Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін жетілдірмек

ҚР АШМ ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін жетілдірмек

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес ел аумағында ветеринарлық препараттардың сақталуы мен қолданылуына, сібір жарасы көмілген жерлер мен мал қорымдары, сойыс пункттеріне тексерістер жүргізілді.

Жыл басынан бері аса қауіпті аурулардың таралуы деректері анықталды. Айталық, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында сібір жарасының жайылуы деректері тіркелді.

Тексерістер барысында бірқатар олқылықтар анықталып, тиісті шаралар қолданылуда. Атап айтқанда, аса қатерлі ауруларға вакцинация және диагностикалық зерттеулер жүргізу және ауыл шаруашылығы жануарларын идентификациялау бойынша іс-қимылдар жоспарлары әзірленді.

Қандай да бір жадағайлықтарға жол бермеу үшін тиісті хаттар облыстар әкімдіктеріне жолданды.
Сонымен қатар, еліміздегі ветеринарлық қызметті жетілдіру бойынша арнайы топ құрылды.

Бұдан бөлек, ҚР АШМ тарапынан жан-жануарлардың тасымалы мен жануарлардан алынатын өнімдерді қадағалау бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.
Мысалы, ағымдағы уақытта Астана қаласындағы базарларда жалған ветеринарлық анықтамалар сату деректері анықталып отыр.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен шұғыл түрде шара қолдану үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен Астана қаласының ішкі істер департаментіне хат жолдады.

Сонымен қатар, Министрлікте Астана қаласының базарлары мен Астана қаласы әкімдігінің ветеринарлық бөлімшелерінің қызметін тексеру үшін комиссия құрылды. Бұл тексерістер ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне тіркелді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus