Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру бойынша

Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру бойынша

«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

 

 

  1. 1.       Жалпыережелер

 

1. «Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет)стандарты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін мемлекеттік органы–Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2. Мемлекеттiк қызмет мекенжайлары осы стандартқа  1-қосымшада көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi – жергiлiктi атқарушы орган), сондай-ақ www.e.gov.kz«электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау»  веб-порталы (бұдан әрі  –  портал) арқылы көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет тұқым шаруашылығы саласында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетiледi.

 

 

  1. 2.       Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1)    жергілікті атқарушы органда:

мемлекеттік қызмет алушы өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны беру үшін – он жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу үшін – жеті жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде;

қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты – отыз минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты – отыз минуттан аспайды;

2)    порталда:

мемлекеттік қызмет алушы өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны беру үшін – он жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны қайта ресімдеу үшін – жеті жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде.

Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік қызмет алушы қажетті құжаттарын тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда жергілікті атқарушы орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

  1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
  2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын (бұдан әрі –  лицензия) беру не уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжаттар нысанындамемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді түрдегі жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызмет алушы уәкілетті органға лицензияны қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда лицензия электронды форматта ресміделеді, басып шығарылады, мөр басылады және оған жергілікті атқарушы органның басшысы қол қояды.

Егер жергілікті атқарушы орган белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не лицензияны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оны беру мерзімі өткен күннен бастап лицензия берілді деп есептеледі.

Жергілікті атқарушы орган лицензияны беру мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны беруге міндетті.

  1. Мемлекеттік қызмет  ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшін мемлекеттік қызмет алушы «Салық және бюджетке төленетің басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде және тәртіппен бюджетке қызмет айналысу құқығы үшiнлицензиялық алымды қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілментөлейді.

Лицензия және лицензияның телнұсқасын беруге лицензиялық алымның мөлшерлемесі 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды, лицензия қайта ресімдеуге – лицензия беру кезіндегі мөлшерлемеден 10%, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен артық емес.

Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік жіктеуіш коды – 105402, төлем тағайындау коды –  911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Портал арқылы лицензия алуға электронды түрде сұрау берілген жағдайда, төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне лицензиялық  алымның төленгені туралы үшін электронды чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жұмыс кестесі:

1) құжаттарды жергілікті атқарушы органдарда уәкілетті органа қабылдау почта арқылы немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес мекенжайлар бойынша.

Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

2) порталда – тәулік бойы.

9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:

жергiлiктi атқарушы органдарға:

1)    лицензия алу үшiн:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

өтініш берушінің заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiк* немесе анықтама;

уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және мемлекеттік алушының өкілі өтініш берген кезде өкілдікке уәкілдікті куәландыратын құжат;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқасы);

біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде қамтылған лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат құжаттарының мәліметтерін Портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы берілген куәлік заңды тұлғаның қызметiн тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;

2)    лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқасы).

3)  лицензияның телнұсқасын алу үшін:

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған нұсқасы).

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелеріндегі лицензия туралы мәліметтерді Портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ кәуәландырылған электронды құжаттар нысанында алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде жергілікті атқарушы органның жұмыскері түпнұсқасын көшірмесімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Порталда:

1)    лицензия беру үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат.

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қызметтің тиісті кіші түріне мәліметтер нысаны түрінде біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде қамтылған лицензия және (немесе) ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат құжаттарының мәліметтерін жергілікті атқарушы орган Портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады;

2)    лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат;

4)  лицензияның телнұсқасын алу үшін:

мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат.

Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде қамтылған лицензия және ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат құжаттарының мәліметтерін Портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiз:

1) осы субъектiлер санаты үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда жеке қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық жарнаның төленбеуi;

3) мемлекеттiк қызмет алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;

4) мемлекеттiк қызмет алушыға лицензияны беруi тиiс мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;

5) мемлекеттiк қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;

6) сот орындаушысы ұсынымының негiзiнде соттың мемлекеттiк қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;

7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негiздер негiз болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты мемлекеттiк қызмет алушы жергiлiктi атқарушы органда не порталдағы жеке кабинетiнде электрондық құжат түрiнде алады.

 

 

  1. 3.  Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі

 

11. Жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданутәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетуді осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайларда орналасқанжергiлiктi атқарушы органдардың заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.

Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың: (1414) телефоны арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген Дұрыс және емес қызмет көрсеткен жағдайда шағым тиісті әкімніңатына мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:

1)       осы стандартқа1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;

2)       осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналасқан әкімнің блогына жүгіну арқылы беріледі.

Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталықтың: (1414) телефоны бойынша беріледі.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

Шағым шағымда көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаның атына беріледі.

Шағымда мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттабар болса), пошталық мекенжайы, шағым берген күні және мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі мен аты-жөні,өтініш білдіру себептері және талаптары көрсетіледі.

13. Шағым жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру – шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесіндегі лауазымды тұлғалардан алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде, шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қарастырылу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қол жетімді болады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

 

 

4. Өзге де талаптар

 

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1)       Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minаgri.kz интернет-ресурсында;

2)       осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген жергiлiктi атқарушы органдардың интернет-ресурстарында;

3)       порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібітуралы ақпараттыcall-орталықтың1414 телефондары бойынша алуға болады.

15. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушы қосымша ақпаратты жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан ала алады.

 

______________________________

«Астық қолхаттарын беру арқылы,

                                                                        қойма қызметі бойынша қызметтер

    көрсетуге лицензия беру, қайта

  ресімдеу, лицензияның

 телнұсқасын беру» мемлекеттік

    қызмет стандартына

1-қосымша

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының мекенжайы мен телефондары

 


н/т

Жергілікті атқарушы органның атаулары

Орналасқан жерінің мекенжайы

Байланыс деректері

Интернет- ресурс

1

2

3

4

5

1.

«Ақмола облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Көкшетау қаласы,
Абай көшесі 85.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8(7162)25-07-72, 25-55-11;

электрондық пошта: economy_cx@mail.ru,
kanz_akim@akmo.kz

www.akmo.kz

2.

«Алматы облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Талдықорған қаласы,
Тәуелсiздiк көшесі 38.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8(7282)27-08-18;
электрондық пошта: obl_dsh@almaty-reg.
kz, tkoblakimat@ global.kz

www.zhetysu-gov.kz

3.

«Атырау облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Атырау қаласы,
Әйтеке би көшесі 77.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:30-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7122)35-45-03;
электрондық пошта: atirauagro@mail.ru
www.atyrau.gov.kz

4.

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7132)56-03-07, 54-17-39;

электрондық пошта: sh_zemledelie@mail.ru,
do.aktobe@minagri.kz

www.akto.kz

5.

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Өскемен қаласы, М. Горький көшесі 40.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7232)
26-42-48,24-23-04, 20-42-42;
электрондық пошта:
ispaevt@yandex.ru
www.akimvko.gov.kz

6.

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Тараз қаласы,
Абай көшесі 119.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7262)43-28-94, 45-88-31;

факс:45-42-05, 45-46-28

www.zhambyl.kz

7.

«Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Орал қаласы,
Қ.Аманжолов көшесі 75.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7112)51-35-41,45-29-27;
электрондық пошта: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru
www.westkaz.kz

8.

«Қарағанды облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Қарағанды қаласы,
Мир бульвары 39.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7212)42-10-80;

электрондық пошта: dsh_canc@krg.gov.kz

www.karaganda-region.kz

9.

«Қостанай облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Қостанай қаласы, Әль-Фараби даңғылы 66.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7142)57-50-03;
электрондық пошта: dsh-zem@kostanay.
www.kostanay.gov.kz

10.

«Қызылорда облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Қызылорда қаласы,
Ы.Жақаев көшесі 76.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7242)26-26-44;

электрондық пошта:
sh_kyzyl@mail.ru

www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

«Маңғыстау облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 1 үй.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 12:30-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7292)31-17-77;
электрондық пошта: so.mangistau@rambler.ru
www.mangystau.kz

12.

«Павлодар облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Павлодар қаласы
Ак.Сатпаев көшесі 49.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7182)32-25-67;

электрондық пошта: kense.dsh@pavlodar. gov.kz

www.pavlodar.gov.kz

13.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Петропавловск қаласы
Қазақстан Конституциясы көшесі 58.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7152) 46-24-52, 36-07-45;

электрондық пошта: akimat@sko.kz,
dshag@mail.ru

akimat@petr.kz

www.sko.kz

14.

«Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Шымкент қаласы,
Тәукехан көшесі 17.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 15:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

телефон: 8 (7252)53-03-33;

электрондық пошта:dsh_uko@mail.ru

www.ontustik.gov.kz

15.

«Астана қаласыәкiмiнiң аппараты» Мемлекеттiкмекеме Астана қ-сы, Бейбiтшiлiк к-сi, 11-үй.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

тел.: (7172)55-69-80, 55-69-79, 55-54-85;

электрондықпоштасы: usx@astana.kz

www.astana.kz

16.

«Алматы қаласыәкiмiнiң аппараты» Мемлекеттiкмекеме Алматы қ-сы, Республика алаңы, 4-үй.

Жұмыс күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін, алдын-ала жазылусыз. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндері мереке күндері.

тел.: 8 (727) 272-58-17, 271-65-89;электрондықпоштасы: vet_otdelalmaty@rambler.ru www.almaty.kz

 

«Астық қолхаттарын беру арқылы,

                                                                        қойма қызметі бойынша қызметтер

                                                                            көрсетуге лицензия беру, қайта

  ресімдеу, лицензияның

                                                                          телнұсқасын беру» мемлекеттік

      қызмет стандартына

              2-қосымша

 

___________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)
________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

 

Өтiнiш

__________________________________________________________________
(қызметтiң түрi көрсетiлсiн)
__________________________________________________________________

_____________________________________________________ жүзеге асыруға

арналған лицензияны беруді, лицензияны қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқасын беруді сұраймын (қажетінің астын сызу керек)

лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруiңiздi сұраймын.

Мекенжайы __________________________________________________
(индексi, қала, аудан, облыс, телефон, факс, е-mail) _____________________________________________________________

Банк шоты __________________________________________________
(шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi, телефон, факс, е-mail)

Филиалдары (өкiлдiктерi, объектiлерi, пункттерi, учаскелерi)_________
__________________________________________________________________
(орналасқан жерi және деректемелерi)

Қоса берiлетін құжаттар:__________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

Басшы ______   _______________________________________________
(қолы)    (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)–(бұдан әрі–Т.А.Ә.)

_____________________________________________________________

Мөр орны                      20 __ жылғы _____________

Өтiнiш 20 __ жылғы __________________ қарауға қабылданды

_____________________________________________________________
(жауапты адамның қолы, Т.А.Ә.)

______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Астық қолхаттарын беру арқылы,

қойма қызметі бойынша қызметтер

көрсетуге лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның

телнұсқасын беру» мемлекеттік

                                                                                       қызмет стандартына

3-қосымша

 

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша

қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 

 

Астық қоймасына меншік құқығын және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша оған салынған ауыртпалықтың жоқ екенін растайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалған мәмілелерді тіркеу органының заңнамада белгіленген нысан бойынша анықтаманың нөмірі және берілген күні ____________________________

 

жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы _________________­­­­­­­_____

 

меншік иесі  (құқық иеленуші) ___________________________________

 

Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы органның қорытындысының болуы туралы мәліметтер:

 

нөмірі__________________________________________________________

 

күні ___________________________________________________________

 

санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (қорытынды мәртебесі) ____________________________________________________________________

 

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының атауы ______________________________________________________________

 

Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер:

 

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

«___» ____ 20__ жылы бары

Жағдайы

1

2

3

4

астық тазалау машиналары

дана

астық кептіру жабдығы

сағатына дана /тонна

таразы жабдығы (белгіленген

тәртіппен тексерілген

дана

тиеу-түсіру құрылғылары

дана

көтергіш-көлік жабдығы

дана

жылжымалы көлік жабдығы

дана

белсенді желдету жабдығы

дана

астық сақтауға арналған ыдыстар

мың тонна

сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық

жиынтық

асфальтталған алаңдар

шаршы метр

 

Өткізу режимі, аумақтың қоршалуының болуы туралы мәліметтер _____

 

Зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәлік пен өлшеу құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттарының болуы туралы мәліметтер

 

р/с

Құжаттың атауы

Құжаттың нөмірі

Құжаттың басталу күні

іс-әрекетінің аяқталу күні

Метрологиялық қызметтің атауы

1

2

3

4

5

6

 

Жарамды жабдықпен және аспаптармен астық сапасын айқындауға арналған  өндірістік-техникалық зертхананың жабдықталуы туралы мәліметтер

 

Объект

Өлшем бiрлiгi

«___» ____ 20__ жылы бары

1

2

3

Сынама іріктегіштер

дана

 
Ылғал өлшегiштер

дана

 
Кептiргiш шкафтар

дана

 
Зертханалық таразылар

дана

 
Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер

дана

 
Елеуіштер жиынтығы

дана

 
Астық тегін анықтауға арналған  құрал (пурка)

дана

 
Ақуыздың салмақтық үлесін анықтауға арналған құрылғы

дана

 
Дән маңызының салмақтық үлесі мен сапасын анықтауға арналған құрылғы

дана

 
Құлау санын анықтауға арналған құрылғы

дана

 
Астықтың зақымданғандығын анықтауға арналған оптикалық аспаптар

дана

 
Астық сынамаларын сақтауға арналған сөрелер

дана

 

 

Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы туралы мәліметтер:

 

р/с

Маманның Т.А.Ә.

Лаузымы

Білімі бойынша

мамандығы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

 

______________________________________

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus