Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 330,86 тоннасы Қырғызстанға қайтарылды

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 330,86 тоннасы Қырғызстанға қайтарылды


4 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін 330,86 тонна карантин астындағы өнімдері Қырғызстанға қайтарылды. Оның ішінде оңтүстік америкалық томат күйесі жұққан болгар бұрышы, шабдалы, өрік, алма, алтынтектес нематодасымен картоп, Комсток сымырымен шабдалы мен жүзім кездеседі. Айтылған мерзім аралығында фитосанитарлық куәлігі жарамсыз 142,63 тонна өнімге Қазақстан шекарасы жабылды.

Еске салсақ, ү.ж. 4 мамырында Қазақстан Республикасы фитосанитарлық талаптырды бұзу жағдайы көбеюіне байланысты Қырғыз Республикасынан картоп кіргізуіне ұақытша шектеу қойған болатын.

Осы шешімді қабылдағанға дейін карантиндік заты бар өнімдерді шекарадан өткізу кезінде 79 оқиға орын алды.

Шектеуді алып тастағаннан бастап, яғни 4 шілдеден, Қазақстан Республикасының өсімдіктер қорғау аясындағы 52 заң бұзушылық тіркелген. Оның 41 оқиғасында карантиндік нысандар табылған.

Аталған фактілер бойынша Қырғыз Республикасы Карантин және өсімдіктер қорғау бойынша Ұлттық мекемесіне хабарлама жіберілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus