Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан мен Ресей шекарасында ет өнімдеріне байланысты қойылған шектеулер алынып тасталды

Қазақстан мен Ресей шекарасында ет өнімдеріне байланысты қойылған шектеулер алынып тасталды

2016 жылдың 2 қыркүйек айынан бастап Ресей Федерациясы ауыл шаруашылық жануарлары мен ет өнімдерін Қазақстан Республикасынан  эспортқа  шығарылуына шектеулер алынып тасталды.

Екіжақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан көрші елге ет өнімдерін сата алатын болды.

Сонымен қатар, Халықаралық эпизоотиялық бюроның  жер жануарлары Санитарлық Кодексінің ұсынымдарына сәйкес  Россельхознадзор Қазақстан Республикасы Атырау облысындағы тораптық дерматиттің ошақтары тіркелуіне байланысты қойылған шектеулері жеңілдетілді.

2016 жылдың 5 қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасынан (Атырау облысынан басқа аймақтардың барлығы) ірі қара мал мен одан жасалған барлық өнімдер түрлерін Ресей Федерациясына ХЭБ жер жануарларының Санитарлық Кодексінің  талаптарына кепілдік беретін ветеринарлық сертификаттары бар болған жағдайда, сонымен бірге міндетті түрде ірі қара мал және одан жасалған өнімдердің қазақ-ресей шекарасында орналасқан алдын ала тексеру пунктерінен өткізілген кезде және ХЭБ жер жануарларының санитарлық кодексінің талаптарын сақталынуына сәйкес эспортқа шығарылатын болады.

Айта кетсек,  Қазақстан Республикасының аумағында пастереллез мен тораптық дерматит ошағының анықталуына байланысты Ресей Федерациясы ауыл шаруашылық жануарларын және одан жасалған өнімдерді экспортқа шығарылуына шектеулер қойған.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus