Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ-да ҚР Жер кодексі жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

ҚР АШМ-да ҚР Жер кодексі жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасына қоғамдық тындау болып өтті.

Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында Жер кодексіне келесі нормалар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады: Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру; Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу; Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату; Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау; Жеке үй құрылыс үшін жер учаскелерін беруді мемлекет мұқтажына жатқызу.

Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.

Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіптегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстарынде жариялау қарастырылады.

Конкурска қатысудың міндетті шарты – оған қатысушылардың ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалануға бағытталған конкурстық ұсыныстарды енгізу болып табылады. Конкурстың жеңімпазын анықтайтын конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестердің және ҰКП «Атамекен» өкілдерін (комиссия мүшелерінің жалпы санының 50 %) кіргізу қарастырылды.
Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында,заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын, келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен алаңын «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға облыстардың әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде Қазақстандықтарда жалда болуы мүмкін ауыл шаруашылығы жерлерінің жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін әр облыста алаптар бойынша белгілеу қарастырылған.
Бұдан басқа, Заң жобасымен шекара маңы белдеуінде және Мемлекеттік шекараның аймағында жерлерді беру талаптарын қатаңдату қарастырылған, онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.


Шекаралық белдеудің шегінде заң жобасымен жерлігікті тұрғындарға ауыл шаруашылығы жерлерін тек қана мал жаю және шөп шабуға, ал шекаралық аймақта қазақстандықтарға (шетелдіктің қатысуынсыз) ауыл шаруашылығы жерлері тек жалға беру құқығымен беріледі.

Ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін заң жобасымен елді мекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады.

Бұдан басқа, заң жобасымен жер комиссисының статусын анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексінің нормаларын жетілдіру қарастырылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus