Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ-де қылқан жапырақты екпелерді санитарлық кесуге тиым салу мәселесі талқыланды

ҚР АШМ-де қылқан жапырақты екпелерді санитарлық кесуге тиым салу мәселесі талқыланды

1470

17 қазанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Мемлекеттік орман қоры алқаптарында қылқан жапырақты екпелерді санитарлық кесуге тиым салу» мәселесі бойынша дөңгелек үстел болып өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті санитарлық кесуді Шығыс Қазақстан облысының майқарағай өсетін аймақтарында тиым салуды ұсынып отыр. Ал қалған өңірлерде орман шаруашылығына қажетті жаңа материалдар алғанша (шыршаларды өңдеуді қоса есептегенде) санитарлық кесуге тиым салу ұсынылды.

Соңғы жылдары санитарлық кесудің көлемі кесудің жалпы пайдалану көлемінен бірнеше есеге артқан, сонымен қатар, жыл сайынғы санитарлық кесу бойынша жарияланған көрсеткіш кесудің жалпы пайдалану көрсеткішінен бірнеше есеге жоғары.

2004-2014 жылдар аралығындағы қарқынды санитарлык кесу нәтиежесінде (қылқан жапыратқты екпелерді пайдалануға тиым салуға мораторийдің күшінде болуы) жетілген екпе қорлары едәуір азайды.

Соңғы уақытта сүрек дайындау көлемі жапырақты және қылқан жапырақты шаруашылық бойынша орман пайдаланушылары мен орман иелері арасында игерілмей жатыр. Комитеттің дерегінше, кесудің негізгі пайдалану көлемінің игерілмеуі орман пайдаланушылары мен орман иелерінің санитарлық кесуді тиімді деп санайтығында болып отыр.

Қылқан жапырақты шаруашылық бойынша санитарлық кесудің жалпы көлемі 627,5 мың м3 құраса, оның ішінде, майқарағай бойынша 573,78 мың м3 құрап отыр,
Бүгінгі күнде бұл нәтиже орман шаруашылығы мекемелері мен Шығыс Қазақстан облысының орман пайдаланушылары арасында толығымен меңгерілген. Табиғатты қорғау мекемелері, орман шаруашылығы мемлекеттік коммунальдық мекемелері және Шығыс Қазақстан облысының ұзақ мерзімдегі орман дайындаушылары арасында қылқан жапырақты шаруашылық бойынша санитарлық кесудің жыл сайынғы көлемі 80 мың м3 құрап отыр.

Қылқан жапырақты сүрек дайындау бойынша санитарлық – таңдамалы кесу қорлары жойылғанын ескерсек, кесуді коммерциялық мақсатта пайдалану аймақтағы майқарағайлы ормандарға кері әсерін тигізеді. Соның әсерінен келесі жылы ормандық кесу бойынша 90% көлемінде жел-дауылға төзімсіз аймақтар пайда болады.

Жапырақ тектес сүректерді дайындау кезінде санитарлық кесуден қылқан жапырақты шаруашылыққа қарай бет бұру орман шаруашылығына әлеуметтік тұрғыда ешқандай кері әсерін тигізбейді.

«Қазақстан ағаш өңдеу шаруашылығы бойынша транзиттік-өңдеуші мемлекеттер қатарынан көрінуі тиіс. Себебі, біз ағаш өңдеу қоры бойынша әлемдік деңгейде төртінші орын алатын Ресеймен шекаралас жатырмыз», – деп атап өтті өз сөзінде ҚР Ауыл шаруашылығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетінің төрағасының м.а Қ.Үстеміров.

Жалпылай алғанда, ағаш кесуді тиімді пайдалану қазақстандық кәсіпорындарға ағаш өңдеу өнеркәсібінде орман ресурстарын дұрыс пайдалану мен ағаш өңдеуді жетілдіруге, дайын өнімді ішкі және сыртқы нарыққа шығаруға, инвестиция тартуға және де жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Оқиға орнына Бөкей ордасы ауданның оперативтік-тергеу тобы жіберілді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus