Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жөмшөп қоспаларына тiркеу куәлiгiн беру бойынша стандартының жобасы

Жөмшөп қоспаларына тiркеу куәлiгiн беру бойынша стандартының жобасы

«Оларды мемлекеттiк тiркей отырып, жөмшөп қоспаларына тiркеу куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелерді

 

1. Мемлекеттік қызмет ‒ «Оларды мемлекеттiк тiркей отырып, жөмшөп қоспаларына тiркеу куәлiгiн беру» (бұдан әрі ‒ мемлекеттік қызмет).

2. Әзірлеуші мемлекеттік орган ‒ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі.

3. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі ‒ Комитет);

2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2. мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін

 

4. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:

1) тұтынушы осы Стандарттың 9-тармағында анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

Комитет құжаттар пакетiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қарастырады (бас тартады), сараптамаға және сынаққа жiбередi;

тiркеу сынақтары ‒ 60 (алпыс) күнтiзбелiк күннен аспайды;

байқаудан өткiзу ‒ 2 (екi) жылдан аспайды;

уәкiлеттi орган зертханалық зерттеулердiң нәтижелерi негiзiнде 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде шешiм қабылдайды;

2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең жоғарғы рұқсат етiлген уақыт 30 (отыз) минуттан аспайды;

3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң ең жоғарғы рұқсат етiлген уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық және қағаз.

6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi жемшөп пен жемшөп қоспаларына тiркеу куәлiгiн (қағаз тасымалдағышта) беру, не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап болып табылады.

Порталда – ветеринариялық сертификатты беру туралы мәлімдеу, немесе электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап.

7. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде жүзеге асырылады. Жемшөп қоспаларының бақылаудан өткiзу, серияларын бақылау және тiркеу сынақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағалар прейскурантына сәйкес тұтынушының қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет құнын банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын екiншi деңгейлi банктер немесе ұйымдар арқылы төлейдi.

Тұтынушы мемлекеттiк қызметке ақы төлеген кезде құжаттардың мынадай нысандарын толтырады:

Мемлекеттiк қызмет үшiн ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетiнiң «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК бенефициарына аударылады, СТН 010240001343, «КАЗКОМЕРЦБАНК» АҚ,ЖИК KZ099261501105731000, БИК KZKOKZKX.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiнгi түскi үзiлiспен ұсынылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледiмына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 605-кабинет.

Порталда – тәулік бойы.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды береді:

Комитетте:

1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік;

3) заңды тұлғалар үшін – куәлік* немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

5) жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттама (бұдан әрі − НТҚ) (тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) жемшөп қоспаларына НТҚ).

Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енген ғылыми-зерттеу институтының НТҚ-ға қорытынды бар туралы ақпараттарды құрайтын ақпараттар формасы.

Мынадай көлемдегі жемшөп қоспаларының үлгілері: жемшөп қоспалары – үш орам немесе 500 грамнан 1 килограмға дейін;

Портал арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, жеке куәлік, куәлік* немесе анықтаманы  беру талап етілмейді.

Порталда:

1) тұтынушының ЭСҚТ куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;

2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік;

3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

5) жемшөп қоспаларына НТҚ (тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) жемшөп қоспаларына НТҚ) – электрондық құжат түрінде.

Осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енген ғылыми-зерттеу институтының НТҚ-ға қорытынды бар туралы ақпараттарды құрайтын ақпараттар формасы;

Мынадай көлемдегі жемшөп қоспаларының үлгілері: жемшөп қоспалары – үш орам немесе 500 грамнан 1 килограмға дейін.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар:

1) осы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың болмауы;

2) зертхана сынақтарының нәтижелерi негiз болады.

3) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеу қойылады және сұранысты жіберген тұлға сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қолжетімділік құқығына ие болмауы;

4) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа ие еместігі және оған оның кімнің иелігінде екендігінің белгісіздігі;

5) сұраныстың мәнін нақтылаған кезде, сұрап отырған тұлғаның тап қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы қолдау көрсетіп отырғанын анықтау мүмкін болмауы;

6) шығындар төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделмеген жағдайда, электрондық ақпараттық ресурсты сұрап отырған тұлға сұранысты орындау шығынын төлемеуі негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Аумақтық инспекциядан немесе электрондық құжат нысанында «порталдағы жеке кабинеттен» алады.

 

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі

 

11. Комитеттiң лауазымды адамның әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым беру тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағымды дайындауда жәрдем көрсетудi мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 604-кабинет, телефон (8-7172) 555-407, e-mail: veterinar@minagri.кz, Комитеттiң заң қызметi маманы жүзеге асырады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiнен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 202-кабинет, телефон (8-7172) 555-763, www.minagri.gov.kz, демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс күндерi, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.

13. Дөрекi қызмет көрсеткен жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi төрағасының атына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 605 кабинет, телефон (8-7172) 555-815, e-mail: veterinar@minagri.kz, жұмыс күндерi, демалыс және мереке күндерiн есептемегенде сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. түскi үзiлiспен сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн берiледi.

14. Тұтынушы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

15. Шағым жазба түрiнде (еркiн) нысанда (дәлелдi бас тартудың көшiрмесiмен – болған жағдайда) қоса пошта немесе қолма-қол Комитет кеңсесiнде қабылданады.

16. Өтiнiш берушiге оның шағымының қабылданғаны туралы растама ретiнде берiлген шағымға жауап алатын күнi мен уақыты, мерзiмi мен орны көрсетiлген, шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге де талаптар

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпараттар:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.minagri.gov.kz;

2) комитеттің үй-жайларында ілінген стендтерде және ақпараттық тақтайларда;

3) «жеке кабинетінде» –порталында.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпараттар, сондай-ақ, call-центр (1414) телефоны бойынша беріледі.

18. Тұтынушы мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлетiн түрi бойынша қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36, 605-кабинет, телефон (8-7172) 555-815, e-mail: veterinar@minagri.kz Комитет кеңсесiнен, Комитетте iлiнген стендтерден ала алады.

 

_____________________

«Жемшөп қоспаларына,

оларды мемлекеттiк тiркей отырып

тiркеу куәлiгiн беру»

мемлекеттiк қызмет стандартына

1-қосымша

 

Қазақстан Республикасында азық қоспасын мемлекеттiк тiркеудi сұраймын___________________________________________________________

____________________________________________________________________

(азық қоспасының саудалық және жалпы қабылданған аты)

1. Азық қоспасын өтiнiш берушi __________________________________

____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

2. Мәлiмдеушiнiң мекен-жайы, телефоны, факсi, банкi деректемелерi __

____________________________________________________________________

3. Азық қоспасы туралы мәлiмет:

3.1. Құрамы_____________________________________________________

____________________________________________________________________

3.2. Үлгiсi ______________________________________________________

(азық қоспасының үлгiсiн көрсету)

3.3. Тағайындау ________________________________________________

____________________________________________________________________

3.4. Азық қоспасын әзiрлеушi _____________________________________

____________________________________________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә., заңды тұлғаның атауы, мекенжайы)

3.5. Азық қоспасын өндiрушi ______________________________________

____________________________________________________________________

(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның Т.А.Ә, мекен-жайы)

4. Өтiнiш берушiнiң өкiлi _________________________________________

____________________________________________________________________

(өкiлдiң Т.А.Ә. және лауазымы)

5. Өтiнiшке мынадай нормативтiк-техникалық құжаттар қоса берiлдi____

____________________________________________________________________

6. Өтiнiш берушi азық қоспасын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi шығыстарды төлеуге кепiл болады.

7. Өтiнiш берiлдi:

20_____ж. «____» ________________

_________________________________________________________________

                      (қолы)        (өтiнiш берушi өкiлiнiң Т.А.Ә.)

8. Өтiнiш Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiне қабылданды:

20_____ж. «____»_________

_________________________________________________________________

(қолы) (өтiнiштi қабылдаушының қызметi және Т.А.Ә.)

9. Өтiнiш мемлекеттiк ветеринариялық ұйымға қабылданды:

20_____ж. «____»______

__________________________________________________________________

(қолы) (өтiнiштi қабылдаушының қызметi және Т.А.Ә.)

 

______________________________

 

«Жемшөп қоспаларына,

оларды мемлекеттiк тiркей отырып

тiркеу куәлiгiн беру»

мемлекеттiк қызмет стандартына

2-қосымша

 

Жемшөп қоспаларына, оларды мемлекеттiк тiркей отырып

тiркеу куәлiгiн беру қорытынды алу үшін талаптар

№ п/п

Талаптар мыналардың болуын талап етеді:

Құжаттар

Ескертулер

1

2

3

4

1.

      1) «Тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсiлген, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) азық қоспалары үшiн азық қоспаларына нормативтiк-техникалық құжаттама (бұдан әрi – НТҚ);

2) уәкiлеттi орган айқындайтын ғылыми-зерттеу мекемесiнiң НТҚ-ға қорытындысы;

3) азық қоспасын өндiру туралы деректерi бар құжат;

4) азық қоспасын бақылау әдiстерi;

5) азық қоспасы сапасының сертификаты;

6) егер азық қоспасы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тiркелген болса, оның тiркелгенiн растайтын құжаттар;

7) егер Қазақстан Республикасының сауда белгiлерi, қызмет көрсету белгiлерi және заттың шыққан жерiнiң атауы туралы заңнамасына сәйкес сауда белгiсi ретiнде тiркелсе, азық қоспасының бiрегей атауы туралы түпнұсқа дерек құжаттары;

8) азық қоспаларының үлгiлерi мынадай көлемде – үш орам немесе 500 грамнан 1 килограмға дейiн.

       Ақпаратты  құрайтын  төмендегілер жайлы мәліметтер формасы:

1) «Тағам өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкiлеттi органмен келiсiлген, Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) азық қоспалары үшiн азық қоспаларына нормативтiк-техникалық құжаттама (бұдан әрi – НТҚ);

2) уәкiлеттi орган айқындайтын ғылыми-зерттеу мекемесiнiң НТҚ-ға қорытындысы;

3) азық қоспасын өндiру туралы деректерi бар құжат;

4) азық қоспасын бақылау әдiстерi;

5) азық қоспасы сапасының сертификаты;

6) егер азық қоспасы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде тiркелген болса, оның тiркелгенiн растайтын құжаттар;

7) егер Қазақстан Республикасының сауда белгiлерi, қызмет көрсету белгiлерi және заттың шыққан жерiнiң атауы туралы заңнамасына сәйкес сауда белгiсi ретiнде тiркелсе, азық қоспасының бiрегей атауы туралы түпнұсқа дерек құжаттары;

8) азық қоспаларының үлгiлерi мынадай көлемде – үш орам немесе 500 грамнан 1 килограмға дейiн.

 

 

__________________________

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus