Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ: Оңтүстік өңірлері масақты дәнді дақылдарды жинап бітті

ҚР АШМ: Оңтүстік өңірлері масақты дәнді дақылдарды жинап бітті


Бүгін ҚР Үкіметінің егін жинау жұмыстарының барысына арналған селекторлық режимде өткен мәжілісінде ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов егін ору науқанының қарқынды жүріп жатқанын хабарлады.

«Тамыз айының үшінші онкүндігінен бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде жаппай егін жинау басталды. Облыстардың жедел ақпараттары бойынша 20 қыркүйекке 11,1 млн. гектарға жуық немесе дәнді дақылдардың жиналатын алқабының 72,1% жиналды. Бастапқы салмақты 16,5 млн. тоннаға таяу астық бастырылды, түсімділік гектарына 14,9 ц/га құрайды. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімінен 3,4 ц/га артық», – деп атап өтті ол.

«Оңтүстік өңірдің облыстары масақты дәнді дақылдарды жинауды аяқтап, күріш пен жүгеріні жинауға кірісті. Егін жинауды Батыс Қазақстан облысының шаруашылықтары аяқтады. Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиналатын алқаптың 76%-дан 88%-ға дейіні жиналды», – деді Қ.Айтуғанов.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus