Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ: Гектарлық субсидиясы өнімге берілетін субсидиямен алмастырылады

ҚР АШМ: Гектарлық субсидиясы өнімге берілетін субсидиямен алмастырылады

Бүгін Ақтөбе қаласында өткен жергілікті жиналыста ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Бахыт Ілиясов мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру шараларын айтып берді.

«Гектарлық субсидиядан бас тартудың негізгі себебі оның әлсіз тиімділігі болып табылады. Бүгінгі таңда әртараптандырудың қарқыны жеткіліксіз болып тұр. Егістік құрылымында бидайдың үлесі (57%) көп. Ғылыми ұсынылған мөлшері 45%, бұл оның қайта өндіру, өз кезегінде сату бағасының деңгейіне, осылайша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайына әсер етеді Соңғы 5 жылда (2011-2015 жылдары) астықтың орташа жылдық өтетін қалдығы 5,5 млн. тонна, оның ішінде бидай 5,0 млн. тоннаны құрады. Яғни, өнімнің жоғары көлемінің қажеттілігі жоқ болып қалады, осыған байланысты қолда бар ауыл шаруашылығы алаңдарын пайдалану тиімділігі мәселесі туындайды»,-деді Бахыт Ілиясов.

Осы мәселелер бойынша ҚР АШМ өкілдері майлы дәнді дақылдар мен астық үшін берілетін гектарлық субсидиялаудан бас тартып, зауытқа өңдеуге берілген өнім бойынша субсидия беруді жөн көріп отыр.

«Осы қолдау арқасында отандық шикізат есебімен май зауыттар өсімдік майын өндіру бойынша өз құжаттарын барынша жүктеуге мүмкіндігі бар (2015 жылы 29 %-дан 2021 жылы 60 %-ға дейін), сұйық май өндіруді 2015 жылы 283,2 мың. тоннадан 2021 жылы 460,0 мың. тоннаға дейін арттыруға, импорт үлесін тиісінше 40%-дан 19%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді»,- деді Б.Ілиясов.

Еске сала кетсек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов еліміздің Батыс өңірлеріне АӨК-ті дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus