Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар БІРЫҢҒАЙ АСТЫҚ ХОЛДИНГІНЕ АГРАРИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

БІРЫҢҒАЙ АСТЫҚ ХОЛДИНГІНЕ АГРАРИЯЛАРДЫ ТАРТУ ЖӨНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы), Қазақстан фермерлер одағы және «Атамекен» одағы» ҚҰЭП Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен 2013 жылғы 12 шілден бастап 23 шілдені қоса алғандағы кезеңде Ақмола облысының Целиноград ауданы Ақмол, Еңбекшілдер ауданы Степняк, Атбасар ауданы Атбасар кенттерінде Бірыңғай астық холдингіне (БАХ) қатысуға астық өндірушілерді тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде көшпелі отырыстар өткізді. Отырыстар ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары  Б. Сағынтаев бекіткен БАХ құру және ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілді.

 

Отырыстар барысында аграриялар олардың БАХ-қа кіруінің артықшылықтары, олардың ішінде көктемгі-жазғы қаржыландыруға басым қол жетімділік, өндірілген астықты кепілді сатып алу, оны сатудан түскен пайданы бөлуге қатысу, мүшелік жарналарға қажеттіліктің болмауы, қатысушылардың құрамына қосылу және одан шығу еркіндігі және т. б. туралы егжей-тегжейлі түсіндірулер алды.

 

Астық өндірушілердің алдында Азық-түлік келісім шарт корпорациясының, Қазақстан фермерлер одағының, облыс әкімдігінің өкілдері сөз сөйледі. Өз кезегінде жиналған аграриялар өздерінің сұрақтарын қоюға және БАХ жұмысын одан әрі ұйымдастыру бойынша тілектерін жеткізу мүмкіндіктерін алды. Отырыстар сындарлы және жемісті диалог аясында өтті.

 

Өткізілген іс-шаралар шеңберінде алынған тәжірибе басқа облыстарда көшпелі ақпараттық-түсіндіру отырыстарын өткізу кезінде кеңінен қолданылатын атап өткен жөн.

 

 

Анықтамалық ретінде 

Бірыңғай астық холдингі Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына өткен жылғы Жолдауында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің ағымдағы жылғы қаңтардағы кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмасы бойынша құрылды.

 

БАХ Азық-түлік келісім шарт корпорациясы және Қазақстан фермерлер одағы арасында Бірлескен қызмет туралы шарт жасасу арқылы 2013 жылғы 21 маусымда құрылды.

 

Шарттың шеңберінде астық өндірушілердің – құрамына «Атамекен» одағы» ҚҰЭП, Қазақстан фермерлер одағы, сондай-ақ бірқатар басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген БАХ қатысушыларының мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған Азық-түлік келісім шарт корпорациясының қоғамдық кеңесі құрылды және өзінің алғашқы отырысын өткізді.

 

___________________________________________________________________________________________________ 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметімен белгіленген басқа да қызметтер болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»  АҚ болып табылады.

 

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ

+ 7 (7172) 59 12 69

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus