Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Егін-2014 науқанына дайындықты тексеру

Егін-2014 науқанына дайындықты тексеру

holding
2014 жылғы Егін жинау науқанына дайындық бойынша қорытынды жиынды «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі өткізеді. Іс-шарада дайындық бойынша есеп беріледі және келесі сұрақтар қарастырылады:

– Қазақстанда 2014 жылғы көктемгі егіс және егін жинау науқандарын қаржыландыру көлемдері мен бағдарламалары.

– Шаруашылықтарға қажет қаржыландырылған және әкелінген астық жинау және басқа ауыл шаруашылығы техникасының саны.

– Азық-түлік корпорациясының нан базаларының дайындығы.

– Қазақстанда тұрғызылған және қаржыландырылған жаңа астық сақтау қоймаларының саны.

– 2014 жылғы егіннен мемлекеттік ресурстарға бидай сатып алу.

– 2012-2013 ж.қаржыландыру және форвардтық сатып алу шарттары бойынша қарыздар.

– «Егін-2014» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілер үшін жеңілдіктер

Жиын «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің барлық даму институттары басшыларының қатысумен өтеді.

Еске салайық, 2004 жылы «ҚазАгро» барлық қаржыландыру көздері есебінен көктемгі егіс және астық жинау науқаны жұмыстарын жүргізуге 61,6 млрд.теңге бағыттауды жоспарлауда.

БАҚ назарына:

2014 ж. 14 тамыз күні (бейсенбі) республикалық және аймақтық БАҚ өкілдерін 2014 ж. астық жинау науқанына дайындық сұрақтары бойынша өтетін жиынға шақырамыз. Іс-шара сағат 16.00-де Астана қ., Республика даңғ.24, /Кенесары көш.қиылысы/ мекен-жайы бойынша «Парасат» БО 1 қабаттағы мәжіліс залында өтеді.

Ақпарат және Аккредитация:

«ҚазАгро» Холдингі» АҚ баспасөз қызметі

тел: (7172) 705-639, ішкі. 1016

8-701 460 91 82 R.Tasbulatov@kazagro.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus