Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы тауарларын Қытай нарығына шығаруға байланысты брифинг өтті

Ауыл шаруашылығы тауарларын Қытай нарығына шығаруға байланысты брифинг өтті

Ү.ж. 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездескен болатын.

Осы кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономика, инвестиция, көлік-транзит, отын-энергетика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларының кең ауқымды мәселелері қаралған.

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:
– 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөнiндегi комитет құру туралы келiсiмге толықтырулар енгізу туралы хаттама;
– «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларын ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспары;
– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын жылқы тұқымдас жануарлар үшін қойылатын карантин және денсаулығын қорғау талаптары жөніндегі хаттама;
– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Сапаны қадағалау, инспекция және карантин бас басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын соя бұршағы партияларына қойылатын фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттама.

2016 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қытай Халық Республикасының Сапаны, инспекцияны және карантинді қадағалау бас басқармасымен кездесу өткізілген.
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Г.С. Исаева осы екі жақты келісімдер негізінде атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады.

Қазіргі таңда бидай (дәнді дақылдар мен ұн), өсімдік майы (күнбағыс майы, зығыр, мақсары) экпортқа шығарылуда. Соңғы жылдарда экспортқа шығарылған бидай көлемі 4 есеге өскен. 2014/2015 жж. экспортқа шығарылған бидай – 110 мың тоннаны құраса, ал 2015/2016 жж. (2016 жылдың 30 тамыз айындағы жағдайы бойынша) 414 мың тоннаны құрады.

2015 жылдың желтоқсанында қол қойылған Хаттаманың негізінде бидайды қаппен және тиеп тасымалдау мүмкіндігі бар. ҚХР дамыту және реформалар Ұлттық комиссиясымен казақстандық кәсіпорындардың 500 мың тонна көлеміндегі азық-түліктік бидайды алдағы 3 жылда 1 млн. тоннаға дейін жеткізу, сонымен қатар, азық-түліктік емес бидай көлемін 300 мың тоннадан келесі жылға 2,5 млн. тоннаға дейін арттыру үшін экспорттық квота бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

ҚР ветеринарлық қызметтің СИКҚББ өткізген келіссөздер нәтижесінде жеткізушілер тізіміне ҚХР өнімдерін жеткізуге құқығы бар 24 қазақстандық кәсіпорын (ШҚО, ОҚО, Алматы және Қызылорда облыстары) кірді. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 500 тоннадан астам балық өнімдері (көксерке, алабұға, шортан, ақтабан, сазан, мөңке) экспортқа шығарылған. Жыл көлемінде экспорт 2000 тоннаға дейін көтеріледі деп күтілуде.

30 түрлі дәнді дақылдарға фитосанитариялық талаптардан өткізу жайлы келіссөздер жүргізілуде. Айта кететін болсақ, ҚХР үкіметі Қазақстандағы барлық ауыл шаруашылық өнімдерін органикалық өнімдер ретінде қарастыруда.

ҚХР экспорт жасауға рұқсаты бар кәсіпорындарды реестрге енгізу үшін 2-3 кезеңде мал шаруашылығы өнімдері өндірісі мен жекелеген кәсіпорындар жүйесінің инспекциясын бірге жасау бойынша келісімдерге қол жеткізілді. 2016 жылдың қыркүйегінде инспекция жүргізіледі деп күтілуде. А.ж. IV тоқсанында бұл инспекциялар қорытындысы бойынша сиыр және қой етін экспорттау жоспарлануда.

Сондай-ақ, ҚР құс тұмауын бақылау ветеринарлық қызметі аудиті жүргізіледі деп күтілуде. Күтілетін нәтижелер: тауық жұмыртқаларын экспорттауға шектеулерді алып тастау мен рұқсат алу (жылына 2 млн. дана), аяқтар мен бастары, асқазан-қарындары – жылына 10 мың тонна.

30 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ҚХР Сапаны, инспекцияны және карантинді қадағалау бас басқармасы бал өндіру жүйесі және Қазақстанның эпизотикалық қолайлылығын бағалау бойынша инспекция жүргізеді. ШҚО-да 6 омарташылық өнімдерін қайта өңдеу цехтары қаралды. Инспекция қорытындылары бойынша ҚХР нарығына омарташылық өнімдерді өткізуге шектеу алынады деп күтілуде. Қытайға бал экспортының әлеуеті жылына 8 тонна.

Мэй Кебао ҚР АШМ-ның егін шаруашылығы бойынша 30 өтінімінің ҚХР Сапаны, инспекцияны және карантинді қадағалау бас басқармасы тарапынан басымдылық ретімен қаралатынын атап өтті. Яғни, 1 топ – 13 дақыл (арпа, жүгері, өрік, алма, алмұрт, қарбыз, қауын, жем, зығыр, мақсары, күнжіт), 2 топ – 7 дақыл (қызанақ, картоп, сұлы, тары, уыт, қарақұмық, күріш), 3 топ – 10 дақыл (ұзақ мерзімді басымдық – орамжапырақ, қияр, асқабақ, бұрыш, баялды, бадана, бұршақ, маш, ноқат, грек жаңғағы, пісте, орман жаңғағы, бадам).

Өзара қол жеткізілген келісімдер ҚР АШМ мен ҚХР Сапаны, инспекцияны және карантинді қадағалау бас басқармасы арасындағы ынтымақтастықты жандандыра түседі және Қазақстан өнімдерін ҚХР нарығына өткізу үшін қажетті рұқсаттамалар мен хаттамаларды мақұлдаудың мерзімін қысқартады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus