Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ ветеринарлық бақылау мен қадағалауды күшейтуде

ҚР АШМ ветеринарлық бақылау мен қадағалауды күшейтуде

Бүгін ҚР АШМ өткен брифинг барысында ел аумағында ветеринарлық препараттардың сақталуы мен қолданылуы, бекіре балықтарын аулауға тиым салу, «қытайлық аулау» құралдарын сатуға және тасымалына тыйым салу мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында ветеринарлық препараттардың сақталуы мен қолданылуына, сібір жарасы көмілген жерлер мен мал қорымдары, сойыс пункттеріне тексерістер жүргізілді.

Тексерістер барысында бірқатар олқылықтар анықталып, тиісті шаралар қолданылуда. Атап айтқанда, аса қатерлі ауруларға вакцинация және диагностикалық зерттеулер жүргізу және ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау бойынша іс-қимылдар жоспарлары әзірленді.

Қандай да бір жадағайлықтарға жол бермеу үшін тиісті хаттар облыстар әкімдіктеріне жолданды.

Бұдан бөлек, ҚР АШМ тарапынан жан-жануарлардың тасымалы мен жануарлардан алынатын өнімдерді қадағалау бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Мысалы, ағымдағы уақытта Астана қаласындағы базарларда жалған ветеринарлық анықтамалар сату деректері анықталып отыр.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен шұғыл түрде шара қолдану үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Астана қаласының ішкі істер департаментіне хат жолдады.

Сонымен қатар, Министрлікте Астана қаласының базарлары мен Астана қаласы әкімдігінің ветеринарлық бөлімшелерінің қызметін тексеру үшін комиссия құрылды. Бұл тексерістер ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне тіркелді.

Осыған қоса, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов бекіре балықтарын аулауға тиым салды.

«Бекіре тұқымдас балық түрлерін сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдау мақсатында, сондай-ақ «ғылыми мақсатта аулау сыңайымен» осы балық түрлерін аулауды болдырмау үшін ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2016 жылғы 30 маусымда «Бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға тыйым салу туралы» № 177 бұйрығын қабылдаған болатын, ол Комитеттің барлық аумақтық инспекцияларына жолданды», – деп атап өтті төріағанын орынбасарын міндетін атқарушысы Жүнісов Н.

Аталған шара балық өнімдерінің жасырын айналымына қарсы бағытталған. Себебі, аракідік «ғылыми мақсатта аулануда» деген желеумен балық аулау деректері кездесуде. Осыған байланысты, А.Мырзахметов ел аумағында бекіре балықтарын аулауға тыйым салуға тапсырма берді.

А. Мырзахметовтың тағы бір тапсырмасы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелуге тыйым салынған аулау құралдарына тыйым салу.

Бүгінгі таңда балық шаруашылығы мәселелерінің бірі – моножіптер мен моноталшықтардан жасалған торлар болып отыр. Аталған материалдан жасалған торлар бір рет қолданылған соң іске жарамсыз болып қалады және де балықшылар тарапынан бағасы арзан болғаны себепті ұдайы өзен-көлдерде, суаттарда қалдырылады.

Осы тыйым салынған балық аулау құралдарының еркін саудасына жол бермеу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелуге тыйым салынған су биологиялық ресурстарын олжалау (аулау) құралдарының өткізілуіне (сатылуына тыйым салу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.

Аталған жоба ағымдағы уақытта сауда-саттық саласына өкілетті орган ретінде Ұлттық экономика министрлігіне келісімдеу үшін жолданды.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus