Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ табиғат қорғау мекемелері жанынан құрылатын Үйлестіру кеңесінің негізгі жұмысын атады

ҚР АШМ табиғат қорғау мекемелері жанынан құрылатын Үйлестіру кеңесінің негізгі жұмысын атады

ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттарды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовтың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруға жұртшылықты тарту мақсатында табиғат қорғау мекемелері жанынан Үйлестіру кеңесін құру туралы ұсынысы қызықтырды.

«Үйлестіру кеңесі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылмақ. Оның құрамына ҮЕҰ мен жергілікті атқарушы органдардың, ардагерлер кеңесі мен бизнес құрылымдарының және табиғат саласындағы мекемелер өкілдері кіреді, – деп атап өтті А.Мырзахметов.

Аталған Кеңес өкілетті орган бекіткен типтік ереже негізінде құрылады. Яғни, Үйлестіру кеңесі – консультативтік-кеңестік және бақылау органы болмақ. Оның ұсынымдары табиғат қорғау мекемелерінің әралуан шараларды жоспарлауы барысында ескерілетін болады.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus