Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары       көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • «электрондық үкіметтің» www.egov.kz  веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
      машиналарды техникалық байқаудан өткізуге асыру үшін заңды және жеке тұлғалар мынадай құжаттар ұсынады:
      жеке тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):
      осы стандартың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
      заңды тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):
      осы стандартын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
      машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);
      осы стандартын 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру актісіне енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер;
      2) портал арқылы жүгінген кезде:
      осы стандартқа қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында өтініш;
      машинаны тіркеу құжатының (техникалық паспорттың) электрондық көшірмесі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

инженер-инспектордың қолымен және көрсетілетін қызметті берушінің мөртабанымен куәландырылған тіркеу құжатында (техникалық паспортта) «Ақаусыз» не «Ақаулы» деген жазба

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011766#z73

Қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;
заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымға қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінен кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Электронды өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus