Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ алғашқы жарнасыз сүт қабылдау пунктін ашудың жолдарымен таныстырды

ҚР АШМ алғашқы жарнасыз сүт қабылдау пунктін ашудың жолдарымен таныстырды

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғановтың төрағалығымен Қарағанды облысының Нұра ауданындағы сүт бағыты бойынша кооперативтердің пилоттық үлгілерінің таныстырылымы болып өтті.

Таныстырылым барысында Қ.Айтуғанов «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қаржыландыру шараларының аясында ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыруға басымдық берілетінін хабарлады. Олардың кешенінде сүт қабылдау және мал бордақылау алаңдары құрылатын болады.

Бұған дейін аталған бағыттағы жұмысты жандандыру үшін үлгілік кооперативтерді құрудың пилоттық жобасын іске қосу туралы шешім қабылданған еді. Мұндағы басты мақсат – осы үдерістің барысында жинақталған тәжірибені еліміздің өзге де аймақтарына тарату. Өз кезегінде, Нұра ауданы да кездейсоқ таңдалмаған. Бұл ауданның аумағында мал шаруашылығымен айналысатын 3 200 ЖҚШ бар.

Сонымен бірге, жиын барысында жаңадан құрылып жатқан кооперативтерді қаржыландыру тетіктері сөз болды. Атап айтқанда, алғашқы жарнасыз сүт қабылдау пунктін іске қосу үшін қаржыландырудың жаңа механизмі таныстырылды. Сондай-ақ, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударылды. Мысалы, жыл соңына дейін Республикалық ветеринарлық лабораторияның жергілікті жерлердегі эпизотикалық жағдайын бағалау үшін қан алу мен сүт өнімдерін талдау жұмыстары аяқталады.

Нұра ауданы әкімі Н.Омарханов өз ауданындағы кооперативтерді ұйымдастыру үшін қолға алынып жатқан шаралар тізбесін айтты. Оның айтуынша, сүт қабылдау пункттері желісін қалыптастыру үшін 12 ауылдық округ таңдалған. Сүт өндірісі әлеуеті жылына 4 200 тоннаны құрайды. Қазіргі таңда кооперативтер құрудың негіздерін түсіндіру және әлеуетті қарыз алушыларды іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жиынға қатысқан «Казмолторг», «Рен-Милк» ЖШС-лары өкілдері жаңадан құрылып жатқан кооперативтермен бірігіп жұмыс жасауға және олар өндірген сүтті сатып алуға әзір екендіктерін хабарлады.

Отырыс соңында аудан аумағында сүт бағыты бойынша 12 пилоттық кооператив құру бойынша біріккен іс-қимылдар жоспарына қол қойылды. Сонымен қатар, кооперативтерді ұйымдастыру жұмыстарының келер жылдың сәуірінде аяқталатыны хабарланды.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus