Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ветеринариялық сертификат беру бойынша стандартының жобасы

Ветеринариялық сертификат беру бойынша стандартының жобасы

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге

Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру»

мемлекеттiк қызмет стандарты

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет − «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Әзірлеуші мемлекеттік орган − Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы және оның орынбасары;

2) облыстық маңызы бар қаланың, ауданның бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы (бұдан әрі – қызмет беруші);

3) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

 

2. мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін

 

4. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде ұсынылады:

1) ветеринариялық сертификатты беру:

Қазақстан Республикасының ішінде – тұтынушының өтініш білдірген күнінде көрсетіледі;

экспортқа – 3 (үш) жұмыс күн;

2) мемлекеттік қызметті алуға дейінгі ең жоғары рұқсат етілетін күту уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет ұсынудың ең жоғары рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық және қағаз.

6. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің нәтижесі – ветеринариялық сертификатты беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Порталда – ветеринариялық сертификатты беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап туралы хабарлама.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі (ветеринариялық сертификатының бланкісін беру). Қызмет алушы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын екінші дәрежелі банктер немесе ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу туралы конкурс нәтижесі бойынша анықталған бланктің құнын төлейді.

Тұтынушы мемлекеттік қызметке ақы төлеу кезінде мынадай құжаттардың нысандарын толтырады:

1) қолма-қол ақы төлеу тәсілі кезінде – ақы төлеу туралы түбіртек;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі № 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсілі кезінде – төлем тапсырмасы.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері, сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Порталда – тәулік бойы.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Аумақтық инспекциясына (бұдан әрі – Аумақтық инспекция):

1) экспорт кезінде – ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шығарылған (табылған) орны бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік;

3) заңды тұлғалар үшін – куәлік* немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

5) ветеринарлық сертификат банкісінің құны төлемін растайтын құжат.

Осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Портал арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, жеке куәлік, куәлік* немесе анықтаманы  беру талап етілмейді.

Порталда:

1) тұтынушының ЭСҚТ куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;

2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік;

3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

5) ветеринарлық сертификат банкісінің құнын ЭҮТШ арқылы төлеу туралы ақпарат.

Осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

10.  Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

1) егер ветеринариялық сертификат берілетін объекті қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;

2) 9-тармақта көрсетілген тұтынушы берген ақпараттың толық және анық болмауы;

3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектісінің ветеринариялық-санитариялық талаптарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкес болмауы;

4) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеу қойылады және сұранысты жіберген тұлға сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қолжетімділік құқығына ие болмауы;

5) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа ие еместігі және оған оның кімнің иелігінде екендігінің белгісіздігі;

6) сұраныстың мәнін нақтылаған кезде, сұрап отырған тұлғаның тап қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы қолдау көрсетіп отырғанын анықтау мүмкін болмауы;

7) шығындар төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделмеген жағдайда, электрондық ақпараттық ресурсты сұрап отырған тұлға сұранысты орындау шығынын төлемеуі негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Аумақтық инспекциядан немесе электрондық құжат нысанында «порталдағы жеке кабинеттен» алады.

 

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі

 

11. Инспектордың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетуді осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша аумақтық инспекция кеңсесі қызметкері жүзеге асырады.

12. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым аумақтық инспекция бастығының атына осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша демалыс және мереке күндерін есептемегенде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін беріледі.

13. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 701-кабинет, телефон (8-7172) 555-961, e-mail: veterinar@minagri.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн берiледi.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

15. Шағымдар жазбаша түрде пошта не Аумақтық инспекцияның кеңсесіне қолма-қол (дәлелді бас тарту болған кезде қосымшасын қоса бере отырып) қабылданады.

16. Өтініш берушіге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретінде берілген шағымға жауап алатын күні мен уақыты, мерзімі мен орны көрсетілген, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге де талаптар

 

17. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Аумақтық инспекцияның үйжайларында орнатылған стендтерде және ақпараттық тақталарда;

3) порталда – «жеке кабинетте» орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.

18. Тұтынушы мемлекеттік қызметтің көрсетілетін түрі бойынша қосымша ақпаратты осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша аумақтық инспекция кеңсесінде және аумақтық инспекцияда ілінген стендтерден ала алады.

 

_____________________

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлерге Қазақстан Республикасының

iшiнде қолданылатын және экспортқа

арналған ветеринариялық сертификат беру»

мемлекеттiк қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

Облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалары аумақтық инспекцияларының мекенжайлары мен телефондары

 

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмiрi

1

2

3

4

Ақмола облысы

1

Ақмола облысының аумақтық инспекциясы Көкшетау қ. Абай к., 89 8(7162)401494

2

Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл қ. Нұрмағамбетов к., 81 8(71638)21100, 22312, 20188

3

Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы Аршалы к-тi, Комсомол к., 3 8(71644)22483, ф. 21634

5

Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы Астраханка а., Әл-Фараби к., 49 8(71641)22808, 22286

6

Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы Атбасар қ, Жеңiс к., 67 ф. 8(71643)42902, 41388

7

Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы Макинка қ., Углинский к., 42 8(71646)21530, ф.21009

8

Егiндiкөл аудандық аумақтық инспекциясы Егiндiкөл а., Жеңiс к., 7 8(71642)21965, ф.21334

9

Еңбекшiлер аудандық аумақтық инспекциясы Степняк қ., Рысқұлов к., 2 8(71639)21154, ф. 21512

10

Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ерейментау к., Степная к., 1 8(71633)23770, ф.23798

11

Есiл аудандық аумақтық инспекциясы Есiл қ., Мырзашев к., 96а 8(71647)29387, 21437, ф. 21387

12

Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы Жақсы а., Тұқтыбаев к., 1 8(71635)21168, ф. 21672

13

Жарқайың аудандық аумақтық инспекциясы Державинск к., Ленин к., 24 8(71648)91437, 91336

14

Зерендi аудандық аумақтық инспекциясы Зерендi а., Ленин к., 23 а 8(71632)21250, ф.22558

15

Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы Қорғалжын а., Абай к., 72 8(71637)21869, ф. 21236

16

Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы Балхашино а., Ленин к., 126 а 8(71640)91674, ф.92200

17

Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы Ақмола а., Гагарин к., 14 8(71651)31153, 31152

18

Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы Шортанды к., Зеленый айналымы, 5 8(71631)22520, 21744

19

Щучье аудандық аумақтық инспекциясы Щучье қ. Железнодорожная к., 105 8(71636) 36236

20

Степногор қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Степногор қ., 2 ш.а., 16 үй 8(71645)64997, ф. 61993

Ақтөбе облысы

1

Ақтөбе облысының аумақтық инспекциясы Ақтөбе қ., Смағұлов к., 11 8(7132) 244089, ф. 241819

2

Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы Комсомольское а., Құлымбет к., 6 8(71339)21712; 21182; 21577

3

Алға аудандық аумақтық инспекциясы Алға қ., Тамды к., 1 8 (71337) 31475; ф. 31475

4

Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы Байғанин к., Метеостанция к., 33 8(71345)22998; 22076

5

Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы Ырғыз к., Барысбай к., 7 8 (71343)21643; 21848

6

Қарғалы аудандық аймақтық инспекциясы Батамша к., Әйтеке би к., 40 8(71342)23106; 23156

7

Қобда аудандық аумақтық инспекциясы Қобда к., Алиата к., 21 8(71341) 21122

8

Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы Мәртөк к., Панфилов к., 50 8(71331)22778; 21747

9

Мұғалжар аудандық, аумақтық инспекциясы Қандыағаш қ., Қалиев к., 14 8(71333)35550

10

Темiр аудандық аймақтық инспекциясы Шұбарқұдық к., Желтоқсан к., 5 8 (71346) 22152; 23217

11

Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы Ойыл к., Бақаев к., 6 8(71332)21821

12

Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы Хромтау қ., Спортивная к., 2 8(71336)21741

13

Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы Шалқар қ., Үргенiшбаев к., 26 8(71335)21748

14

Ақтөбе аудандық аймақтық инспекциясы Ақтөбе қ, Иманов к., 33 8(7132) 962558; 230299

Алматы облысы

1

Алматы облысының аумақтық инспекциясы Талдықорған қ., Лесная к. 1 8 (7282) 261297

2

Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы Жансүгiров к., Сәтпаев к. 2 8(72832)21315

3

Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы Үшарал қ., Шуақов к., 30 8 (72833) 21455

4

Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы Бақанас қ., Бижанов к., 4 8(72773) 91466

5

Еңбекшi қазақ аудандық аумақтық инспекциясы Есiк қ., Пугачев к., н-з 8(72775)41879

6

Ескелдi аудандық аумақтық инспекциясы Қарабұдақ к., Оразбек к., 52 8(72836)30130

7

Жамбыл аудандық аймақтық инспекциясы Ұзынағаш а., Сәтпаеа к., 117 8(72770) 22731

8

Iле аудандық аумақтық инспекциясы Өтеген батыр к., Титов к., 33 а 8(72752) 22286

9

Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы Қаскелен қ., Тәуелсiздiкке 10 жыл к., 23 8(72771)23572

10

Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы Үштөбе қ., Оспанов к., 8 8(72834)21849

11

Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыөзек к., Рысқұлов к, 20 8(72840) 31280

12

Көксу аудандық аумақтық инспекциясы Балпық би к., Сейфуллин к., 5 8(72838)20565

13

Панфилов аудандық аумақтық инспекциясы Жаркент қ., Иванов к., 94 8(72831)51034

14

Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы Кеген а., Лебаев к., 43 8(72777)21911

15

Сарқанд аудандық аймақтық инспекциясы Сарқанд қ., Қабанбай Батыр к., 6 8(72839)21089

16

Талғар аудандық аумақтық инспекциясы Талғар қ., Абылай хан к.,98 20783

17

Ұйғыр аудандық аймақтық инспекциясы Шонжы а., Ж. Құдайбергенов к., 119 8(72778)21800

18

Талдықорған қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Талдықорған қ., Қаблiс жырау к., 207 8 (7282) 301980

Атырау облысы

1

Атырау аудандық аумақтық инспекциясы Атырау қ., Орманшар ш.а., 49 а 8(7122)282941; 292071

2

Жылыой аудандық аймақтық инспекциясы Құлсары қ., 8-учаске 8(71237) 55730

3

Мақат аудандық аумақтық инспекциясы Мақат к., Орталық алаң, 2 8(71239)31110

4

Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы Махамбет а., Ветстанция, 1 8(71236) 30210

5

Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы Миялы а., Құттыбаев к, 16 8(71238)21324

6

Индер аудандық аумақтық инспекциясы Индер к., Қаражанов к.,9 8(71234)22244

7

Исатай аудандық аумақтық инспекциясы Аққыстау а., Ынтымақ к., 45 8(71231)20952

8

Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы Ганюшкино а., Ветстанция, 1 8(71233) 23063

Шығыс Қазақстан облысы

1

Ш. Қазақстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Өскемен қ., Крылов к., 40 8(7232) 259920, 254008 ф.

2

Абай аудандық аумақтық инспекциясы Қарауыл а., Баян к., 25 8(72252) 91308

3

Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы Аягөз қ., Осенний орамы, 48 а 8(72237)33540

4

Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Большая Владимировка а., Совхозная к., 38 8(7222)91604

5

Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы Бородулиха а., СТО, 4 8(72351)21932

6

Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы Глубокое а., Пирогов к., 6 8(72331)22870, 21552

7

Жарма аудандық аумақтық инспекциясы Қалбатау а., Мұсылманқұлов к., 21 8(72347)65582

8

Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы Зайсан қ., Стамбетова к., 10 8(72340)21393

9

Зырян аудандық аумақтық инспекциясы Зырян қ., Бриллин к, 55 8(72335)61718

10

Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Үлкен нарым а,, Слямов к.,136 8(72341)21833

11

Көкпектi аудандық аумақтық инспекциясы Көкпектi а., Қабанбай к., 81 8(72348)21808

12

Күршiм аудандық аумақтық инспекциясы Күршiм а., Момышұлы к.,12 8(72339)31280

13

Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы Ақсуат а., Қабанбай к., 24 8(72346)21405

14

Ұржар аудандық аймақтық инспекциясы Ұржар а., Калинин к., 1 8(72230)34739

15

Ұлан аудандық аймақтық инспекциясы Молодежный кентi 8(72338)27366

16

Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы Шемонаиха а, Мичурина к., 21 8(72332)30630

17

Риддер аудандық аумақтық инспекциясы Риддер қ., Қонаев к., 40 8(72336) 40930

18

Семей қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Семей қ., Павлодарская к., 106 8(72226)36101

Жамбыл облысы

1

Жамбыл облысының аумақтық инспекциясы Тараз қ., Пушкин к., 140-б 8 (7262) 453362

2

Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкемер а., Орынқұлов к., 89 8 (72637) 22559, 21931

3

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Аса а., Промышленная к. 3 8(72633)21707, 21257

4

Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы 080300 Б.Момышұлы а., 93 8(72635)21592, 21311

5

Қордай аудандық аумақтық инспекциясы Қордай а., Жiбек жолы к., 108 8(72636)42170, 26438

6

Меркi аудандық аумақтық инспекциясы Меркi а., Панфилов к., 6 8 (72632) 24888, 24887

7

Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы Мойынқұм а., Көшенов к., 5 8 (72642) 24820, 24970

8

Т. Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы Құлан а., Асылов к., 54 8(72631)21975, 21221

9

Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы Саудакент а., Асанов к., 7 8 (72639) 22052, 22130

10

Талас аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл ААИ, Қонаев к., 17 8(72641)21446, 21169

11

Шу аудандық аумақтық инспекциясы Төле би а., Асатұлы к., 21 8(72638)32587, 32568

12

Тараз қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Тараз қ., 12 ш.а., 23-үй, 22-пәтер 8 (7262) 347201, 347179

Батыс Қазақстан облысы

1

Батыс Қазақстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Орал қ., Қ. Аманжолов к., 75 8(7112)515446, 507529

2

Ақжай аудандық аумақтық инспекциясы Чапаев а., Мендалиев к., 23 8(71136)92424

3

Бөрлi аудандық аумақтық инспекциясы Ақсай қ., Советская к., 81/2 8(71133)21710

4

Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясы Сайқын а., Жәнiкешов к., 16 8(71140)21320

5

Жаңақала аудандық аймақтық инспекциясы Жаңақала а., Заправочная к., 2 8(71141)21712

6

Жәнiбек аудандық аумақтық инспекциясы Жәнiбек а., Чурин к., 19 8(71235)21898

7

Зеленое аудандық аумақтық инспекциясы Переметное а., Набережная к., 59 8(71130)22708

8

Зеленое аудандық аумақтық инспекциясы Даринск а., Жеңiстiң 40 жылдығы к., 43 8(71131)21985

9

Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы Қазталов а., Ветстанция к., 1 8(71144)31129

10

Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы Қаратөбе а., Құрманғали к., 13 8(71145)21468

11

Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты а,, Қазақстан к., 15 8(71134)31267

12

Тасқала аудандық аймақтық инспекциясы Тасқала а., Ветстанция к. 8(71139)21897

13

Теректi аудандық аумақтық инспекциясы Федоровка а., Ленин к., 162 8(71132)21953

14

Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы Шыңғырлау а., Сырым Датов к., 108 8(71137)33155

15

Орал қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Орал қ., Конкин к., 5 8(7112)37585

Қарағанды облысы

1

Қарағанды қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Қарағанды қ., Лобода к., 20 8(7212) 563595 567819 ф.

2

Қарағанды аудандық аумақтық инспекциясы Қарағанды қ., Прогресс к., 23 8(7212)437823

3

Қаражал аудандық аумақтық инспекциясы Қаражал қ., Сардары Сарытоқа к.,1 8(71032)26879

4

Абай аудандық аумақтық инспекциясы Абай қ., 3 ш.а., 42 үй 8(72131)44560

5

Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай к., Оразалин к., 14 8(71037)21861

6

Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы Ботақара а., Шопанай к., 3 8(72154)21798

7

Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы Атасу к., Жамбыл к., 124 8(71030) 27502

8

Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы Қарқаралы қ., Игенсартов к., 35 8(72146)31432

9

Нұра аудандық аумақтық инспекциясы Киевка к., Ленин к., 2 а 8(72144) 22657

10

Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы Осакаров к., Шеткебұлақ к., 1 8(72149) 42072

11

Шет аудандық аумақтық инспекциясы Ақсу-Аюлы к., Жезқазған к., 62 8(71031)22280

12

Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы Ұлытау а., Бұлқышев к., 30 8(71035) 21204

13

Балқаш қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Балқаш қ., Желтоқсан к., 20 8(71036) 65426

14

Жезқазған қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Жезқазған қ., Балычная к., 16 8(71027) 60557

15

Темiртау қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Темiртау қ., 7 ш.а.., 55 үй 8(72139)88114

16

Саран қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Саран қ., Саран к., 2/1 үй 8(72137)25684

Қостанай облысы

1

Қостанай облысының аумақтық инспекциясы Қостанай қ., Гоголь к., 79 а 8(7142)501199

2

Алтынсары аудандық аумақтық инспекциясы Обаған қ., Строительная к., 2 8(71445)34113

3

Амангелдi аудандық аумақтық инспекциясы Амангеддi а., Б. Майлин к., 18 8(71440)21548

4

Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы Әулиекөл а., Байтұрсынов к., 48 8(71453)21072

5

Жангелдi аудандық аумақтық инспекциясы Торғай а., Құлжановтар к., 66 8(71439)21580

6

Денисов аудандық аумақтық инспекциясы Денисовка а., Дорожная к., 1 8(71434)91837

7

Жiтiқара аудандық аумақтық инспекциясы Жiтiқара қ., Д.Асанбаев к., 51 үй 8(71435)27656

8

Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы Қамысты а., Ленин к., 61 8(71437)22218

9

Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы Қарабалық к., Космонавттар к., 16 8(71441)33285

10

Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу к., Исаков к., 66 8 (71452) 22062

11

Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы Затобольск к., Терешкова к., 13/1 8(71455)21463

12

Меңдiқара аудандық аумақтық инспекциясы Боровской а., Алтынсарин к., 83 8(71443)21894

13

Наурызым аудандық аумақтық инспекциясы Қарамеңдi а., Шаяхметов к., 2 8(71454)21652

14

Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкөл к., Миронов к., 1а 8 (71451) 22740

15

Таран аудандық аумақтық инспекциясы Таран а., Западная к., 3 8 (71436) 36157

16

Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынкөл а., Октябрдiң 60 жылдығы к., 23 8(71444)21842

17

Федоров аудандық аумақтық инспекциясы Федоров а., Пушкин к., 56 8 (71442) 22150

18

Арқалық қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Арқалық қ., Абай даңғылы, 29 8 (71430) 70364

Қызылорда облысы

1

Қызылорда облысының аумақтық инспекциясы Қызылорда қ, Мостовая 2 8(7242) 212562, 212568

2

Арал аудандық аумақтық инспекциясы Арал қ., М. Сәдiбеков к.,118 8(72433) 21951

3

Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы Қазалы ауданы, Түктiбаев к., 78 8(72438)23645

4

Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы Қармақшы ауданы, Момышұлы к., 101 8 (72437) 21286

5

Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр к., 224 8(7243)131882

6

Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы Сырдария ауданы, Ғ. Мұратбаев к., 93 8(72436)21133

7

Шиелi аудандық аумақтық инспекциясы Шиелi ауданы, Бөгенбай батыр к., 21 8 (72432) 43788

8

Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы Жаңақорған ауданы, Мұсаханов к., 105 8(72435)22185

Маңғыстау облысы

1

Маңғыстау облысының аумақтық инспекциясы Ақтау қ, 23 ш.а., 39-үй 8(7292)605040

2

Жаңаөзен қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Жаңаөзен қ., Мұнайшылар к., 8 8(7234)32639

3

Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы Бейнеу к., Бизнес орталық 8(72932)21167

4

Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы Құрық а., Босан батыр к., 6 8(72937) 22330

5

Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы Шетпе к., Орталық кiтапхана 8(72931)21499

6

Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы Форт-Шевченко қ., Ж. Мыңбаев к., 46-үй 8 (72938) 22573

Павлодар облысы

1

Павлодар облысының аумақтық инспекциясы Павлодар қ., Крупская к., 71 8(7182)512078

2

Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай а., ветеринарлық кешен 8(71841)21999

3

Ақсу қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Ақсу к., Вокзальная к., 17 8(71837)60742

4

Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы Баянауыл а., Әуезов к., 1 8(71840)91506

5

Железин аудандық аумақтық инспекциясы Железин а., Чкалов к., 21 8(71831)21154

6

Ертiс аудандық аумақтық инспекциясы Ертiс а., Интернациональная к., 6 8(71832)21189

7

Качир аудандық аумақтық инспекциясы Тереңкөл а., Байтұрсынов к. 234 8(71833)22394

8

Лебяжi аудандық аумақтық инспекциясы Лебяжi а., Ыдырысханов к., 39 8(71839)21754

9

Май аудандық аумақтық инспекциясы Көктөбе қ, ветеринарлық кешен 8(71838)91654

10

Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы Павлодар қ., Ленин к., 145 8(7182)324301

11

Успен аудандық аумақтық инспекциясы Успенка а, Терешкова к., 18 8(71834)91636

12

Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы Шарбақты а., ветеринарлық кешен 8(71836)21692

13

Екiбастұз қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Екiбастұз қ., Геологическая к., 205 а 8(71873)36057

Солтүстiк Қазақстан облысы

1

Солтүстiк Қазақстан облысының аумақтық инспекциясы Петропавл қ., Казахстанская правда к., 66 8 (7152) 360141

2

Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы Саумалкөл а. Озерная к., 4 8(71533)21190

3

Ақжар аудандық аумақтық инспекциясы Талшық а. Ветеринарная к., 1 8(71546)21562

4

Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы Смирнов а. Жұмабаев к., 3 8(71532)22489

5

Ғабит Мүсiрепов аудандық аумақтық инспекциясы Новоишим а. Ауелбеков к., 34 8(71535)21640

6

Есiл аудандық аумақтық инспекциясы Явленка а. Фурманов к., 12 8(71543)22485

7

Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Преснов а. Интернациональная к., 35 8(71544)22855

8

Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы Бескөл а. Новая к., 20 8(71538)28177

9

Мағжан Жұмабаев аудандық аумаұтық инспекциясы Булаев а. Водопроводная к., 20 8(71531)22759

10

Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы Мамлют а. Больничный городок 8(71541)22259

11

Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы Тайынша а. Советская к., 191 8(71536)23037

12

Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы Тимирязев а. Целинная к., 13 8(71537)20125

13

Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы Кiшкенекөл а. С. Малiков к., 124 8(71542)22139

14

Шал ақын аудандық аумақтық инспекциясы. Сергеевка а. Степная к., 2 8(71534)21435

Оңтүстiк Қазақстан облысы

1

Оңтүстiк Қазақстан облысының аумақтық инспекциясы Шымкент қ., Қабанбай батыр к., нөмiрсiз 8(7252)551417

2

Арыс қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Арыс қ., Төле-би к., нөмiрсiз 8(72540) 21052, 21255 Ф.

3

Түркiстан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Түркiстан қ., Т.Мыңбасы к., 16 8(72533) 43052, 43167 ф.

4

Бәйдiбек аудандық аумақтық инспекциясы Шаян а., Қадырбаев к., 32 8(72548) 22012, 21459 ф.

5

Қазығұрт аудандық аймақтық инспекциясы Қазығұрт а., Әуезов к., нөмiрсiз 8(72539) 22889, 21405 Ф

6

Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы Жетiсай қ., Маханбет к., 1 8(72534) 67344, 67250 Ф.

7

Отырар аудандық аумақтық инспекциясы Шәуiлдiр а, Жiбек жолы даңғ., 17 8(72544) 21578, 21337ф.

8

Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы Темiрлан а., Қажымұқан к., нөмiрсiз 8(72530) 21586, 21757 ф.

9

Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу а., Панфилов к., нөмiрсiз 8(72531) 20281, 20208 ф.

10

Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы Сарыағаш қ., Майлы қожа к., 8(72537) 22890, 21413 Ф.

11

Созақ аудандық аумақтық инспекциясы Шолаққорған а., Төреқұлов к., 1 8(72546) 42420, 41305 ф.

12

Төле би аудандық аумақтық инспекциясы Леңгiр қ., Есенқұлов к., 55 8(72547) 61427, 62585 ф.

13

Түлкiбас аудандық аумақтық инспекциясы Т. Рысқұлов а., Жантүров к., 17 8(72538) 52440 ф.

14

Шардара аудандық аумақтық инспекциясы Шардара қ., Қасымов к., 17 8(72535) 21309, 22369 ф.

15

Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Алматы қ., Медеу ауданы, Мақатаев к., 15 8(7272) 302792, 738776

16

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қ., Фурманов к., 6 299278

 

_______________________

 

 

 

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлерге Қазақстан Республикасының

iшiнде қолданылатын және экспортқа

арналған ветеринариялық сертификат беру»

мемлекеттiк қызмет стандартына

2-қосымша

Өтініш

орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлерге Қазақстан Республикасының iшiнде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру

 

В_________________________________________________________________

(мемлекеттік орган атауы)

От________________________________________________________________

(Т.А.Ажеке тұлға/занды тұлға атауы)

 

Ветеринариялық сертификатты беруды сұраймын_________________________

_________________________________________________________________

(орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң атауы)

объектiнiң мөлшерi __________________________________________________

(келі, тонн, бас,дана)

жүру маршрутты (орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнi тасымалдауды жүзеге асыру болжанатын елдердiң мемлекеттiк шекарасындағы өткiзу пункттерiн көрсете отырып)_________________________________________________________

жануардың (балықтардан, аралардан, қосмекендiлерден, жәндiктерден басқа) және жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзаттың орнын ауыстыру кезiнде – жануардың жеке нөмiрi _____________________________________________

_________________________________________________________________

экспорттың мақсаттары (жануарлар үшiн – өсiру және бағу, сату, етке сою; өнiмдер үшiн – өткiзуге, қайта өңдеуге; азық және азықтық қоспалар үшiн – ол арналған жануарлар түрi)_____________________________________________________________

_________________________________________________________________

Рұқсаттың нөмері және күні___________________________________________

_________________________________________________________________

Есептік нөмірі ___________________________________________________

ИИН/БИН________________________________________________________

Мекен-жайы________________________________________________________

Нөмірі телефоны_________________E-mail_____________________________

«_____»________________20___жыл

 

_________________________________________________________________

(қолы)   (аты-жөні жеке тұлға/атауы занды тұлға)

 

 

«_____»________________20___год

 

__________________________________________________________________

(қолы)  (аты-жөні қызметі тұлғаның)

 

______________________

 

 

 

«Орны ауыстырылатын (тасымалданатын)

объектiлерге Қазақстан Республикасының

iшiнде қолданылатын және экспортқа

арналған ветеринариялық сертификат беру»

мемлекеттiк қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат алу үшін талаптар

 

№ п/п

Біліктілік талаптар мыналардың болуын талап етеді:

Құжаттар

Ескертулер

1

2

3

4

1.

     экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша;

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері, оның өлшем бірлігі;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы ел (импорттаушы ел) және шыққан жері;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде пайдалануға көзделетін көлік түрі;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдауды олар арқылы жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жүру маршрутты;
импорттың, экспорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – өсіру және бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізуге, қайта өңдеуге; азық және азықтық қоспалар үшін – ол арналған жануарлар түрі);
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пункті;
жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктерін (дериваттарын), оның ішінде олар құжаттары, орама жапсырмасы немесе таңбалануы бойынша немесе басқа да белгілері бойынша құрып кету қаупі төніп тұрған және СИТЕС қолданылатын жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваттары) болып табылатындарды не болып табылуы мүмкіндерді әкелген жағдайда Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы 1973 жылғы 3 наурыздағы конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) қолданылатын жануарлардың, олардың бөліктерінің және/немесе дериваттарының импортына рұқсаттың нөмірі;
ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспалардың экспорты кезінде шыққан елі мен тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күнін) және азықтық қоспаларды, ветеринариялық препараттарды көрсете отырып, өндіруші ұйым;

    Ақпаратты  құрайтын  төмендегілер жайлы мәліметтер формасы:

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері, оның өлшем бірлігі;

орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы ел (импорттаушы ел) және шыққан жері;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорты, импорты кезінде пайдалануға көзделетін көлік түрі;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдауды олар арқылы жүзеге асыру көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жүру маршрутты;
импорттың, экспорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – өсіру және бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізуге, қайта өңдеуге; азық және азықтық қоспалар үшін – ол арналған жануарлар түрі);
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (қайта өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен олардың есептік нөмірін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы межелі пункті;
жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктерін (дериваттарын), оның ішінде олар құжаттары, орама жапсырмасы немесе таңбалануы бойынша немесе басқа да белгілері бойынша құрып кету қаупі төніп тұрған және СИТЕС қолданылатын жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваттары) болып табылатындарды не болып табылуы мүмкіндерді әкелген жағдайда Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы 1973 жылғы 3 наурыздағы конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) қолданылатын жануарлардың, олардың бөліктерінің және/немесе дериваттарының импортына рұқсаттың нөмірі;
ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспалардың экспорты кезінде шыққан елі мен тіркеу куәлігінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күнін) және азықтық қоспаларды, ветеринариялық препараттарды көрсете отырып, өндіруші ұйым;

 

2.

     экспорттаушы елдің ресми органы малдың әрбір басына берген асыл тұқымдық куәлігінің немесе оған барабар құжат (асыл тұқымды малды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде);      экспорттаушы елдің ресми органы малдың әрбір басына берген асыл тұқымдық куәлігінің немесе оған барабар құжаттың көшірмесі;  

3.

     ветеринариялық зертханалық зерттеулердің сараптама актісі.       ветеринариялық зертханалық зерттеулердің сараптама актісі туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.  

 

 

_____________________________

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus