Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ Еуразиялық экономикалық комиссияның жобалық сессиясында ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктерін ұсынды

ҚР АШМ Еуразиялық экономикалық комиссияның жобалық сессиясында ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктерін ұсынды


2016 жылдың 17 тамызында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.С.Исаеваның жетекшілігімен Министрлік делегациясы Еуразиялық экономикалық комиссияның «Одақ аумағында зияткер ауыл шаруашылығын сандық үдерістермен қамтамасыз ету» атты жобалық сессиясына қатысты.

Жобалық сессия аясында ҚР АШМ тарапынан аграрлық секторды мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, су ресурстары, ветеринария мен фитосанитарлық қауіпсіздік, субсидиялар мен электронды астық қолхаттары бағыттары бойынша тұтастай автоматтандырудың кешенді әдістері таныстырылды.

Талқы барысында ЕЭО мүше мемлекеттерінің өкілдері тарапынан АШМ ақпараттық жүйелеріне жоғары баға беріліп, қандай да бір жағдайға әзірлігі және де ЕЭО қатысушы мемлекеттерінің «Аргус», «Меркурий» сынды ақпараттық жүйелерімен интеграциясы атап өтілді.

2015 жылдың 16 қазанындағы ЕЭО кедендік аумағындағы кейбір тауарлардың айналымы мен тасылуы мәселелері жөніндегі Хаттамаға сәйкес Министрлік ел аумағында өнімдердің таралуын қадағалауы тиіс болатын.

Осы мақсаттың аясында 4 айдың ішінде (2015 жылдың қазаны – 2016 жылдың қаңтары) Министрліктің ақпараттық жүйесіне өнімдердің таралуын қадағалауға арналған «Ветеринарлық қауіпсіздік» қосымша функциясы орнатылды. Ол жыл басында іске қосылған еді.

А.ж. қаңтары мен тамызы аралығында аталған ақпараттық жүйе арқылы 300 000 құжат рәсімделді.

Сондай-ақ, «Өсімдіктер карантині», «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» және «Электронды астық қолхаттары» ақпараттық жүйелерін on-line таныстыру болып өтті.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н.Назарбаеваның төрағалығымен өткен ақпараттық технологияларға арналған жиында да Министрліктің ақпараттық жүйелерінің дайындығына оң баға берілген еді. Өз кезегінде, бұл да мемлекеттік органдар арасында Министрліктің сандық технологияларды енгізу мен бизнес пен азаматтар жұмысын оңтайландыру үшін «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасы аясында Үкімет жүргізіп отырған жұмыстардың белсенді қатысушысы екендігін көрсетеді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus