Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ-де Жер кодексіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жаңа енгізілмелер талқыға түсті

ҚР АШМ-де Жер кодексіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша жаңа енгізілмелер талқыға түсті



Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Жер кодексіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелеріне байланысты жаңа енгізілмелер туралы қоғамдық талқылау болып өтті.

Комиссия мүшелерінің жалға беру институтын сақтап, оны күшейту мақсатындағы қабылдаған бірқатар ұсыныстарын жинақтап, Жер кодексіне көтерілген мәселелерді реттеуді көздейтін жер заңнамасын жетілдіру нормаларымен мынадай өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді қарастырады.

Біріншіден, ауыл шаруашылық жерлерін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетел азаматтарының қатысуынсыз, жалға беру институтын сақтап, оны күшейту.

Жалға алушылардың мүдделерін және ауыл шаруашылығы жерлерін алуға мүдделі адамдардың жағдайын ескере келе жалға алу институтын сақтап, оны жетілдіру бойынша нормалар ұсынылады. Бұл ретте, аталған мәселені реттеу үшін ауыл шаруашылық жерлерін конкурс арқылы берудің жеке және егжей-тегжейлі тәртібін бекітуге жаңа бап енгізу ұсынылады.

Осы бапта конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін жасау бойынша нормалар белгіленіп, конкурс өткізудің тәртібі, конкурстық ұсыныстың мазмұны, конкурстан бас тартудың негіздемесі, жеңімпазды анықтау шарттары, оның қорытындыларына шағымдану, конкурс өткізілмеуі немесе жарамсыз деп тану жағдайлары, құзыретіне конкурс өткізу мәселелері кіретін жергілікті атқарушы органдардың және конкурсқа қатысуға мүдделі адамдардың іс-әрекеттерінің реттілігі көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, конкурсқа оның барлық әлеуетті қатысушыларына жариялануын және тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығына арналған жерлерді бөлу процесіне қоғамдық кеңестер мен бірлестіктерді, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын тарту, барлық деңгейдегі әкімдерді ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурс өткізудің басталғаны туралы жазбаша нысандағы міндетті түрде хабардар ету және конкурстың өтетіндігі туралы аудандық және облыстық БАҚ, интернет ресурста және арнайы ақпараттық стенділерде, халыққа қолжетімді орындарға хабарландыру орналастыру бойынша нормалар көзделетін болады. Конкусқа қатысуға өтініштердің мазмұнын, конкурстық ұсыныстарды, конкурстың басталуы туралы хабарламаны, конкурстық құрамын, конкурсқа қатысу критерийлерін, конкурсқа қатысушылардың міндеттемелерін, конкурсты өткізу мерзімін және т.б. бекіту бойынша жаңа нормалар енгізілуде.

Ауыл шаруашылығына арналған жерді ұтымды және тиімді пайдаланудың мақсатында конкурсқа қатысудың міндетті шарты болып қатысушының конкурстық ұсынысы болып табылады. Оған ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу бизнес жоспары, аймақтың мамандануына сәйкес егістік аудандардың құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау міндеттемелері, ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын құру және игеру, инфрақұрылымды дамыту іс-шараларын орындау, жергілікті халыққа жұмыс орындарын құру, жер заңнамасының талаптарын орындау жатады.

Жер учаскесін жалға беру шартында жалға берушінің конкурстық ұсынысында көрсетілген міндеттемелермен мүдделері енгізіледі.
Екіншіден, жерлерді тиімді пайдалануды бақылау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізу көзделген: жалдау бірінші 5 жыл – жыл сайын, одан кейінгі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жыл сайын, тәлімі жерлерде – әрбір 5 жыл сайын.

Мониторинг жүргізу тәртібі Ауыл шаруашылығы министрлігімен белгіленеді және ол құрамында жер қатынастары органдары өкілдері, ауыл шаруашылығы, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бар Комиссия арқылы жүзеге асырылады.
Мониторинг нәтижелері жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін негіз болады.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен алаңдарын «бір қолға» беруді болдырмау мақсатында заң жобасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға берудің ең жоғары мөлшерін белгілеу көзделген, олар әрбір облыстың әкімшілік аудандардың (қалалардың) шегінде алқаптар түрлері бойынша қазақстандықтарда жалға алуға болатын шекті ең жоғары мөлшерін белгілейді.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жерлерді «бір қолға» беру бірнеше облыстың аудандарында немесе бірнеше облыстарда тек бір шекте ғана мүмкін болады, берілетін жерлердін жиынтық көлемі республика үшін белгіленген шекті (ең жоғары) мөлшерден аспауға тиіс.
Төртіншіден, жайылымдық жерлерді халықтың мұқтаждары үшін пайдалану мәселелерін реттеу.

Ауыл халқының малын жаю үшін жайылымдық жерлердін жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін Заң жобасында нормалар көзделген, оларға сәйкес елді мекендердің айналасында халықтың жеке ауласын ұстауға мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жайылымдық жерлердің алаңдары белгіленеді.

Осы аумақтарда оларды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жер пайдалануға беруге тыйым салынады.

Сондай-ақ, жерді пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында заң жобасымен ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдаланудың мемлекеттік бақылау функциясын аудандық атқарушы органдардың құзыретіне беру көзделеді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus