Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына Арман Өтеғұлов тағайындалды.
Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы бастаған.
1989–1996 жылдары БҚО Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарының аға, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1996–1998 жылдары — БҚО Қазталов ауданы «Талдыапан» өндірістік кооперативінің директоры.
1998–2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Қаратөбе, Теректі аудандарында әкім орынбасары, 2013–2014 жылдары — БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс
департаменті

+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved