Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Субсидияларды беру процесі автоматтандырылмақ

Субсидияларды беру процесі автоматтандырылмақ

Отандық агробизнестің бәсекеге қабілеттілігі – нарықта субъектілердің қызметі үшін ортақ жағдай жасауға байланысты. Біріншіден құқықтық-нормативті базаға қатысты, екіншіден – мемлекеттік қолдау.
Қазіргі таңда барлық қажетті құжаттар әзірленіп, қабылданды. Нәтижесінде сауда саласын реттеу, техникалық реттеу, ветеринарии және фитосанитария бойынша келісімдерді қосқанда шамамен 17 құжатқа қол қойылды. Сондай-ақ Еуроодаққа қатысушы мемлекеттер арасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемдері туралы Келісімге қол қойылды. Құжатқа сай аграрлық салада дотацияның көлемі 10 %-дан аспауы тиіс.
Қазақстандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату аясында «Агробизнес-2020» бағдарламасы әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның жүзеге асу кезеңінде АӨК дотация деңгейі 4,5 есеге өспек, бұл салаға 10 трлн. теңге көлемінде жеке инвестицияны тартуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа азық-түлік өнеркәсібі саласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін несиенің қолжетімділігін жоғарлату мақсатында Жол картасының жобасы әзірленді. Атап айтқанда, қарыз алу үшін құжаттар тізімі қысқартылды, кепілдік қамтамасыз ету түрлері кеңейтілді, несиені беру үрдісі автоматтандырылуда. Соған қоса, АӨК қаржыландыру нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін «КазАгро»ҰБХ» АҚ қайта құру ұсынылып отыр.
Алғаш рет халықаралық, сондай-ақ Ресейдің тәжірибесіне сүйене пайыздық мөлшерлемені арзандату бағдарламасын жүзеге асыру барлық АӨК субъектілеріне таралады, оның ішінде айналымдағы және негізгі қаражатқа берілетін несие, ауыл шаруашылығы жануарлар, құрал-жабдықтар және техника лизингісі.
Арнайы тауарлы субсидияларға өту Қазақстанға өндірісті диверсификация саясатын белсенді жүргізуге мүмкіндік береді. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасы бекітілді. Мұнымен мемлекеттік субсидиялар аймақтың аграрлық ерекшелігіне байланысты дифференцияланбақ.
Тауар өндірушілерге берілетін субсидияның ашықтылығы мен жеделділігін қамтамасыз ету үшін бұл үрдісті автоматтандыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өсімдік және мал шаруашылығында сақтандыру жүйесі жетілдірілмек.
Бірақ, қазіргі таңда «Агробизнес» бағдарламасының жүзеге асуына белгіленген қаражаттан тек 63-65% ғана бөлінуде. Мәселен, 2014 жылы 311 млрд теңгенің орнына 207 млрд теңге бөлінді, ал 2015 жылы 315 млрд теңгенің орнына бюджетпен 198 млрд теңге қарастырылып отыр. Ресей мен Беларусияның ауыл шаруашылығын қолдау көлемдерін ескере, «Агробизнес-2020» бағдарламасымен қарастырылып отырған мемлекеттік қолдауға дейін жеткізу жөн.
Бұдан басқа, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен Салық кодексіне өзгертулер енгізу ұсынылды, оның ішінде біріңғай жер салығын қайта қарастыру, ауыл шаруашылығы өнімін жинап, әзірлеп және өңдеп сауда орындарына жеткізетін ұйымдарға ҚҚС көлемін өтеу. Сондай-ақ, өзгертулер жеке табыс салығына да қатысты болмақ. Осы шаралардың барлығы АӨК субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға оң септігін тигізбек.
Отандық агробизнестің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мәселесі Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен өзектелінуде. Осы күнге дейін саланың дамуын тежейтін мәселелердің бірі өтім нарығының жоқтығы. Енді, Ресейге батыс елдерінен азық-түлік тауарларын әкелуге тиым салуына байланысты отандық тауар өндірушілер үшін ауқымды өтім нарығы ашылғалы тұр. Мұнымен бірге, ресейлік экспорт ішкі нарыққа қайта бағдарлануы есебінен қазақстандық нарықта белгілі бір тауаша босатылады.
Экспортқа ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу жағдайын жақсарту үшін Қазақстанмен Қытайды байланыстыратын Жетіген-Қорғос т/ж станциясы салынуда.
Болашақта Иран мен Қытай шекарасында астық терминалдарының құрылысы жоспарналып отыр. Сондай-ақ, астықты тасымалдауға арналған вагондардың санын ұлғайту мәселесі қарастырылуда. Қаспий теңізі арқылы қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетін ұлғайту мақсатында 2 құрғақ жүк таситын кеме сатып алынды. Ақтау теңіз портындағы астық терминалының өткізу қуаттылығы кеңейтілмек.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus