Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ: АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарын қаржыландыру ұсынылады

ҚР АШМ: АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сұранысқа ие ауыл шаруашылығы дақылдарын қаржыландыру ұсынылады


Бүгін Ақтөбе қаласында өткен жергілікті жиналыста ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Бахыт Ілиясов мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру шараларын айтып берді.

«Егістік алқаптар құрылымын әртараптандырудың төмен қарқынын, қайта өңдеу зауыттарының нашар жүктелуін, мал шаруашылығы саласын мал азығымен қамтамасыз етудің төмендігін ескере отырып, әртараптандырудың қарқынын арттыру қажет.Сонымен қоса, өңдеу қуаттылығын жүктеуіне қол жеткізу мақсатында өсімдік шаруашылығы өнімінің нақты көлемін алу үшін дақылдардың нақты тізімін өндіруін ынталандыруға, мал шаруашылығы саласын балансталған азықтармен қамтамасыз етуге басты назар аударылатын болады, осыған орай экспортқа бағытталған қосылған құны жоғары өнімін өндіру», – деді Бахыт Ілиясов.

Сонымен қатар департамент директорының орынбасары Б. Ілиясов тұқым шаруашылығын дамытуды жетілдіру шараларын атап өтті.

«Ең төменгі нормалы бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялаудың қолданыстағы механизмі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің тиісті техника, жинаған тұқымдарды әрі қарай көбейтуге және сақтауға мүмкіндіктері, сондай-ақ тұқым шаруашылығы бойынша арнайы білімдері жоқ болғандықтан күтілген нәтиже берген жоқ. Бұл ретте, шағын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидиялардың көлемі шамалы болғандықтан субсидияларды рәсімдеу және алуға қызығүшылық білдірмеді», – ҚР АШМ өкілі айтып өтті.

Осыған байланысты 2017 жылдан бастап ЕАЭО мемлекеттерінде тұқым шаруашылығын қолдау тәжірибесін есепке ала отырып, бірінші репродукциядан төмен емес тұқымдарды субсидиялауын алып тастап, бірегей және элиталы тұқымдарды (40% дейін) қайта субсидиялауды ұсынылады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының кеңейтілген Үкімет отырысындағы тапсырмасына сәйкес, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалып жатыр.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus