Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру бойынша стандартының жобасы

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру бойынша стандартының жобасы

 «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

 

1. Мемлекеттік қызмет стандартының атауы: «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру».

2. Әзірлеуші мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі.

3. Мемлекеттік қызмет:

‒ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге лицензия беруді;

‒ облыстың (республикалық маңызы бр қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге лицензия беруді;

‒ www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы Комитетке немесе жергілікті атқарушы органға не порталға өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

лицензияны беру үшін – он жұмыс күнінен кеш емес;

лицензияны қайта ресімдеу үшін – жеті жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;

4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 9-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Егер белгіленген мерзімдерде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген деп есептеледі.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық және қағаз.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны (бұдан әрі – лицензия) Комитеттің немесе жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады;

Қағаз тасығышта лицензияны алу үшін Комитетке немесе ЖАО-ға  тұтынушы өтініш білдірген жағдайда лицензия электрондық форматта рәсімделеді,    Комитет немесе ЖАО-ның басқарушысымен қол қойылады және мөрмен куәландырылып шығарылады.

Егер осы қаулыда бекітілген мерзімде лицензия берілмеген және бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда, лицензия мерзім күнімен берілді деп есептелінеді және Комитеттің не ЖАО-ның лауазымды тұлғасы жұмыс күн ішінде лицензия береді.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшін мемлекеттік қызмет алушы жеке қызмет түрлерімен айналысы құқығы үшін бюджетке 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі лицензиялық жарнаны қолма қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді.

Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8.Жұмыс және мемлекеттік қызметті көрсету жұмыс кестесі:

1) Комитетте – жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

2) жергілікті атқарушы органдарда – жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жү еге асырылады.

3) порталда – тәулік бойы.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:

Комитет немесе ЖАО-да:

1) лицензияны беру үшін:

1-1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

1-2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

1-3) тұтынушы өкілдің үндеуі кезінде – өкілдікке өкілдігін куәландыратын құжат және уәкілетті өкілдің жеке басын куәл андыратын құжат;

1-4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама – заңды тұлға үшін;

1-5) жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке кәсіпкер үшін;

1-6) салық органында есепке қою туралы куәлік (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);

1-7) жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі.

Осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар мен мәліметтер;

Уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ куәландыратын электрондық құжат формасында Портал арқылы сәйкес келетін мемлекеттік ақпараттық жүйеден олардағы ақпарттарды алу мүмкіндігі кезінде жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық органында есепке қою туралы куәлік, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет емес.

2) лицензияға қосымшаны алу үшін:

2-1) өтініш;

3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:

3-1) өтініш;

3-2) жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:

4-1) өтініш;

4-2) жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

Құжаттарды қабылдау кезінде Комитеттің немесе ЖАО-ның жұмысшысы көшірмемен түпнұсқаның түпнұсқалылығын немесе тұтынушыға түпнұсқаны қайтарғаннан кейін электрондық түрде жаңғыртылған құжаттармен  салыстырып қарайды.

Порталда:

1) лицензияны алу үшін:

1-1) тұтынушының ЭСҚ куәландыратын электрондық құжаттар формасында өтініш;

1-2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;

1-3) жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке кәсіпкер үшін;

1-4) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік– заңды тұлға үшін;

1-5) салық органында есепке қою туралы куәлік;

1-6) лицензиялық жарнаның бюджетіне ЭҮТШ арқылы төлеу туралы ақпарат.

Осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкес құжаттар мен мәліметтер;

Уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ куәландыратын электрондық құжат формасында Портал арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйеде құралатын жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлік,  жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық органында есепке қою туралы куәлік, лицензиялық жарнаның бюджетіне ЭҮТШ арқылы төлеу туралы ақпарат құжаттық мәліметтерін Комитет немесе ЖАО алады.

2) лицензияға қосымшаны алу үшін:

2-1) тұтынушының ЭСҚ куәландыратын электрондық құжаттар формасында өтініш;

Осы Стандартқа 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарға сәйкес құжаттар мен мәліметтер.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

10. Лицензиар өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

1) қызмет түрімен айналысуға осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;

2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жеке қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленбеуі;

3) мемлекеттік қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

4) мемлекеттік қызмет алушыға лицензияны беру тиісті мемлекеттік органмен келісілмеуі;

5) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

6) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;

7) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеу қойылады және сұранысты жіберген тұлға сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қолжетімділік құқығына ие болмауы;

8) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа ие еместігі және оған оның кімнің иелігінде екендігінің белгісіздігі;

9) сұраныстың мәнін нақтылаған кезде, сұрап отырған тұлғаның тап қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы қолдау көрсетіп отырғанын анықтау мүмкін болмауы;

10) шығындар төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделмеген жағдайда, электрондық ақпараттық ресурсты сұрап отырған тұлға сұранысты орындау шығынын төлемеуі негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Аумақтық инспекциядан немесе электрондық құжат нысанында «порталдағы жеке кабинеттен» алады.

 

3. Мемлекеттік қызметті шағымдану тәртібі

 

11. Комитеттің және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Комитеттің заң қызметінің мамандары Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 604-кабинет мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органдарының заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.

Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.

12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе тиісті Әкімнің атына мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңсесіне Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;

2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогына немесе жергілікті атқарушы органның осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурсында орналасқан Әкімнің блогына;

3) портал арқылы жүйіну жолымен беріледі.

Шағымды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің немесе жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіне тапсырған кезде шағым жұмыс күндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері, жергілікті атқарушы органға сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

13. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері, немесе Әкімнің атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.

Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталығының (1414) телефоны бойынша беріледі.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

15. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

16. Шағым Комитеттің немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгендігі, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде қол жетімді болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге талаптар

 

17. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында және Комитетте мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;

2) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;

3) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.

18. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттің және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің www.minagri.gov.kz, интернет-ресурсынан ала алады.

«Ветеринария саласындағы

қызметпен айналысуға лицензияны

беру, қайта ресімдеу,лицензияның

 телнұсқасын беру» мемлекеттік

 қызмет стандартына

 1-қосымша

Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары

РР/с
Жергілікті атқарушы органның атаулары Орналасқан жерінің мекенжайы Байланыс деректері Интернет-ресурс
1 2 3 4 5
1. «Ақмола облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Көкшетау қ-сы, Абай к-сі, 85-үй тел.: 8(7162)25-07-72, 25-55-11, электрондық поштасы: economy_cx@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz www.akmo.kz
22. «Алматы облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Талдықорған қ-сы, Тәуелсiздiк к-сі, 38-үй тел.: 8(7282) 27-08-18
электрондық поштасы: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@ global.kz
www.zhetysu-gov.kz
33. «Атырау облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Атырау қ-сы, Әйтеке би к-сі, 77-үй тел.: 8 (7122)35-45-03;
электрондық поштасы: atirauagro@mail.ru
www.atyrau.gov.kz
44. «Ақтөбе облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Ақтөбе қ-сы, Әбілхайыр хан д-лы, 40-үй тел.: 8 (7132)56-03-07, 54-17-39
электрондық поштасы: sh_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz
www.akto.kz
55. «Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Өскемен қ-сы, М. Горький к-сі, 40-үй тел.: 8 (7232)26-42-48, 24-23-04, 20-42-42
электрондық поштасы: ispaevt@yandex.ru
www.akimvko.gov.kz
66. «Жамбыл облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Тараз қ-сы, Абай к-сі, 119-үй тел.: 8 (7262)43-28-94, 45-88-31,
ф.: 45-42-05, 45-46-28
www.zhambyl.kz
77. «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Орал қ-сы, Достық к-сі, 179-үй тел.: 8 (7112)51-35-41, 45-29-27
электрондық поштасы: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru
www.westkaz.kz
88. «Қарағанды облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Қарағанды қ-сы, Мир бул-ры, 39-үй тел.: 8 (7212)42-10-80, электрондық поштасы: dsh_canc@krg.gov.kz www.karaganda-region.kz
99. «Қостанай облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Қостанай қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 66-үй тел.: 8 (7142)57-50-03, электрондық поштасы: dsh-zem@kostanay. www.kostanay.gov.kz
10. «Қызылорда облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Қызылорда қ-сы, Ы.Жақаев к-сі, 76-үй тел.: 8 (7242)26-26-44, электрондық поштасы: sh_kyzyl@mail.ru www.e-kyzylorda.gov.kz
11. «Маңғыстау облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Ақтау қ-сы, 14 ш.а., 1-үй тел.: 8 (7292)31-17-77
электрондық поштасы: so.mangistau@rambler.ru
www.mangystau.kz
12. «Павлодар облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Павлодар қ-сы, Академик Сатпаев к-сі, 49-үй тел.: 8 (7182)32-25-67, электрондық поштасы: kense.dsh@pavlodar. gov.kz www.pavlodar.gov.kz
13. «Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Петропавловск қ-сы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 58-үй тел.: 8 (7152)46-24-52, 36-07-45
электрондық поштасы: akimat@sko.kz, dshag@mail.ru, akimat@petr.kz
www.sko.kz
14. «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме Шымкент қ-сы, Тәукехан к-сі, 6-үй тел.: 8 (7252)53-03-33, электрондық поштасы: dsh_uko@mail.ru www.ontustik.gov.kz
15. «Астана қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Астана қ-сы, Бейбітшілік к-сі, 11-үй тел.: (7172)55-69-80, 55-69-79, 55-54-85, электрондық поштасы: usx@astana.kz www.astana.kz
16. «Алматы қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме Алматы қ-сы, Республика алаңы, 4-үй тел.: 8 (727) 272-58-17, 271-65-89, электрондық поштасы: vet_otdelalmaty@rambler.ru www.almaty.kz

 

«Ветеринария саласындағы

қызметпен айналысуға лицензияны

беру, қайта ресiмдеу,лицензияның

телнұсқасын беру» мемлекеттiк

қызмет стандартына

2-қосымша

 

В ___________________________________________________________

(лицензиар атауы)

от ___________________________________________________________

(занды тұлға атауы, реквизиты БИН)

 

ӨТІНІШ

 

Прошу выдать лицензию и (или) приложение к лицензии на осуществление_________________________________________________________________________________________________________________________

(указать вид деятельности и (или) подвид(ы) деятельности)

_________________________________________________________________

Адрес ______________________________________________________

(индекс, город, район, область, улица, номер дома, телефон, факс, е-mail)

_________________________________________________________________

Банковский счет ______________________________________________

(номер счета, наименование и местонахождение банка)

Филиалы (представительства, объекты, пункты, участки)______________

_________________________________________________________________

(местонахождение и реквизиты)

Прилагаемые документы:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Руководитель__________________________________________________ _________________________________________________________________

(подпись)                                (фамилия, имя, отчество)

Место печати ______________ 20__ года

Заявление принято к рассмотрению _______________ 20__ года

_________________________________________________________________

(подпись, фамилия, имя, отчество ответственного лица)

 

 

«Ветеринария саласындағы қызметпен

айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде көрсетілген біліктілік талаптар

 

№ п/п

Біліктілік талаптар мыналардың болуын талап етеді:

Құжаттар

Ескертулер

1.

«Ветеринария» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім (колледж)  және (немесе) «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандары бойынша  жоғары оқу орнынан  кейінгі білім және (немесе) жоғары білімді иеленетін мамандардың (бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшерден кем емес)  жеке тұлғалар штатта (атын, фамилиясын, тегін кіргізетін,бірінші басшымен қол қойылған және кәсіпорынның мөрімен куәландырылған жиынтық кесте); Оқу орнының атауы, бітірген жылы көрсетілген диплом бойынша мамандығы, аты, фамилиясы, тегі, дипломның болуы, маманның лауазымы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.  

2.

«Ветеринария» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім (колледж)  және (немесе) «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша  жоғары оқу орнынан  кейінгі білім және (немесе) жоғары білімді жеке тұлғаларда; Оқу орнының атауы, бітірген жылы көрсетілген диплом бойынша мамандығы, дипломның болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.  

3.

Өндірістік үй-жайлардың негіздерінің басқа заңдарына немесе меншік құқығына (өндірістік үй-жайларға құқық беретін құжаттар көшірмесі немесе салыстырып көру үшін түпнұсқа көрсетілмеген жағдайда нотариалды расталған жалға берудің келісім-шарты). Ақпаратты құрайтын төмендегілер жайлы мәліметтер формасы:

1. өндірістік үй-жайлардың меншік құқығына;

2. үй-жай иесінің меншік құқығын растайтын құжаттар немесе үй-жайды жалға беру келісім-шарты.

 

 Жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамасына тіркелген құқық туралы ақпарат «Жылжымайтын мүліктің регистрі» мемлекеттік дерекқорынан мәлімет алу мүмкіндігі болған жағдайда  көрсетілмейді.

Ветеринариялық препараттардың өндірісі бойынша ветеринария саласындағы қызметтің тармағын жүзеге асыру кезінде қосымша мыналарды талап етеді:

4.

Ветеринариялық препараттарды бақылау және регламенттеуші өндірістің нормативтік-техникалық құжаттамалар (ветеринариялық препараттарды өндірісі бойынша нұсқау, ветеринариялық препарттарды өндіретін немесе жүзеге асыратындарға техникалық талап, ветеринариялық препараттарды қолдану бойынша өндірістің басшылығымен бекітілген, ветеринария саласындағы уәкілетті органдармен келісілген, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдармен тіркелген басшылық, микроорганизмдердің өндірістік және бақылау  штамдарына төлқұжат); Нормативтік-техникалық құжаттамалар туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.  

5.

Өндіретін ветеринариялық препаратқа техникалық талаптармен сәйкес ветеринариялық препарттардың өндірісі үшін Қазақстан Республикасы «Өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» Заңымен белгіленген тәртіпке  калибрлеу және (немесе) тексерістен өткен технологиялық, өлшеу және сынау құрал-жабдықтары. Калибрлеу және (немесе) тексерістен өткен технологиялық, өлшеу және сынау құрал-жабдықтары туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.  

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты  ветеринариялық-санитариялық сараптау бойынша ветеринария саласындағы қызметтің тармағын жүзеге асыру кезінде

6.

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты  ветеринариялық-санитариялық сараптау өткізу үшін Қазақстан Республикасы «Өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» Заңымен белгіленген тәртіпке  калибрлеу және (немесе) тексерістен өткен өлшеу және сынау құрал-жабдықтары, сондай-ақ, сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттар (стандарттар, әдістемелік нұсқау). Калибрлеу және (немесе) тексерістен өткен өлшеу және сынау құрал-жабдықтары, нормативтік құжаттар туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.  

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus