Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ: 2017 жылы орман және жануарлар дүниесі шаруашылықтары жұмысшыларының жалақысы 25%-ға артпақ

ҚР АШМ: 2017 жылы орман және жануарлар дүниесі шаруашылықтары жұмысшыларының жалақысы 25%-ға артпақ

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметов депутаттардың орман, аңшылық және балық шаруашылықтары қызметкерлерінің әлеуметтік тұрғыда қорғалуы бойынша сауалдарына жауап берді.

«Ағымдағы заңнамаға сәйкес аталған сала жұмысшыларына мал жаю және пішен шабу үшін жер телімдерін беру, сондай-ақ, жұмыс бабында жүріп жараланғанда немесе қаза тапқан жағдайда отбасыларын әлеуметтік тұрғыда қорғау қарастырылған», – деді Асқар Мырзахметов.

2016 жылы азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. Бұл орман және жануарлар дүниесі шаруашылықтары жұмысшыларының жалақыларын 40 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Мұндай жүйе бойынша азаматтық қызметкерлерге жұмыс барысындағы нәтижелілігі мен табыстары үшін 50 %-ға дейін үстеме ақы төлеу қарастырылған.

«Ұсынылып отырған заң жобасында ауылдық жерде жұмыс атқарып жатқан орман және жануарлар дүниесі шаруашылықтарының азаматтық қызметкерлерінің мансаптық жалақыларын 25 пайызға дейін көтеруді қарастыратын норма енгізілмек», – деп атап өтті А.Мырзахметов.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus