Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ветеринариялық препараттарға тiркеу куәлiгiн беру бойынша стандартының жобасы

Ветеринариялық препараттарға тiркеу куәлiгiн беру бойынша стандартының жобасы

«Оларды мемлекеттiк тiркей отырып, ветеринариялық препараттарға тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызмет ‒ «Оларды мемлекеттiк тiркей отырып, жөмшөп қоспаларына тiркеу куәлiгiн беру» (бұдан әрі ‒ мемлекеттік қызмет).

2. Әзірлеуші мемлекеттік орган ‒ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі ‒ Комитет);

2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы көрсетіледі.

 

2. мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін

 

4. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:

1) тұтынушы осы Стандарттың 9-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

тiркеу сынақтарын ескере отырып ‒ 96 (тоқсан алты) күнтiзбелiк күннiң iшiнде;

байқаудан өткiзудi ескере отырып ‒ 2 (екi) жыл 41 (қырық бiр) күнтiзбелiк күннiң iшiнде;

Оның iшiнде:

Комитет кеңсесi құжаттар пакетiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қарастырады (бас тартады), сараптамаға және сынаққа жiбередi;

ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми-техникалық Кеңестiң сараптаманы жүзеге асыруы ‒ 1 (бiр) айдан аспайды;

тiркеу сынақтары ‒ 55 (елу бес) күнтiзбелiк күннен аспайды;

байқаудан өткiзу ‒ 2 (екi) жылдан аспайды;

уәкiлеттi орган зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi негiзiнде 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде шешiм қабылдайды;

2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең жоғарғы рұқсат етiлген уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғарғы рұқсат етiлген уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:электрондық және қағаз.

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi ветеринариялық препараттарды тiркеу куәлiгiн (қағаз тасымалдағышта) беру, не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап болып табылады.

Порталда – ветеринариялық препараттарды тiркеу куәлiгiн беру не жазбаша түрдегі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап туралы хабарлама.

7. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде жүзеге асырылады Ветеринариялық препараттарды бақылаудан өткiзу, серияларын бақылау және тiркеу сынақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағалар прейскурантына сәйкес тұтынушының қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет құнын банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын екiншi деңгейлi банктер немесе ұйымдар арқылы төлейдi.

Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеген кезде құжаттардың мынадай нысандарын толтырады:

1) қолма-қол ақы төлеу тәсiлi кезiнде – ақы төлеу туралы түбiртек;

2) «Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуiрдегi № 179 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне сәйкес қолма-қол жасалмайтын ақы төлеу тәсiлi кезiнде — төлем тапсырмасы.

Мемлекеттiк қызмет үшiн ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетiнiң «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК бенефициарына аударылады, СТН 010240001343, «КАЗКОМЕРЦБАНК» АҚ,ЖИК KZ099261501105731000, БИК KZKOKZKX.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледiмына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 605-кабинет.

Порталда – тәулік бойы.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды береді:

Комитетте:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік;

3) заңды тұлғалар үшін – куәлік* немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

5) ғылыми-техникалық құжаттама (бұдан әрі – ҒТҚ) екі дана мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал шетелдіктер үшін ағылшын мен мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми аудармасы бар құжаттар пакеті;

6) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі белгілеген нормативтерге сәйкес ветеринариялық препараттардың үлгілері (қолма-қол беріледі);

7) фармакологиялық заттарды мемлекеттік тіркеу кезінде – үлгімен қоса ветеринариялық препарат субстанциясының үлгісін табыс етуге міндетті(қолма-қол беріледі);

Портал арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, жеке куәлік, куәлік* немесе анықтаманы  беру талап етілмейді.

Порталда:

1) тұтынушының ЭСҚТ куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;

2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік;

3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

5) нормативтерге сәйкес ветеринариялық препараттардың үлгілері (қолма-қол беріледі);

6) фармакологиялық заттарды мемлекеттік тіркеу кезінде – үлгімен қоса ветеринариялық препарат субстанциясының үлгісін табыс етуге міндетті(қолма-қол беріледі).

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

1) осы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың болмауы;

2) ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми техникалық кеңестiң терiс қорытындысының нәтижелерi және апробация мен тiркеу (қайта тiркеу) сынақтарының нәтижелерi бар сараптама актiсi негiз болады;

3) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеу қойылады және сұранысты жіберген тұлға сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қолжетімділік құқығына ие болмауы;

4) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа ие еместігі және оған оның кімнің иелігінде екендігінің белгісіздігі;

5) сұраныстың мәнін нақтылаған кезде, сұрап отырған тұлғаның тап қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы қолдау көрсетіп отырғанын анықтау мүмкін болмауы;

6) шығындар төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделмеген жағдайда, электрондық ақпараттық ресурсты сұрап отырған тұлға сұранысты орындау шығынын төлемеуі негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Аумақтық инспекциядан немесе электрондық құжат нысанында «порталдағы жеке кабинеттен» алады.

 

3. Мемлекеттік қызметті шағымдану тәртібі

 

11. Комитеттiң лауазымды адамның әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 604-кабинет, телефон (8-7172) 555-407, e-mail: veterinar@minagri.kz, Комитеттiң заң қызметi маманы жүзеге асырады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 202-кабинет, телефон (8-7172) 555-763, www.minagri.gov.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.

13. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 605 кабинет, телефон (8-7172) 555-815, e-mail: veterinar@minagri.кz, жұмыс күндерi, демалыс және мереке күндерiн есептемегенде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.

14. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

15. Шағым жазба түрiнде (еркiн) нысанда (дәлелдi бас тартудың көшiрмесiмен ‒ болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Комитет кеңсесiнде қабылданады.

16. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретiнде берiлген шағымға жауап алатын күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны көрсетiлген, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге талаптар

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпараттар:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.minagri.gov.kz;

2) комитеттің үй-жайларында ілінген стендтерде және ақпараттық тақтайларда;

3) «жеке кабинетінде» –порталында.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпараттар, сондай-ақ, call-центр (1414) телефоны бойынша беріледі.

18. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн түрi бойынша қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 605-кабинет, телефон (8-7172) 555-815, e-mail: vetermar@minagri.кz Комитет кеңсесiнен, Комитетте iлiнген стендтерден ала алады.

 

______________________

«Ветеринариялық препараттарға, оларды

мемлекеттiк тiркей отырып (қайта тiркеу)

тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет

стандартына қосымша

 

 

ӨТIНIШ

Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараты мемлекеттiк тiркеудi (қайта тiркеудi), апробацияны өткiзудi сұраймын

_______________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________

(ветеринариялық препараттың саудалық және жалпы қабылданған аты)

1. Ветеринариялық препаратты Мәлiмдеушi

________________________________________________________________

_______________________________________________________________

(заңды тұлғаның аты, жеке тұлғаның Ф.А.Ә.)

2. Мәлiмдеушiнiң мекен-жайы, телефоны, факсi, банкiлiк реквизиттерi

________________________________________________________________

_______________________________________________________________

3. Ветеринариялық препарат туралы мәлiмет:______________________

_______________________________________________________________

3.1. Құрамы________________________________________________

3.2. Емдеу үлгiсi_____________________________________________

3.3. Тағайындау______________________________________________

3.4. Препаратты әзiрлеушi_____________________________________

________________________________________________________________

(жеке тұлғаның Ф.А.Ә. заңды тұлғаның аты,                         мекен-жайы)

3.5. Препаратты өндiрушi______________________________________

(заңды тұлғаның аты, жеке тұлғаның Ф.А.Ә. мекен-жайы)

4. Мәлiмдеушiнiң өкiлi________________________________________

(Ф.А.Ә. және өкiлдiң лауазымы)

5. Өтiнiшке мынадай нормативтiк-техникалық құжаттар енгiзiледi

_________________________________________________________________________________________________________________________________

6. Мәлiмдеушi ветеринариялық препаратты мемлекеттiк тiркеуге (қайта тiркеуге), (керегiн сызу қажет) шығымдарды төлеуге кепiл болады.

_________________________________________________________________________________________________________________________________

Өтiнiш берiлдi:

200_ж.”___”______________ ________________________________________________________________

(қолы)             (Мәлiмдеушiнiң өкiмiнiң Ф.А.Ә.)

8. Өтiнiш қабылданды:

200_ж.”___”___________ ________________________________________________________________

(қолы)      (өтiнiштi қабылдаушың қызметi және Ф.А.Ә.)

9. Өтiнiш қабылданды:

200_ж.”___”___________ ________________________________________________________________

(қолы)     (өтiнiштi қабылдаушың қызметi және Ф.А.Ә.)

 

_____________________

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus