Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жылқы шаруашылығын дамытуға арналған кредиттеу бағдарламасы «Құлан»

Жылқы шаруашылығын дамытуға арналған кредиттеу бағдарламасы «Құлан»

Бағдарлама мақсаты

Етті және етті-сүтті бағыттағы жылқылар санын ұлғайтуды қамтамасыз ету

Нысаналы топ

Заңды және жеке тұлғалар(ШҚ ФҚ, ЖК), КС

Нысаналы мақсаты

Заңды және жеке тұлғалар үшін:

– жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алу;

– негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеу, айналым қаражатын толтыру

КС үшін:

– жылқылардыңаналықбасынжәнетұқымайғырлардысатыпалуға КС қатысушыларынқаржыландыруүшін КС кредиттеу.

Қайнар көзі

РБ, ӨҚ, ТҚ

Валюта

теңге

Жылқыларды сатып алуға төлем нысаны мен қарыз берудің тәртібі

Корпорация/КС қарыз алушыларына қарыз қолма-қол ақшасыз нысанмен беріледі.

Жылқыларды сатып алуға төлем нысаны – қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз:

– Корпорация/КС қарыз алушыларыжылқылар үшін қолма-қол төлем нысанын сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспаған мөлшерде қолданады.Егер кредиттің жалпы сомасы 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден асқан жағдайда – қарыз 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайтын транштармен беріледі.

– Жылқылар үшін қолма-қол ақшасыз төлем нысаны Корпорация/КС жеке тұлғасының-қарыз алушысының қарауы бойынша қолданылады.

Жылқылар үшін қолма-қол төлем нысанын Корпорация/КС заңды тұлғалары-қарыз алушылары заңды тұлғалармен есеп айырысқан жағдайда тиісті қаржы жылына белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ғана қолданады.

Транштармен қаржыландырған жағдайда екінші және кейінгі транштарды беру Корпорация/КС қарыз алушылары алдыңғы транш бойынша ақшалай қаражаттың нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады, егер өзгесі Корпорация/КС Кредиттік комитетінің шешімімен бекітілмесе.

Сома

қарыз алушылар үшін, КС қоспағанда – 4 500 000 теңгеден бастап Корпорация меншікті капиталының 25% дейін;

КС үшін – 4 500 000 теңгеден бастап 100 000 000 теңгеге дейін

Кредиттердің түрлері

Жылқылардың аналық басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге қарыз (КС қоспағанда)/ жаңартылмайтын кредит желісі, тұқым айғырларды сатып алу мен айналым қаражатын толтыруға жаңартылатын кредит желісі.

Кредит желісінің мерзімі

120 айға дейін

Кредит/транш мерзімі

– жылқылардыңаналықбасынжәнетұқымайғырлардысатыпалу – 120 айғадейін;

– негізгіқұралдардысатыпалу мен жөндеу – 120 айғадейін;

– айналымқаражатынтолтыру – 24 айғадейін

Кредиттеу ставкасы

– қарызалушыларүшін (КС қоспағанда) – жылқылардысатыпалуға – жылдық 14% (субсидиялаудыесепке ала отыра, жылдық 7%), техника мен жабдықтысатыпалуға – жылдық 14% (субсидиялаудыесепке ала отыра, жылдық 4%) (СЖТС – жылдық 14% бастап)

– КС үшін – жылдық 4% (КС қарызалушыларыүшін – жылдық 9% артықемес) (СЖТС – жылдық 4% бастап)

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет, ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ай сайын, тоқсан сайын

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

– жылқылардың аналық басын және тұқым айғырларды сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алу мен жөндеуге – әр траншты беру күнінен бастап 36 айдан артық емес;

– айналым қаражатын толтыруға – әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

әр траншты беру күнінен бастап 12 айдан артық емес

Қамтамасыз ету

Кепіл саясатына сәйкес

Корпорацияның/КС-тің қарыз алушысына қойылатын негізгі талаптар

– төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылық;

– кредиттеу үшін өтінімді беру/қарастыру күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;

– кредиттеу үшін өтінімді беру/қарастыру күніне ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;

– теріс кредиттік тарихының болмауы;

– жайылым алаңдарының болуы, о.і. бірлескенқызметтуралышарттарбойыншажәне (немесе) қарызалушығажергілікті атқарушы органдар бергенортақпайдаланужерлерініңболуы;

– шаруашылықтағы ветеринарлық-санитарлық амандықтың болуы (жылқылар болған жағдайда);

– саны жалпы бас санының (меншікті және сатып алынатын жылқылардың) 30 %-нан кем емес меншікті жылқылар басының болуы.

– Меншікте жылқылар болмаған жағдайда, қарыз алушы сатып алынатын жылқылар санының құнынан 30 %-дан кем емес мөлшерде ақшалай қаражат түрінде ортақ қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар

– сатыпалынатынжылқының (биенің) жасы 12-ден бастап 36 айдықоса;

– сатып алынатын жылқылардың аналық басын қаржыландыру көлемі жылқының бір басы үшін 350 000 (үш жүз елу мың) теңгеден аспауы тиіс;

– жасы 24 айдан артық, жылқылардың саны өсу жасындағы 15 тұқым биеге 1 өндіруші арасалмағымен меншікті және/немесе кредиттік ресурстар есебінен сатып алынатын өндіруші айғырлардың болуы;

– ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережелеріне сәйкес қолда бар және сатып алынатын жылқылар басын бірдейлендіру.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus