Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астық экспорттаушының сақтауы туралы растама беру бойынша стандарт жобасы

Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астық экспорттаушының сақтауы туралы растама беру бойынша стандарт жобасы

ҚазақстанРеспубликасы

Үкіметінің2013 жылғы«    »

№ қаулысымен

бекітілген

ҚазақстанРеспубликасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1108 қаулысымен

бекітілген

«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астық экспорттаушының сақтауы туралы растама беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметтің атауы:«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астық экспорттаушының сақтауы туралы растама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуші мемлекеттік орган–Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі(бұдан әрі – Министрлік).

3.Мемлекеттік қызмет Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 706-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-13 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетімен (бұдан әрі – Комитет), сондай-ақ www.e.gov.kz«электронды үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi –көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетiледi.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

Комитетке өтінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушы өтінім тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті алғанға дейін – үш жұмыс күні ішінде;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – отыз минуттан артық емес;

3) мемлекеттік қызметті алу кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – отыз минуттан артық емес;

4) өтініш беруші өтінген күні орнында көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – отыз минуттан артық емес.

Портал арқылы өтінген кезде көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрау салуды берген сәттен бастап мемлекеттік қызметті алғанға дейін – үш жұмыс күні ішінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (өтінімді өткізу бөлігінде) және қағаз түрінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:

1) Комитетте қағаз нысанда – жазбаша түрде мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу бойынша міндеттемені астық экспорттаушының сақтағаны туралы растама (бұдан әрі – растама) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап;

2) порталда электрондық нысанда – рұқсат құжаттың дайындығы туралы хабарлау немесе уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық сандық қолымен (бұдан әрі – ЭСҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде дәлелді жауап болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жұмыс графигі:

1) Комитетте – мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңындабелгіленген демалыс күндері мен мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен 9.00-ден 18.30-ға дейіналдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi.

2) порталда – тәулік бойы

10. Мемлекеттік қызметті алу үшінкөрсетілетін қызметтіалушы осы стандарттың қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінім тапсырады.

Мемлекеттік қызметті алу өтінімі:

1)осы стандарттың 3-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша Комитеттің кеңсесіне;

2) портал арқылы беріледі.

Осы стандарттың қосымшасында көрсетілген өтінім бланкісінМинистрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсынан немесе осы стандарттың 3-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша Комитеттің кеңсесінен алуға болады.

Порталда өкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ расталған электрондық құжат нысанында өтінім қабылданғаны туралы хабарлама беріледі.

Көрсетілетін қызметтіалушыға:

1) өтінімді қабылдау нөмірін және күнін;

2) сұралатын мемлекеттік қызмет түрін;

3) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;

4) құжаттарады қабылдаған тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (бар болғанда);

5)көрсетілетін қызметтіалушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлғаны куәландыратын құжатта бар болғанда) (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, өтінім қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Комитет көрсетілетін қызметтіалушы өтінім тапсырған кезден бастап үш жұмыс күн ішінде өтінімнің дұрыс толтырылғандығын және көрсетілетін қызметтіалушымен өтінімде көрсетілген көлемдегі астықтың мемлекеттік астық ресурстарына нақты тапсырылғанын тексереді.

11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі:

1) өтінім дұрыс толтырылмаған (портал арқылы өтінім берілгенде);

2) көрсетілетін қызметтіалушымен өтінімде көрсетілген көлемдегі астықтың мемлекеттік астық ресурстарына нақты тапсырмаған жағдай;

3) Егер растамада көрсетілген астықты жеткізу көлемі Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген экспортталатын астық көлеміне пайыздық қатынаста есептелетін мөлшерден кем болған жағдай болып табылады.

Көрсетілген мезгілде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына дәлелді жазбаша жауап көрсетілетін қызметтіалушыға немесе өкілетті тұлғаға (нотариус куәландырылған сенімхат бойынша) жеке қабылдау жағдайында беріледі.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шешімге,

әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі

 

12. Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесу Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, 710-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-59-03 мекен – жайы бойынша орналасқан Комитеттің заң қызметінің мамандарымен жүргізіледі.

13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, электронды поштасы: info@minagri.kz мекенжайы бойынша немесе порталға беріледі.

14.Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет төрағасының атына осы стандарттың 3-тармағында көрсетілген мекен-жайы және
9-тармағындағыжұмыскестесіне сәйкес беріледі.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметтіалушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

16. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша немесе жұмыс күндері осы стандарттың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қолға тапсыру жолымен қабылданады.

Шағым құзіретіне шағымда қойылған мәселелерді шешу кіретін лауазымды тұлғаныңатына жолданады.

Шағымда көрсетілетін қызметтіалушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекен-жайы, шағым беру күні жәнекөрсетілетін қызметтіалушының қолы көрсетіледі.

Шағым берілген кезде әрекеті немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.

Қабылданған шағым осы стандарттың 13 және 14-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген көрсетілетін қызметтіалушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

17. Шағымды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады.

 

 

4.Өзгеде талаптар

 

18. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметтіалушыларды қабылдау жүргізілетін үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күтуге арналған креслолар, өтінімді толтыру үлгісі бар стендімен жабдықталған өтінімді толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

19. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат:

1)Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;

2) порталдаорналастырылады.

20. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының – 1414 телефоны бойынша да алуға болады.

 

__________________________

«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелерді астық

 экспорттаушының, сақтауы

 туралы растама беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

_______________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

(жеке тұлғаны куәландыратын құжатта бар болғанда))

 

 

Өтінім

 

         Мемлекеттік астық ресурстарына көлемі ____________________________________________________________________                                                                                                                                                                                 (цифрлармен және жазбаша)

_______________________________________________________________тонна

 

астық жеткізу бойынша міндеттемелерді сақтау туралы растама беруіңізді сұраймын.

 

Экспортталатын астық көлемі ______________________________________________________

_______________________________________________________ тонна

(цифрлармен және жазбаша)

 

Өтінім берушінің мекен-жайы: ___________________________________

_______________________________________________________________________________________

(индекс, аудан, облыс, қала (ауыл), көше, үй №, телефон)

 

_________________ ___________________________________________________
(қолы)                                                  (тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғаны куәландыратын

құжатта бар болғанда))

 

М.О. (заңды тұлға үшін)  20___ жылғы «___» ________________

 

Өтінім 20___ жылғы «___» ___________ № _____ қарауға қабылданды
_______________________________________________________________________________________ (өтінім қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғаны куәландыратын

құжатта бар болғанда), қолы)
«Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus