа серпін беріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.

«Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Т.А.Құлыбаев қол қойылған Келісім еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтасу мен жұмысты үйлестіруді нығайту базасын құрайды деп атап өтті.

Келісім АӨК-ті дамыту саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру бойынша бірыңғай келісілген ұсыныстарды әзірлеуге, өнім және шикізат экспорты мен импорты мәселелерінде ұстаным қалыптастыруға, ауыл шаруашылығы өнімін тікелей өткізу жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.

Министрлік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, АӨК субъектілерінің ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтеріне бірігуіне ынталандыруға, фитосанитарлық қауіпсіздік, республика аумағын ветеринарлық бақылау мен қадағалау жүйесін жетілдіруге, отандық өнім өндірісінің өсуіне жағдай жасайды.

Сонымен қатар, Келісім аясында АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау әдіс-тәсілдері мен құралдарын жетілдіру, шағын және орта фермерлерді оқыту бағдарламасын іске асыру, техникалық базаны дамыту көзделген.

Сондай-ақ, осы Келісім аясында тараптар мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі 40-тан астам іс-шарадан тұратын бірлескен жоспарға қолдарын қойды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика