Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ ормандағы санитарлық кесуге тиым салуды түсіндірді

ҚР АШМ ормандағы санитарлық кесуге тиым салуды түсіндірді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде орман-тоғайлардағы санитарлық кесу мен суармалы жерлердің айналымға қайтарылуы және ҚР Жер кодексіне енгізілгелі жатқан толықтырулар мен өзгерістер туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз конференциясы өтті.
Жиын барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы м.а. Қ.Үстеміров сөз сөйледі. Ол өз сөзінде орман қоры алқаптарында қылқан жапырақты екпелерді санитарлық кесуге тиым салудың себеп-салдарына кеңінен тоқталды.

«Соңғы уақытта сүрек дайындау көлемі жапырақты және қылқан жапырақты шаруашылық бойынша орман пайдаланушылары мен орман иелері арасында игерілмей жатыр. Қолда бар деректер бойынша кесудің негізгі пайдалану көлемінің игерілмеуі орман пайдаланушылары мен орман иелерінің санитарлық кесуді тиімді деп санайтығында болып отыр», – деп атап өтті Қ.Үстеміров.

Санитарлық кесудің тартымды болу себебі – орман пайдаланушылары сүрек дайындау шығымын азайту арқылы төлем сомасын да азайтады. Бұл ретте олардың табысының артатыны түсінікті. Аталмыш тыйым ҚР Парламенті мен Үкімет деңгейінде талқыға түсуде.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын санитарлық кесу арқылы 80 мың м3 жуық сүрек дайындалады. Ал соңғы 3 жылда Ақмола облысындағы санитарлық кесу көлемі 185,3 мың м3 құрап отыр. Мұның нәтижесінде 2004-2014 жылдар аралығында екпелер қоры азайып қалды.

Бұдан әріде ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасы И.Әбішев суармалы жерлердің айналымға қайтарылуы туралы баяндады. «2017-2021 жылдар аралығында 610 мың гектр аумақтағы суармалы жерлердің ирригациялық жүйелерін қайта қалпына келтіру көзделуде. Бұл аумақтар еліміздің 11 облысында орналасқан», – деді ол.

Өз кезегінде, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының м.а. Г.Бимендина Жер кодексіне енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер мен осы бағытта қолға алынған шаралардың барысы және жеке тұрғын-үй құрылысы үшін 10 сотық жер телімін беру мәселесіне айрықша тоқталып өтті.
«Ел азаматтарын 10 сотық жер телімімен қамтамасыз етудегі басты мәселелердің бірі – елді мекендер аумағында бос жерлердің болмауы. Ал бұған дейін қамтылған жерлерді алу мәселесі ағымдағы заңнамада қарастырылмаған. Осы ретте, жаңа заңнамада халық сұранысына сәйкес жеке тұрғын-үй құрылысы үшін жер телімдерін мемлекеттік қажеттілікке жатқызу қарастырылуда», – деп атап өтті Г.Бимендина.

Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың заңдылығын тексеру барысында 3 мыңға жуық заң бұзушылықтардың анықталғанын және олардың мемлекетке қайтарылатынын атап өтті.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus