Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Мемлекеттік бағдарламасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Баспасөз хабарламасы ҚР АШМ жанындағы Аграрлық саясат жөніндегі кеңесі АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасын талқылады

ҚР АШМ жанындағы Аграрлық саясат жөніндегі кеңесі АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасын талқылады

1-10

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен ҚР АШМ жанынан Аграрлық саясат жөніндегі кеңесіАӨК-ні дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасын талқылады.

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы ел Үкіметіне жыл соңына дейін Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасымен біріктіру арқылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету.

Әзірленіп жатқан Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері: мал шаруашылығының тиімділігін 58%-ға және өсімдік шаруашылығының тиімділігін 40%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 670 мың ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өңдеудің пәрменді жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, АШТӨ-ні барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты іске асыру және органикалық өнімнің қазақстандық брендін жылжыту, 600 мың га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ні мемлекеттік реттеуді жетілдіру болады.

Сонымен қатар, бағдарламаны мемлекеттік форматқа қайта бекіту шеңберінде субсидиялау жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу жоспарланған, бұл қазіргіден де көп мөлшерде мемлекеттік қолдау алушылар шоғырын қамтуға, осылайша, оның тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Аграрлық саясат жөніндегі кеңес өкілдері Бағдарлама тұжырымдамасына енгізу үшін бірқатар ұсынымдар берді.

Анықтамалық: Аграрлық саясат жөніндегі кеңестің басты мақсатыазық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ, ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға ықпал ететін бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен қалыптастыру.

Кеңес құрамына мемлекеттік органдар, салалық одақтар, зерттеу орталықтары, кәсіпорындар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері кірді.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 7172 555 765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus