Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Карантиндiк сертификат беру бойынша стандартының жобасы

Карантиндiк сертификат беру бойынша стандартының жобасы

«Қарантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік

 қызмет стандарты

 

 

  1. 1.     Жалпы ережелер

 

  1. «Қарантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) әзірлейтін мемлекеттік органы–Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
  2. Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция  комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – аумақтық инспекция) көрсетеді, сондай-ақ  www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі  –  портал) арқылы көрсетіледі.

3. Мемлекеттiк қызмет тұқым шаруашылығы саласында қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетiледi.

  1. 2.     Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) аумақтық инспекцияда:

көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды берген күннен үш жұмыс күні ішінде;

қажетті құжаттарды тапсыру кезіндегі күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты  – қырық минуттан аспайды;

өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – қырық минуттан аспайды.

2) порталда – көрсетілетін қызметті алушының карантиндік сертификатты алуға өтінімі аумақтық инспекцияға келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде.

Аумақтық инспекциякөрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда аумақтық инспекция көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: электрондық (өтінім беру бөлігінде) және қағаз түрінде.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

1) аумақтық инспекцияда карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасы аумағында орнын ауыстыруға карантиндік сертификатты қағаз жеткізгіште беру не мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап;

2) порталда – рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің жұмыс кестесі:

1) аумақтық инспекцияда еңбек заңнамасына сай демалыс және мереке күндерін қоспғанда, Комитеттің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұманы қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін құжаттарды қабылдауды кеңсе жүзеге асырады.

2) порталда – тәулік бойы көрсетіледі.

9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

аумақтық инспекцияға:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;

3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтінген  кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат;

4) дара кәсiпкер үшiн – дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

5) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттың заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін  аумақтық инспекция портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде аумақтық инспекция қызметкері құжаттардың түпнұсқасындағы мәліметтердің түпнұсқалығын мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, бұдан соң түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.  

Порталда:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрау.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттың заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін  аумақтық инспекция портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болады.

10. Мемлекеттiк қызметтi ұқсынудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1)  мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының карантиндік жағдайын анықтау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынбауы;

2)   карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;

3) Қазақстан Республикасының карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес келмеудің анықталуы;                                                                   4) карантинге жатқызылған өнімді тексер іп-қарау нәтижелері бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор берген нұсқманың орындалмауы;

5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздердің болуы.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінде» электронды құжат нысанында алады.

 

 

  1. 3.     Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағымдану тәртібі

 

11. Қызметті ұсынған лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген аумақтық инспекциялардың заң қызметiнiң мамандары түсiндiредi.                            12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол Қазақстан Респуликасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төрағасына немесе оның орынбасырына мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36,703-кабинет, электронды мекенжайы: priemnaya.kgiapk@minagri.gov.kz, телефоны 8 (7172) 55-59-61, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.

Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша тиісті аумақтық инспекцияның бастығына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ге дейін беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда   көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.                                                                                                                    Шағым жазбаша дәлелді жауапты не басқа құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түрде қабылданады.

13. Қабылданған шағым тиісті аумақтық инспекцияның кеңсесінде немесе Комитет кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағым күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қара барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген тиісті аумақтық инспекцияның кеңсесіндегі лауазымды тұлғалардан, Комитеттің кеңсесінен (8-7172) 55-58-13 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде шағымның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қол жетімді болады.

  1. Шағымдарды қарау «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы                 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

 

  1. 4.     Өзге де талаптар

 

15.    Мемлекеттiк қызмет:

1) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының                     1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 13-бабының 4-1-тармағы;                                     2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының                        2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;                                                              3) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.                                                                                                                    16. Мемлекет қызмет туралы ақпарат:                                                            1)  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.minagri.gov.kz. интернет-ресурсында;

2) ресми ақпарат көздерінде, аумақтық инспекциялардың ғимаратында орналасқан үлгілері бар стендтер мен ақпараттық тақталарда;                              3)  порталда орналастырылады.                                                                        Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша да ұсынылуы мүмкін.

17. Көрсетілетін қызметті алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық инспекциялардың кеңселерінен және аумақтық инспекцияларда орналасқан стендтерте.

 

___________________________

                                                           «Қарантинге жатқызылған өнімнің

                                                             Қазақстан Республикасы аумағында орнын

                                                             ауыстыруға карантиндiк сертификат беру»

                                                               мемлекеттік қызмет стандартына

                                                              1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптік кешенiндегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекцияларының мекенжайлары

Атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмiрi

1

2

3

Ақмола облысы

Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89-үй тел.: 8(7162) 251866
Ақкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл қаласы, Уалиханова көшесі, 83-үй тел.: 8(71638) 22312, 20188
Аршалы аудандық аумақтық инспекциясы Аршалы кентi, Республика көшесі, 3-үй тел.: 8(71644) 30019, 21290
Астрахан аудандық аумақтық инспекциясы Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 49-үй тел.: 8(71641) 22286, 23608
Атбасар аудандық аумақтық инспекциясы Атбасар қаласы, Сейфуллина көшесі, 2А үй тел.: 8(71643) 42819, 42902
Бұланды аудандық аумақтық инспекциясы Макинка қаласы, Углинский көшесі, 42-үй тел.: 8(71646) 22751,                               факс: 8(71646) 21009
Бурабай аудандық аумақтық инспекциясы Щучинск қаласы, Трудовая,15 көшесі тел.: 8(71636) 55069
Егiндiкөл аудандық аумақтық инспекциясы Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесі, 7-үй тел.: 8(71642) 21334, 21549
Енбекшiлер аудандық аумақтық инспекциясы Степняк қаласы, Биржан-сал, 48 тел.: 8(71639) 21512, 21154
Ерейментау аудандық аумақтық инспекциясы Ерейментау қаласы, Уалиханова көшесі, 39-үй тел.: 8(71633) 21334, 53258
Есiл аудандық аумақтық инспекциясы Есiл қаласы, Мырзашев көшесі, 96 а-үй тел.: 8(71647) 21437,                                    факс: 8(71647) 21387
Жақсы аудандық аумақтық инспекциясы Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 33-үй тел.: 8(71635) 21604, 21672
Жарқайын аудандық аумақтық инспекциясы Державинск қаласы, Ленин көшесі, 24-үй тел.: 8(71648) 91437, 91173
Зерендi аудандық аумақтық инспекциясы Зерендi ауылы, Чкалова көшесі, 2а-үй тел.: 8(71632) 21531,                                   факс: 8(71632) 22558
Қорғалжын аудандық аумақтық инспекциясы Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 72-үй тел.: 8(71637) 21893,                                           факс:8(71637) 22215
Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы Балқашин ауылы, Аблай хан  көшесі, 126 а-үй тел.: 8(71640) 91800,                                 факс: 8(71640) 92200
Целиноград аудандық аумақтық инспекциясы Ақмола ауылы, Гагарин көшесі, 14-үй тел.: 8(71651) 31154, 31152
Шортанды аудандық аумақтық инспекциясы Шортанды кентi, Зеленый орамы, 5-үй тел.: 8(71631) 22520, 21914
Степногорск қалалық аумақтық инспекциясы Степногорск қаласы, 2 ш.а., 16-үй тел.: 8(71645) 68797,                                          факс: 8(71645) 61056
Кокшетау қалалық аумақтық инспекциясы Кокшетау қаласы, Сатпаев 1 Б көшесі тел.: 8(7162) 257908

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясы Ақтөбе қаласы, Сымағұл көшесі, 11-үй тел.: 8(7132) 215322
Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы Комсомольский ауылы, Құлымбет көшесі, 6-үй тел.: 8(71339)21712, 21577
Алға аудандық аумақтық инспекциясы Алға қаласы, Тамды көшесі, 1-үй тел.: 8(71337)41475, 41305
Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы Байғанин кентi, Метеостанция көшесі, 33-үй тел.: 8(71345)22998; 22076
Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы Ырғыз кентi, Барысбаев көшесі, 7-үй тел.: 8(71343)21643; 21848
Қарғалы аудандық аумақтық инспекциясы Батамша кентi, Әйтеке би көшесі, 40-үй тел.: 8(71342)23106; 22272
Қобда аудандық аумақтық инспекциясы Қобда кентi, Алмаы көшесі, 21-үй тел.: 8(71341)21524, 21940
Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясы Мәртөк кентi, Панфилов көшесі, 50-үй тел.: 8(71331)21304; 21814
Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясы Қандыағаш қаласы, Қалиев көшесі, 14-үй тел.: 8(71333)35550
Темiр аудандық аумақтық инспекциясы Шұбарқұдық кентi, Желтоқсан көшесі, 5-үй тел.: 8(71346)22152
Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы Ойыл кентi, Бақаев көшесі, 6-үй тел.: 8(71332)21821
Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы Хромтау қаласы, Спортивная көшесі, 2-үй тел.: 8(71336)24283, 21741
Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы Шалқар қаласы, Ургенiшбаев көшесі, 26-үй тел.: 8(71335)22353
Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы Ақтөбе қаласы, Иманов көшесі, 33-үй тел.: 8(7132) 228476, 228433

Алматы облысы

Алматы облыстық аумақтық инспекциясы Талдықорған қаласы, Лесная көшесі, 1-үй тел.: 8(7282)268337
Ақсу аудандық аумақтық инспекциясы Жансүгiров кентi, Сатпаев көшесі, 2-үй тел.: 8(72832)21940
Алакөл аудандық аумақтық инспекциясы Үшарал қаласы, Шуақов көшесі, 30-үй тел.: 8(72833)21455
Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы Бақанас ауылы, Бижанов көшесі, 4-үй тел.: 8(72773)91913, 91575
Еңбекшi қазақ аудандық аумақтық инспекциясы Есiк қаласы, Пугачев көшесі тел.: 8(72775)44481
Ескелдi аудандық аумақтық инспекциясы Қарабұлақ кентi, Оразбеков көшесі, 52-үй тел.: 8(72836)31421
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынағаш ауылы, Сатпаев көшесі, 117-үй тел.: 8(72770)21592, 22983
Iле аудандық аумақтық инспекциясы Өтеген Батыр кентi, Титов көшесі, 33 а-үй тел.: 8(72752)517844
Қарасай аудандық аумақтық инспекциясы Қаскелен қаласы, Тәуелсiздiкке 10 жыл көшесі, 23-үй тел.: 8(72771)23572
Қаратал аудандық аумақтық инспекциясы Үштөбе қаласы, Оспанов көшесі, 8-үй тел.: 8(72834)21198, 21585
Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыөзек кентi, Рысқұлов көшесі, 20-үй тел.: 8(72840)31280
Көксу аудандық аумақтық инспекциясы Балпық би кентi, Сейфуллин көшесі, 5-үй тел.: 8 (72838) 21660
Панфилов аудандық аймақтық инспекциясы Жаркент қаласы, Иванов көшесі, 94-үй тел.: 8(72831)50661, 54997
Райымбек аудандық аумақтық инспекциясы Кеген ауылы, Лебаев көшесі, 43-үй тел.: 8(72777)21393
Сарқанд аудандық аумақтық инспекциясы Сарқанд қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 6-үй тел.: 8(72839)21089, 21068
Талғар аудандық аумақтық инспекциясы Талғар қаласы, Аблайхан көшесі, 98-үй тел.: 8(72774)32044
Ұйғыр аудандық аумақтық инспекциясы Шонжы ауылы, Құдайбергенов көшесі, 119-үй тел.: 8(72778)21800
Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, 207-үй тел.: 8(7282)271586, 400166

Атырау облысы

Атырау облыстық аумақтық инспекциясы Атырау қаласы, Лесхоз ш.а., 49 а-үй тел.: 8(7122)282940
Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы Құлсары қаласы, 8 бөлiмше тел.: 8(71237)55730
Мақат аудандық аумақтық инспекциясы Мақат кентi, Орталық алаң, 2-үй тел.: 8(71239)31109
Махамбет аудандық аумақтық инспекциясы Махамбет ауылы, Ветстанция, 1-үй тел.: 8(71236)30211
Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы Миялы ауылы, Құттыбаев көшесі, 16-үй тел.: 8(71238)21864
Индер аудандық аумақтық инспекциясы Индер кентi, Қаражан көшесі, 9-үй тел.: 8(71234)21769
Исатай аудандық аумақтық инспекциясы Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі, 45-үй тел.: 8(71231)21260
Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясы Ганюшкино ауылы, Ветстанция, 1-үй тел.: 8(71233)23063, 23061, 23062
Атырау қалалық аумақтық инспекциясы Атырау қаласы, Орманшар шағын ауданы, 49 а 8(7122)29-20-71

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 40-үй тел.: 8(7232) 254390
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Қарауыл ауылы, Баян көшесі, 25-үй тел.: 8(72252)91300
Аягөз аудандық аумақтық инспекциясы Аягөз қаласы, Осенний орамы, 48 А-үй тел.: 8(72237)35324
Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Большая Владимировка ауылы, Совхозная көшесі, 38-үй тел.: 8(7222)90494
Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы Бородулиха ауылы, СТО, 4-үй тел.: 8(72351)21730
Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы Глубокое ауылы, Пирогов көшесі, 6-үй тел.: 8(72331)279016, 21737
Жарма аудандық аумақтық инспекциясы Қалбатау ауылы, Мұсылманқұл көшесі, 21-үй тел.: 8(72347)65413
Зайсан аудандық аумақтық инспекциясы Зайсан қаласы, Стамбет көшесі, 10-үй тел.: 8(72340)79006
Зырян аудандық аумақтық инспекциясы Зырян қаласы, Бриллин көшесі, 55-үй тел.: 8(72335)41048, 79006
Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы Үлкен нарым ауылы, Слям көшесі, 136-үй тел.: 8(72341)21833, 21546
Көкпектi аудандық аумақтық инспекциясы Көкпектi ауылы, Қабанбай көшесі, 81-үй тел.: 8(72348)21808, 22170
Күршiм аудандық аумақтық инспекциясы Күршiм ауылы, Момышұлы көшесі, 12-үй тел.: 8(72339)31280, 31370
Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі, 24-үй тел.: 8(72346)21405, 21647
Ұржар аудандық аумақтық инспекциясы Үржар ауылы, Калинин көшесі, 1-үй тел.: 8(72230)34736, 33201
Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы Молодежный кентi тел.: 8(72338)27366
Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы Шемонаиха ауылы, Мичурин көшесі, 21-үй тел.: 8(72332)30630
Риддер қалалық аумақтық инспекциясы Риддер қаласы, Қонаев көшесі, 40-үй тел.: 8(72336)40930
Семей қалалық аумақтық инспекциясы Семей қаласы, Павлодар көшесі, 106-үй тел.: 8(72226)502589

Жамбыл облысы

Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы Тараз қаласы, Пушкин көшесі, 140б-үй тел.: 8(7262)432963
Байзақ аудандық аумақтық инспекциясы Сарыкемер ауылы, Орынқұлов көшесі, 89-үй тел.: 8(72637)21931
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Аса ауылы, Промышленная көшесі, 3-үй тел.: 8(72633)21707, 21257
Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы Б.Момышұлы ауылы, Коммунальная көшесі, 93-үй тел.: 8(72635)50759
Қордай аудандық аумақтық инспекциясы Қордай ауылы, Жiбек жолы көшесі, 108-үй тел.: 8(72636)47461
Меркi аудандық аумақтық инспекциясы Меркi ауылы, Панфилов көшесі, 6-үй тел.: 8(72632)45037
Мойынқұм аудандық аумақтық инспекциясы Мойынқұм ауылы, Көшен көшесі, 5-үй тел.: 8(72642)21467
Т.Рысқұлов аудандық аумақтық инспекциясы Құлан ауылы, Асыл көшесі, 54-үй тел.: 8(72631)21221
Сарысу аудандық аумақтық инспекциясы Саудакент ауылы, Асан көшесі, 7-үй тел.: 8(72639)22052, 22149
Талас аудандық аумақтық инспекциясы Ақкөл ауылы, Қонаев көшесі, 17-үй тел.: 8(72641)21460
Шу аудандық аумақтық инспекциясы Төлеби ауылы, Асатұлы көшесі, 21-үй тел.: 8(72638)32857, 32568
Тараз қалалық аумақтық инспекциясы Тараз қаласы, 12 ш. а., 23-үй, 22-пәтер тел.: 8(7262)51919, 511090

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Орал қаласы, Қ.Аманжол көшесі, 75-үй тел.: 8(7112)515446
Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы Чапаев ауылы, Мендалиев көшесі, 23-үй тел.: 8(71136)92424
Бөрлi аудандық аумақтық инспекциясы Ақсай қаласы, Советская көшесі, 81/2-үй тел.: 8(71133)21710
Бөкейорда аудандық аумақтық инспекциясы Сайхин ауылы, Жәнiкеш көшесі, 16-үй тел.: 8(71140)21320
Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясы Жаңақала ауылы, Заправочная көшесі, 2-үй тел.: 8(71141)21712
Жәнiбек аудандық аумақтық инспекциясы Жәнiбек ауылы, Чурин көшесі, 19-үй тел.: 8(71235)21898
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Переметное ауылы, Набережная көшесі, 59-үй тел.: 8(71130)22708
Зеленов аудандық аумақтық инспекциясы Даринск ауылы, Жеңiстiң 40 жылдығы көшесі, 43-үй тел.: 8(71131)21985
Қазталов аудандық аумақтық инспекциясы Қазталов ауылы, Ветстанция көшесі, 1-үй тел.: 8(71144)31129
Қаратөбе аудандық аумақтық инспекциясы Қаратөбе ауылы, Құрманғали көшесі, 13-үй тел.: 8(71145)21468
Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 15-үй тел.: 8(71134)31267
Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы Тасқала ауылы, Ветстанция көшесі тел.: 8(71139)21897
Теректi аудандық аумақтық инспекциясы Федоровка ауылы, Ленин көшесі, 162-үй тел.: 8(71132)21953
Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы Шыңғырлау ауылы, Сырым Датов көшесі, 108-үй тел.: 8(71137)33155
Орал қалалық аумақтық инспекциясы Орал қаласы, Конкин көшесі, 5-үй тел.: 8(7112)37585

Қарағанды облысы

Қараганды облыстық аумақтық инспекциясы Қарағанды қаласы, Әліханов көшесі, 11 А-үй тел.: 8(7212)420800, 412179, 424151
Абай аудандық аумақтық инспекциясы Абай қаласы, 3 ш.а., 43-үй тел.: 8(72131)44560
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай кентi, Оразалин көшесі, 14-үй тел.: 8(71037)21013, 21746
Бұқар жырау аудандық аумақтық инспекциясы Ботақара кентi, Шопанай көшесі, 3-үй тел.: 8(72154)21892,22106
Жаңаарқа аудандық аумақтық инспекциясы Атасу кентi, Жамбыл көшесі, 124-үй тел.: 8(71030)27502, 26741
Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы Қарқаралы қаласы, Игенсартов көшесі, 35-үй тел.: 8(72146)31541, 31917
Нұра аудандық аумақтық инспекциясы Киевка кентi, Ленин көшесі, 2 а-үй тел.: 8(72144)22657, 21683
Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы Осакаровка кентi, Шеткiбұлақ көшесі, 1-үй тел.: 8(72149)41271, 41265
Шет аудандық аумақтық инспекциясы Ақсу-Аюлы кентi, Жезқазған көшесі, 62-үй тел.: 8(71031)21130, 21048
Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы Ұлытау ауылы, Бұлқышев көшесі, 30-үй тел.: 8(71035)21444, 21513
Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы Балқаш қаласы, Желтоқсан көшесі, 20-үй тел.: 8(71036)65426, 41237
Жезқазған қалалық аумақтық инспекциясы Жезқазған қаласы, Балықты көшесі, 16-үй тел.: 8(71027)63916,                                факс: 8(71027)62099
Темiртау қалалық аумақтық инспекциясы Темiртау қаласы, 7 ш.а., 55-үй тел.: 8(72139)88114, 37048
Қарағанды қалалық аумақтық инспекциясы Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 23-үй тел.: 8(7212)437823
Қаражал қалалық аумақтық инспекциясы Қаражал қаласы, Сардары Сарытоқа көшесі, -үй, 1 тел.: 8(71032)26828
Сәтпаев қалалық аумақтық инспекциясы Сәтпаев қаласы Горький көшесі 25 тел.: 8(71063)72042,                                     факс.: 8(71063)72351
Саран қалалық аумақтық инспекциясы Саран қаласы Жамбыл көшесі 65 тел.:8(72137) 25684
Шахтинск қалалық аумақтық инспекциясы Шахтинск қаласы А. Құнанбаев көшесі үй 65 Б тел.:8(72156) 55644

Қостанай облысы

Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 79 а-үй тел.: 8(7142)530023
Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы Обаған ауылы, Строительная көшесі, 2-үй тел.: 8(71445)34113, 34152
Амангелдi аудандық аумақтық инспекциясы Амангелдi ауылы, Б. Майлин көшесі, 18-үй тел.: 8(71440)21548, 21488
Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 48-үй тел.: 8(71453)21813
Жангелдi аудандық аумақтық инспекциясы Торғай ауылы, Құлжановтар көшесі, 66-үй тел.: 8(71439)21580, 21532
Денисов аудандық аумақтық инспекциясы Денисовка ауылы, Дорожная көшесі, 1-үй тел.: 8(71434)21150
Жiтiқара аудандық аумақтық инспекциясы Жiтiқара қаласы, Д. Асанбаев көшесі, 51-үй тел.: 8(71435)20707, 27289
Қамысты аудандық аумақтық инспекциясы Қамысты ауылы, Ленин көшесі, 61-үй тел.: 8(71437)21467, 21064
Қарабалық аудандық аумақтық инспекциясы Қарабалық кентi, Космонавт көшесі, 16-үй тел.: 8(71441)32529, 32519
Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу кентi, Исак көшесі, 66-үй тел.: 8(71452)22062, 21131, 22044
Қостанай аудандық аумақтық инспекциясы Затабольск кентi, Терешкова көшесі, 13/1-үй тел.: 8(71455)21278, 20539
Меңдiқара аудандық аумақтық инспекциясы Боровской ауылы, Алтынсарин көшесі, 83-үй тел.: 8(71443)21435, 21968
Наурызым аудандық аумақтық инспекциясы Қарамендi кентi, Шаяхмет көшесі, 2-үй тел.: 8(71454)21519, 21518, 21652
Сарыкөл аудандық аймақтық инспекциясы Сарыкөл кентi, Миронов көшесі, 1а-үй тел.: 8(71451)21776, 21074
Таран аудандық аумақтық инспекциясы Таран ауылы, Западная көшесі, 3-үй тел.: 8(71436)36157, 36150
Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы Ұзынкөл ауылы, Октябрдiң 60 жылдығы көшесі, 23-үй тел.: 8(71444)24395, 21478
Федоров аудандық аумақтық инспекциясы Федоров ауылы, Пушкин көшесі, 56-үй тел.: 8(71442)22931, 21731
Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы Арқалық қаласы, Абай д-лы, 29-үй тел.: 8(71430)70783, 75713

Қызылорда облысы

Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы Қызылорда қаласы, Мостовая көшесі, 2-үй тел.: 8(7242)212562, 212568
Арал аудандық аумақтық инспекциясы Арал қаласы, М. Сәдiбеков көшесі, 118-үй тел.: 8(72433)23689
Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы Қазалы қаласы, Түктiбаев көшесі, 78-үй тел.: 8(72438)21760
Қармақшы аудандық аумақтық инспекциясы Жосалы кентi, Момышұлы көшесі, 101-үй тел.: 8(72437)21286
Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы Жалағаш кентi, Бұқарбай батыр көшесі, 224-үй тел.: 8(7243)31882
Сырдария аудандық аумақтық инспекциясы Тереңөзек кентi, Ғ. Мұратбаев көшесі, 93-үй тел.: 8(72436)21465
Шиелi аудандық аумақтық инспекциясы Шиелi кентi, Бөгенбай батыр көшесі, 21-үй тел.: 8(72432)41697
Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы Жаңақорғана кентi, Мұсаханов көшесі, 105-үй тел.: 8(72435)22185
Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы Қызылорда қаласы, Панфилов көшесі, 25/1-үй тел.: 8(7242)231802

Манғыстау облысы

Манғыстау облыстық аумақтық инспекциясы Ақтау қаласы, 23 ш.а., 39-үй тел.: 8(7292)605041
Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы Жаңаөзен қаласы, Мұнайшылар көшесі, 8-үй тел.: 8(7234)32639
Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясы Бейнеу кентi, Iскерлiк орталығы тел.: 8(72932)25608
Қарақия аудандық аумақтық инспекциясы Құрық ауылы, Босан батыр көшесі, 6-үй тел.: 8(72937)26290
Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясы Шетпе кентi, Орталық кiтапханасы тел.: 8(72931)21499
Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясы Форт-Шевченко, Ж. Мынбаев көшесі, 46-үй тел.: 8(72938)22573
Ақтау қалалық  аумақтық  инспекция Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 39 ғимарат тел: 8(7292)605026, 605460
Мұнайлы  аудандық аумақтық  инспекция Мұнайлы ауданы, Атамекен елді мекені, Совхозная көшесі, 398 тел: 8(7292) 340043, 331040

Павлодар облысы

Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы Павлодар қаласы, Крупская көшесі, 71-үй тел.: 8(7182)513265
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы Ақтоғай ауылы, веткешен тел.: 8(71841)21498
Ақсу қалалық аумақтық инспекциясы Ақсу қаласы, Вокзальная көшесі, 17-үй тел.: 8(71837)50742
Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы Баянауыл ауылы, Әуэзов көшесі, 1-үй тел.: 8(71840)91993
Железин аудандық аумақтық инспекциясы Железинка ауылы, Чкалов көшесі, 21-үй тел.: 8(71831)21898
Ертiс аудандық аумақтық инспекциясы Ертiс ауылы, Интернациональная көшесі, 6-үй тел.: 8(71832)21189
Кашыр аудандық аумақтық инспекциясы Тереңкөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 234-үй тел.: 8(71833)22394
Лебяжi аудандық аумақтық инспекциясы Лебяжi ауылы, Ыдырысхан көшесі, 39-үй тел.: 8(71839)21754
Май аудандық аумақтық инспекциясы Көктөбе ауылы, Веткешен тел.: 8(71838)40553
Павлодар аудандық аумақтық инспекциясы Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 145-үй тел.: 8(7182)618101
Успенка аудандық аумақтық инспекциясы Успенка ауылы, Терешкова көшесі, 18-үй тел.: 8(71834)91283
Шарбақты аудандық аумақтық инспекциясы Шарбақты ауылы, веткешен тел.: 8(71836)21762
Екiбастұз қалалық аумақтық инспекциясы Екiбастұз қаласы, Геологическая көшесі, 205 А-үй тел.: 8(71873)36057
Павлодар қалалық аумақтық инспекциясы Павлодар қаласы, Камзина көшесі, 53 тел.: 8(7182)614155

Солтүстiк Қазақстан облысы

Солтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 в үй тел.: 8(7152)533692
Айыртау аудандық аумақтық инспекциясы Саумалкөл ауылы, Озерная көшесі, 4-үй тел.: 8(71533)22155, 20044
Ақжар аудандық аумақтық инспекциясы Талшық ауылы, Ветеринарная көшесі, 1-үй тел.: 8(71546)22169, 21524
Аққайың аудандық аумақтық инспекциясы Смирново ауылы, Жұмабаев көшесі, 3-үй тел.: 8(71532)22225, 22324
Ғ.Мүсiрепов аудандық аумақтық инспекциясы Новоишимка ауылы, Ауелбеков көшесі, 34-үй тел.: 8(71535)20619, 20647
Есiл аудандық аумақтық инспекциясы Явленка ауылы, Фурманов көшесі, 12-үй тел.: 8(71543)22342, 21278
Жамбыл аудандық аумақтық инспекциясы Пресновка ауылы, Интернациональная көшесі, 35-үй тел.: 8(71544)21333, 22855
Қызылжар аудандық аумақтық инспекциясы Бескөл ауылы, Новая көшесі, 20-үй тел.: 8(71538)28182, 28179
М.Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы Булаево ауылы, Водопроводная көшесі, 20-үй тел.: 8(71531)21924, 20257
Мамлют аудандық аумақтық инспекциясы Мамлют ауылы, Аурухана қалашығы тел.: 8(71541)21006, 22259
Тайынша аудандық аумақтық инспекциясы Тайынша ауылы, Советская көшесі, 191-үй тел.: 8(71536)21873, 23217
Тимирязев аудандық аумақтық инспекциясы Тимирязево ауылы, Целинная көшесі, 13-үй тел.: 8(71537)20125
Уәлиханов аудандық аумақтық инспекциясы Кiшкенекөл ауылы, С. Маликов көшесі, 124-үй тел.: 8(71542)21242, 22211
Шал ақын аудандық аумақтық инспекциясы Сергеевка ауылы, Степная көшесі, 2-үй тел.: 8(71534) 21435, 21434
Петропавл қалалық аумақтық инспекциясы Петропавл қаласы,  Гоголь көшесі, 19 тел.: 8 (7152)339537

Оңтүстiк Қазақстан облысы

Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы Шымкент қаласы, Қабанбай батыр көшесі тел.: 8(7252)551184
Арыс қалалық аумақтық инспекциясы Арыс қаласы, Төле би көшесі тел.: 8(72540)21173
Түркiстан қалалық аумақтық инспекциясы Түркiстан қаласы,

Мыңбасы көшесі, 16-үй

тел.: 8(72533)43052, 43167
Бәйдiбек аудандық аумақтық инспекциясы Шаян ауылы, Қадырбай көшесі, 32-үй тел.: 8(72548)22194
Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы Қазығұрт ауылы, Әуезов көшесі тел.: 8(72539) 22889, 21405
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы Жетiсай қаласы, Маханбет көшесі, 1-үй тел.: 8(72534) 67344, 67250
Отырар аудандық аумақтық инспекциясы Шәуілдiр ауылы, Жiбек жолы көшесі, 17-үй тел.: 8(72544)21578, 21337
Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы Темiрлан ауылы, Қажымұқан көшесі тел.: 8(72530)21586, 21757
Сайрам аудандық аумақтық инспекциясы Қарасу ауылы, Панфилов көшесі тел.: 8(72531)20281, 20208
Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясы Сарыағаш қаласы, Майлықожа көшесі тел.: 8(72537) 21810
Созақ аудандық аумақтық инспекциясы Шолаққорған ауылы, Төреқұлов көшесі, 1-үй тел.: 8(72546) 42420, 41305
Төлеби аудандық аумақтық инспекциясы Ленгр қаласы, Есенқұлов көшесі, 55-үй тел.: 8(72547)62073
Түлкiбас аудандық аумақтық инспекциясы Т. Рысқұлов ауылы, Жантуров көшесі, 17-үй тел.: 8(72538)52465
Шардара аудандық аумақтық инспекциясы Шардара қаласы, Қасымов көшесі, 17-үй тел.: 8(72535)21309, 22369
Кентау қалалық аумақтық инспекциясы Кентау қаласы, Ата-Түрік көшесі 52 тел.: 8 (72536)33775
Шымкент қалалық аумақтық инспекциясы Шымкент қ. Қабанбай батыр көшесі н/з тел.: 8 (7252)551174
Ленгер қалалық аумақтық инспекциясы Ленгр қаласы. Есенкұлов көшесі 55 тел.: 8 (72547)61196

Алматы қаласы

Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Алматы қаласы, Медеу ауданы, Мақатаев көшесі, 15-үй тел.: 8(7272)302792, 738776

Астана қаласы

Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы Астана қаласы, Фурманов көшесі, 6-үй тел.: 8(7172)299278

 

___________________

 

                                                                         «Қарантинге жатқызылған өнімнің

                                                                              Қазақстан Республикасы аумағында орнын

                                                                              ауыстыруға карантиндiк сертификат беру»

                                                                                мемлекеттік қызмет стандартына

                                                                               2-қосымша

 __________________________________________________________________

(өсімдік карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық

__________________________________________________________________

бөлімшесінің атауы)

________________________________________________________________

    (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты

__________________________________________________________________

(болған кезде))

________________________________________________________________                 (бизнес сәйкестендіру нөмірі /жеке сәйкестендіру нөмірі)

 

Өтінім

_____________________ мынадай карантинге жатқызылған өнімді шығаруға

(облыстан, қаладан)

карантиндік сертификат беруді сұраймын:

1) ___________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,

__________________________________________________________________

орын саны, және буып – түю сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы

______________________________________________________________

пайдалану маќсаты)

2) ____________________________________________________________
(өсімдіктің ботаникалық атауы)

3)       _________________________________________________________

(облыстың атауы, және карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін
_______________________________________________________________
мекен – жай)

 

4)       _____________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді тиеп – жөнелту мерзімдері мен орны)

5)      ______________________________________________________________
(жөнелту станциясының атауы)

6) ________________________________________________________________
(жеткізу станциясының атауы)

 

Басшы _______________         _________________________________________
(қолы)                             (тегі, аты, әкесiнiң аты (болған кезде))

 

Мөр орны                  20___ жылғы  «____»  _______________

 

 

_________________________________

                                                                                     «Қарантинге жатқызылған өнімнің

                                                                                   Қазақстан Республикасы аумағында орнын

                                                                                   ауыстыруға карантиндiк сертификат беру»

                                                                                  мемлекеттік қызмет стандартына

                                                                             3-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)      

2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)      

3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)      
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)      

4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)      

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)      

_____________________________________

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus