Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Тракторларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу

Тракторларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу

 

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

 

   1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық (облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалаларының) инспекциялары ұсынады (бұдан әрі – аумақтық инспекциялар)
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Мемлекеттік қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 1-бабының 4) тармақшасы және «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 (бұдан әрі – Стандарт) қаулысы негізінде көрсетіледі.
5. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды техникалық байқаудан өткізу немесе дәлелді бас тарту көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады және мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы талон беріледі.

 

   2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

 

6. Аумақтық инспекциясының орналасқан жері мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлардан алуға болады.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында www.minagri.gov.kz орналастырылады.
8. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап аумақтық инспекция бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады;
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі күтудін рұқсат етілген ең көп уақыты – 40 минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға барынша рұқсат етілетін қызмет көрсету уақыты – 40 минуттан аспайды.
9. Стандарттың 11-тармағында айқындалған дәйексіз құжаттарды ұсыну фактісі бас тарту үшін негіз болып табылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау аумақтық инспекцияның бір жауапты қызметкері жүзеге асырады.

 

   3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаттамасы

 

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының өзінің келуі немесе сенімхат негізінде әрекет ететін уәкілетті өкіл арқылы көрсетіледі.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде аумақтық инспекцияның маманы қатысады.
14. Әрбір әкімшілік іс-әрекеттерді (рәсімдерді) орындаудың мерзімін көрсетумен әрбір құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі – ҚФБ) бойынша әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әкімшілік іс-әрекеттердің логикалық кезектілігі және ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

 

  «Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса
алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ
өтімділігі жоғары арнайы машиналарды
жыл сайынғы мемлекеттік техникалық
байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 1-қосымша

 

 Таблица. ҚФБ іс-әрекеттердің (рәсімдердің) кезектілігі мен өзара іс-әрекеттердің мәтіндік кестелік сипаттамасы

 

 

1

Әрекеттің (жұмыс барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

2

ҚФБ атауы Инженер-инспектор Инженер-инспектор
3 Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы мен оның сипаттамасы Өтініш берушінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру Машинаның техникалық жағдайын тексеру, техникалық байқаудан өткізген әрекетерін рәсімдейді
4 Аяқталу нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдық-өкімгерлік шешім) Кіріс құжаттар журналында тіркеу мемлекеттік техникалық байқаудан өткені жөнінде талон беріледі.
5 Орындау мерзімдері 40 (қырық) минуттан аспайды 1 күн

 

  «Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздігінен жүретін шассилер
мен механизмдерді, монтаждалған
арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса
алғанда, олардың тіркемелерін,
өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ
өтімділігі жоғары арнайы машиналарды
жыл сайынғы мемлекеттік техникалық
байқаудан өткізу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 2-қосымша

 

 Функционалдық өзара іс-қимыл жасау сызбасы

рис3к

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus