Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ветеринариялық зертханалар беретiн сараптама актiсiн беру бойынша стандартының жобасы

Ветеринариялық зертханалар беретiн сараптама актiсiн беру бойынша стандартының жобасы

 «Ветеринариялық зертханалар беретiн сараптама актiсiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызмет стандартының атауы: «Ветеринариялық зертханалар беретiн сараптама актiсiн беру».

2. Әзірлеуші мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі.

3. Мемлекеттік қызмет:

‒ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана»

‒ ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетiнiң «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК(бұдан әрі – қызмет беруші)

‒ www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:

1) мемлекеттiк қызмет алушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттар мен зерттелетiн материалдарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi бес жұмыс күнiнен аспау керек.

Жануарлардың ауыруын диагностикалау кезiнде сараптама актiлерi микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, вирусологиялық, микологиялық, серологиялық, биохимиялық, химиялық-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер нәтижелерiнiң негiзiнде жасалады;2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;

3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспау керек;

4) ұсынылған құжаттар мен материалдардың толықтығын тексеру мерзiмi – зертханалар осы Стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттар мен материалдарды қабылдаған сәтте көрсетiледi.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық және қағаз.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі сараптама актісін беру, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәкілетті лауазымды тұлғаның куәліктік электрондық сандық қол қоюының (бұдан әрі – ЭСҚ) электрондық құжат формасында дәлелді жауап болып табылады.

Қағаздық құжат формасындағы сараптама актіні алу үшін зертханаға тұтынушы өтініш білдірген жағдайда сараптама актісі электрондық форматта рәсімделеді, зертхананың басқарушысымен қол қойылады және мөрмен куәландырылып шығарылады.

7. Мемлекеттiк қызмет олардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi № 407 қаулысымен бекiтiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын диагностикалау жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, зертханалардың бағаларының прейскурантына сәйкес ақылы түрде көрсетiледi.

Зертханалардың баға прейскурантын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетiнiң келiсiмi бойынша «Республикалық ветеринарлық зертхана» және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық»республикалық мемлекеттiк кәсiпорын белгiлейдi. Төлем банктер немесе банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару қолма қол ақшасыз нысанда немесе зертханалардың кассаларына қолма- қол ақшамен жүргiзiледi.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Порталда – тәулік бойы.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:

Лабораторияда:

1) белгіленген үлгіде өтініш:

2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік;

3) заңды тұлғалар үшін – куәлік* немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

5) төлемді растайтын құжат (тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау кезінде ұсынылмайды).

6) зерттелетін материалдар – диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен алынатын сынамалар (қолма-қол беріледі);

Портал арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, жеке куәлік, куәлік* немесе анықтаманы  беру талап етілмейді.

Порталда:

1) тұтынушының ЭСҚТ куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;

2) жеке тұлғалар үшін – жеке куәлік;

3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;

4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;

5) ЭҮТШ арқылы төлеу туралы ақпарат (тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген жануарлардың аса қауіпті ауруларын диагностикалау кезінде ұсынылмайды).

6) зерттелетін материалдар – диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін мемлекеттік ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінен алынатын сынамалар (қолма-қол беріледі);

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

1) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеу қойылады және сұранысты жіберген тұлға сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қолжетімділік құқығына ие болмауы;

2) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа ие еместігі және оған оның кімнің иелігінде екендігінің белгісіздігі;

3) сұраныстың мәнін нақтылаған кезде, сұрап отырған тұлғаның тап қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы қолдау көрсетіп отырғанын анықтау мүмкін болмауы;

4) шығындар төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделмеген жағдайда, электрондық ақпараттық ресурсты сұрап отырған тұлға сұранысты орындау шығынын төлемеуі негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Аумақтық инспекциядан немесе электрондық құжат нысанында «порталдағы жеке кабинеттен» алады.

 

3. Мемлекеттік қызметті шағымдану тәртібі

 

11. Зертханалардың қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан зертханалардың заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, электронды поштасы: veterinar@minagri.kz мекенжайы бойынша берiледi.

Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.

13. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым зертхананың басшысының атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

15. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндерi осы стандарттың 12 және 13-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.

Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.

Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.

Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.

16. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.

Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге талаптар

 

17. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпараттар:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында: www.minagri.gov.kz, «ветеринариялық қауіпсіздік» бөлімінде;

2) зертхананың үй-жайларында ілінген стендтерде және ақпараттық тақтайларда;

3) «жеке кабинетінде» –порталында.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпараттар call-центр (1414) телефоны бойынша беріледі.

18. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша орналасқан зертханалардың кеңселерiнде, сондай-ақ www.minagri.gov.kz интернет-ресурстарынан ала алады.

 

«Ветеринариялық зертханалар

беретiн сараптама актiсiн беру»

мемлекеттiк қызмет стандартына

1-қосымша

 

 

«Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнның облыстық және аудандық филиалдарының мекенжайлары мен телефондары

Р/с

Филиалдардың атауы

Заңды мекенжайы

Телефон нөмiрi

1

2

3

4

Астана қаласы

1. «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Астана қ-сы, Дулатов к-сi, 187/2-үй 8(7172)408144
2.  «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Астана қ-сы, Коктал шағын, 150 жыл Абая көшесі, 8(7172)30-14-19

Алматы қаласы

1. Iле аудандық ветеринариялық зертхана Қапшағай қ-сы, Вет.станция учаскесi 8(7272)28088
2. Балқаш аудандық ветеринариялық зертхана Бақанас ауылы, Бижанов к-сi, 4-үй 8(72773)91796
3. Жамбыл аудандық ветеринариялық зертхана Ұзынағаш ауылы, Сәтпаев к-сi, 117-үй 8(7277)21218
4. Еңбекшiқазақ аудандық ветеринариялық зертхана Есiк қ-сы, Пугачев к-сi, нөмерсiз 8(7277)3913386
5. Еңбекшiқазақ аймақтық ветеринариялық зертхана Шелек ауылы, Қыдыров к-сi, 75/а-үй 8(72776)22587
6. Қарасай аудандық ветеринариялық зертхана Қаскелен қ-сы, Набережная к-сi, 113-үй 8(72771)22398
7. Райымбек аудандық ветеринариялық зертхана Нарынқол ауылы, Исаев к-сi, 146-үй 8(72779)21108
8. Райымбек аудандық ветеринариялық зертхана Кеген ауылы, Лебаев к-сi, нөмерсiз 8(72777)22377
9. Ұйғыр аудандық ветеринариялық зертхана Шонжы ауылы, Кентау–Исламов к-сi 8(72778)22516
10. Талғар аудандық ветеринариялық зертхана Талғар қ-сы, Пугачев к-сi, 1-үй 8(72774)32043
11. Алматы өңiрлiк филиалы Алматы қ-сы, Райымбек д-лы, 1-үй 8(7272)797424, 792859

Ақмола облысы

1. Ақмола облыстық филиалы Көкшетау қ-сы, Куйбышев к-сi, 112-үй 8(716 38)20891
2. Аршалы аудандық ветеринариялық зертхана Аршалы қ-сы, Республика к-сi, 3-үй 8(716 44)21543
3. Астрахан аудандық ветеринариялық зертхана Астраханка ауылы, Райветстанция 8(716 41)2368
4. Атбасар аудандық ветеринариялық зертхана Атбасар қ-сы, Б.Момышұлы к-сi, 11-үй 8(716 41)22368
5. Бұланды аудандық ветеринариялық зертхана Макинск қ-сы, Яглинская к-сi, 42-үй 8(716 46)23231
6. Бурабай аудандық ветеринариялық зертхана Щучье қ-сы, Железнодорожная к-сi, 105-үй 8(716 36)50007
7. Егiндiкөл аудандық ветеринариялық зертхана Егiндiкөл ауылы, Гагарин к-сi, 3 «В»-үй 8(716 42)21509
8. Ерейментау аудандық ветеринариялық зертхана Ерейментау қ-сы, Кенесары к-сi, 97-үй 8(716 33)23067
9. Еңбекшiлер аудандық ветеринариялық зертхана Степняк қ-сы, Рысқұлов к-сi, 2-үй 8(716 39)21282
10. Есiл аудандық аудандық ветеринариялық зертхана Есiл қ-сы, Ветстанция к-сi, 5-үй 8(716 47)21325
11. Жақсы аудандық ветеринариялық зертхана Жақсы ауылы, Тоқтыбаев к-сi, 7-үй 8(716 35)22598
12. Жарқайын аудандық ветеринариялық зертхана Державинск қ-сы, ДСУ – 71 10/1-үй 8(716 48)92480
13. Зерендi аудандық ветеринариялық зертхана Зерендi ауылы, Чкалов к-сi, 2 8(716 32)21864
14. Қорғалжын аудандық ветеринариялық зертхана Қорғалжын қ-сы, Абай к-сi, 83-үй 8(716 37)21841
15. Сандықтау аудандық ветеринариялық зертхана Балқашино қ-сы, Абылай хан к-сi, 94-үй 8(716 40)91633
16. Шортанды аудандық ветеринариялық зертхана Шортанды қ-сы, Смирнов к-сi, 4-үй 8(716 31)22489
17. Степногорск қалалық ветеринариялық зертхана Степногорск қ-сы, 2-шi ш.а, 2/16-үй 8(716 45)68797
18. Ақкөл аудандық ветеринариялық зертхана Ақкөл қ-сы, Уәлиханов к-сi, 165-үй 8(716 38)20891

Ақтөбе облысы

1. Актөбе облыстық филиалы Акөбе қ-сы, Смағұлов к-сi, 11-үй 8(7132)211731, 215705
2. Алға аудандық ветеринариялық зертхана Алға қ-сы, Тамды шоссе, 1-үй
3. Әйтеке-би аудандық ветеринариялық зертхана Комсомол кентi, Кұлымбетов к-сi, 4-үй 8(71339)22019
4. Байғанин аудандық ветеринариялық зертхана Байғанин кентi, Т.Бөкенбай батыр к-сi, 33-үй
5. Ырғыз аудандық ветеринариялық зертхана Ырғыз қ-сы, Барысбаев к-сi, 7-үй 8(71343)21722
6. Қарғалы аудандық ветеринариялық зертхана Бадамша қ-сы, Дзержинск к-сi, 37А-үй 8(71342)23276
7. Әйтеке би аудандық ветеринариялық зертхана Қарабұтақ кентi, Оразалин к-сi, 9-үй
8. Мәртөк аудандық ветеринариялық зертхана Мәртөк кентi, Байтұрсынов к-сi, 63 А-үй 8(71331)22416
9. Мұғалжар аудандық ветеринариялық зертхана Кандыағаш қ-сы, Молодежный 6 ш. а., 1-үй 8(71333)35459
10. Ембi аудандық ветеринариялық зертхана Ембi қ-сы, Төле би к-сi, 67-үй 8(71334)22544
11. Темiр аудандық ветеринариялық зертхана Шұбарқұдық кентi, Желтоқсан к-сi, 5-үй 8(71346)79353
12. Ойыл аудандық ветеринариялық зертхана Ойыл кентi, Бақаева к-сi, 6-үй 8(71332)21568
13. Қобда аудандық ветеринариялық зертхана Қобда кентi, Алматы к-сi, 19/1-үй
14. Хромтау аудандық ветеринариялық зертхана Хромтау қ-сы, Долгов к-сi, 26-үй 8(71336)26969
15. Шалқар аудандық ветеринариялық зертхана Шалқар қ-сы, И.Үргенiшбаев к-сi, 26-үй 8(71335)23258

Алматы облысы

1. Талдықорган облысының филиалы Талдықорған қ-сы, Балпық Би к-сi, 37-үй 8(728 2)274148
2. Панфилов аудандық ветеринариялық зертхана Жаркент қ-сы, Иванов к-сi, 94-үй 8(728 31)54715
3. Ақсу аудандық ветеринариялық зертхана Жансүгiров кентi, Сәтпаев к-сi, 2-үй 8(728 32)21955
4. Матай аймақтық ветеринариялық зертхана Матай ст-сы, Айтқали Қисабек к-сi 8(72843)62877
5. Қапал аймақтық ветеринариялық зертхана Қапал ауылы, Ақын Сара к-сi 8(728 41)21308
6. Үйгентай аймақтық ветеринариялық зертхана Қабанбай ауылы, Әлiмжанов к-сi, 28-үй 8(728 37)41301
7. Алакөл аудандық ветеринариялық зертхана Үшарал қ-сы, Жалбы би к-сi, 28-үй 8(728 33)35631
8. Ескелдi аудандық ветеринариялық зертхана Қарабұлақ кентi, Лихачев к-сi 8(728 36)35983
9 Қаратал аудандық ветеринариялық зертхана Бастөбе ауылы Амангелдi к-сi, 16-үй 8(728 34)22121
10. Кербұлақ аудандық ветеринариялық зертхана Сарыөзек ст-сы, Рысқұлов к-сi, 20-үй 8(728 40)32066
11. Коғалы аймақтық ветеринариялық зертхана Қоғалы ауылы, Әуезов к-сi, 6-үй 8(728 42)91104
12. Сарқанд аудандық ветеринариялық зертхана Сарқанд қ-сы, Тәуелсiздiк к-сi, 241-үй 8(728 39)21952
13. Лепсi аудандық ветеринариялық зертхана Лепсi ст-сы, Қуақын к-сi, 1-үй 8(72843)21431

Атырау облысы

1. Атырау облыстық филиалы Атырау қ-сы, Лесхоз ш. а., 49а-үй 8(7232)280463
2. Махамбет аудандық ветеринариялық зертхана Махамбет ауылы, Д.Шененов к-сi, 13-үй 8(71236)30212
3. Индер аудандық ветеринариялық зертхана Индербор кентi, Қаражанова к-сi, 19/ 2-үй 8(71234)20619
4. Қызылқоға аудандық ветеринариялық зертхана Миялы ауылы, А.Құттыбаев к-сi, 11-үй 8(71238)22092
5. Құрманғазы аудандық ветеринариялық зертхана Ганюшкино ауылы, Большая красиловка к-сi 8(71233)23074
6. Исатай аудандық ветеринариялық зертхана Аққыстау ауылы, Ынтымақ к-сi, 45-үй 8(71231)21217
7. Жылыой аудандық ветеринариялық зертхана Құлсары қ-сы, 8-учаске 8(71237)57598

Шығыс Қазақстан облысы

1. Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Өскемен қ-сы, Новая Согра кентi, Вешний бұрылыс к-сi, 14-үй 8(7232)556033, 556044, 556040
2. Зайсан аудандық ветеринариялық зертхана Зайсан қ-сы, Спамбетов к-сi, 10-үй 8(72 340)21420
3. Зырянов аудандық ветеринариялық зертхана Зырян қ-сы, Брилин к-сi, 53-үй 8(72 335)40849
4. Көкпектi аудандық ветеринариялық зертхана Көкпектi ауылы, Қабанбай батыр к-сi, 81-үй 8(72 348)22588
5. Қатонқарағай аудандық ветеринариялық зертхана Үлкен-Нарын ауылы, Огнев к-сi, 49-үй 8(72 341)29463
6. Күршiм аудандық ветеринариялық зертхана Күршiм ауылы, Исабеков к-сi, 12-үй 8(72 339)21689
7. Тарбағатай аудандық ветеринариялық зертхана Ақсуат ауылы, Қабанбай батыр к-сi, 3-үй 8(72 346)21908
8. Шемонайхы аудандық ветеринариялық зертхана Шемонаиха қ-сы, Советская к-сi, 31-үй 8(72 332)31672
9. Теректi өңiрлiк ветеринариялық зертхана Теректi ауылы, Абылайхан к-сi, 23-үй 8(72 343)21724
10. Самарск өңiрлiк ветеринариялық зертхана Самарск ауылы, Лоскутов к-сi, 25-үй 8(72 333)21185
11. Қатонқарағай өңiрлiк ветеринариялық зертхана Қатонқарағай ауылы, Бауыржан Момыш ұлы к-сi, 33-үй 8(72 342)21756
12. Ақжар өңiрлiк ветеринариялық зертхана Ақжар ауылы, Байжiгiт к-сi, 126-үй 8(72 344)20432

Семей өңiрлiк филиалы

1. Семей өңiрлiк филиалы Семей қ-сы, Сәтпаев к-сi, 201-үй 8(7222)500030
2. Абай аудандық ветеринариялық зертхана Қарауыл ауылы, Баян к-сi, 25-үй 8(72252)91929
3. Аягөз аудандық ветеринариялық зертхана Аягөз қ-сы, Оспанов к-сi, 46-үй 8(72237)36195
4. Баршатас аймақтық ветеринариялық зертхана Баршатас ауылы, Еңбек к-сi, 1-үй 8(72246)21342
5. Аймақтық ветеринарлық зертхана Қайнар ауылы, Жақсыбаев к-сi, 8-үй жоқ
6. Бесқарағай аудандық ветеринариялық зертхана Большая Владимировка ауылы, Совхозная к-сi, 20-үй 8(72236)90170
7. Бородулин аудандық ветеринариялық зертхана Бородулиха ауылы, СТО к-сi, 6-үй 8(72351)21042
8. Жарма аудандық ветеринариялық зертхана Қалбатау ауылы, Гагарин к-сi, 38-үй 8(72347)65559
9. Чарск аймақтық ветеринариялық зертхана Чарск қ-сы, Абай к-сi, 73-үй 8(72345)21565
10. Ұржар аудандық ветеринариялық зертхана Ұрджар ауылы, Семушкин к-сi, 2-үй 8(72230)34460
11. Мақаншы аймақтық ветеринариялық зертхана Мақаншы ауылы, Найманбаев к-сi, 1б-үй 8(72239)41180

Жамбыл облысы

1. Жамбыл облыстық филиалы Тараз қ-сы, Пушкина к-сi, 142-үй 8(7262)430401, 50-12-32
2. Жамбыл аудандық ветеринариялық зертхана Аса ауылы, Промышленная к-сi, 3-үй 8(72633)21688
3. Жуалы аудандық ветеринариялық зертхана Б.Момышұлы ауылы, Чапаев к-сi 8(72635)21411
4. Қордай аудандық ветеринариялық зертхана Кордай ауылы, Жiбек жолы к-сi, 108-үй 8(72636)47460
5. Мерке аудандық ветеринариялық зертхана Мерке ауылы, Нүркен Әбдiров к-сi, 24-үй 8(72632)22649
6. Мойынқұм аудандық ветеринариялық зертхана Мойынкұм ауылы, А.Байтұрсынов к-сi 8(72642)24991
7. Сарысу аудандық ветеринариялық зертхана Саудакент ауылы,Сармолдаев к-сi, 12-үй 8(72639)21481
8. Т.Рысқулов ат аудандық ветеринариялық зертхана Құлан ауылы, Қазбек Асылов к-сi, 54-үй 8(72631)21742
9. Талас аудандық ветеринариялық зертхана Қаратау қ-сы, Қонаев к-сi, 21-үй 8(72638)31314
10. Шу аудандық ветеринариялық зертхана Төле би ауылы, У.Асатұлы к-сi, 21-үй 8(7262)430401, 50-12-32

Батыс Қазақстан облысы

1. Батыс Қазақстан облыстық филиалы Орал қ-сы, Волгоградская к-сi, 36-үй 8(7112)501425, 240273
2. Ақжайық аудандық ветеринариялық зертхана Чапаев кентi, Менделеев к-сi, 25б-үй 8(71136)92681
3. Бөкей Орда аудандық ветеринариялық зертхана Сайхин кентi, Жанiкешев к-сi, 15-үй 8(71140)21433
4. Бөрлi аудандық ветеринариялық зертхана Бөрлi кентi, Советская к-сi, 81/1-үй 8(71133)21964
5. Жаңақалы аудандық ветеринариялық зертхана Жаңақала кентi, Ветстанция 8(71141)21905
6. Жәнiбек аудандық ветеринариялық зертхана Жәнiбек кентi, Иманов к-сi, 155-үй 8(71135)21174
7. Зеленовск аудандық ветеринариялық зертхана Переметное ауылы, Набережная к-сi, 61-үй 8(71130)22654
8. Қазталов аудандық ветеринариялық зертхана Қазталов кентi, Вет.лаборатория к-сi, 54-үй 8(71144)31622
9. Қаратөбе аудандық ветеринариялық зертхана Қаратөба кентi, Нысанов к-сi, 15-үй 8(71144)31622
10. Сырым аудандық ветеринариялық зертхана Сырым кентi, Абай к-сi, 15-үй 8(71134)21373
11. Тасқала аудандық ветеринариялық зертхана Тасқала кентi, Вокзал к-сi, 21-үй 8(71139)21897
12. Теректi аудандық ветеринариялық зертхана Федровка кентi, Набережная к-сi, 190/2-үй 8(71132)21003
13. Шыңғырлау аудандық ветеринариялық зертхана Шелек кентi 8(71137)33155
14. Орал маңы аудандық ветеринариялық зертхана Дарьинск кентi, Жеңiске 40 жыл к-сi 8(71131)21985
15. Жалпақтал аудандық ветеринариялық зертхана Жалпақтал кентi 8(71142)21467
16. Тайпақ аудандық ветеринариялық зертхана Тайпақ кентi, Усадьба к-сi, 45-үй 8(71142)21467
17. Еңбек аудандық ветеринариялық зертхана Еңбек кентi, Сейфуллин к-сi, 33-үй 8(71143)91463

Қарағанды облысы

1. Қарағанды облыстық филиалы Карағанды қ-сы, Дубовская к-сi, 42-үй 8(7212)440176, 440131, 440170, 440184, 437761
2. Ақтоғай аудандық ветеринариялық зертхана Актоғай ауылы, Оразалин к-сi, 14а-үй 8(71037)21742
3. Бұхар жырау аудандық ветеринариялық зертхана Ботақара кентi, Механизаторская к-сi, 41-үй 8(72154)21671
4. Жаңаарқа аудандық ветеринариялық зертхана Атасу кентi, Көпен Әбжанов к-сi, 62-үй 8(71030)27105
5. Осакаров аудандық ветеринариялық зертхана Осакаров кентi, Шеткi Бұлақ к-сi, 5-үй 8(72149)42183
6. Нұра аудандық ветеринариялық зертхана Киев ауылы, Ленин к-сi, 2а-үй 8(72144)21312
7. Қарқаралы аудандық ветеринариялық зертхана Қарқаралы қ-сы, Әуезов к-сi, 46-үй 8(72146)31542
8. Шет аудандық ветеринариялық зертхана Ақсу-Аюлы ауылы, Жұмабек Күлейменов к-сi, 63-үй 8(71031)21693
9. Балқаш аймақтық ветеринариялық зертхана Балқаш қ-сы, Желтоқсан к-сi, 20-үй 8(71036)47328

Жезқазған өңiрлiк филиалы

1. Жезқазған өңiрлiк филиалы Жезқазған қ-сы, Балочная к-сi, 16-үй 8(7102)761202, факс 750070
2. Ұлытау аудандық ветеринариялық зертхана Ұлытау ауылы, Бұлқышев к-сi, 30-үй 8(71032)21111
3. Каражар аймақтық ветеринариялық зертхана Қаражар ауылы, Битабар к-сi, 2а-үй 8(71032)26503 сельхоз отдел
4. Жездi аймақтық ветеринариялық зертхана Жездi кентi, Живов к-сi, 2б-үй 8(71034)21047

Қостанай облысы

1. Алтынсарин аудандық ветеринариялық зертхана Обаған ауылы, Юбилейная к-сi, 18-үй 8(71445)34233
2. Амангелдi аудандық ветеринариялық зертхана Амангелдi ауылы, Божманов к-сi, 5-үй 8(71440)21032
3. Арқалық қалалық ветеринариялық зертхана Арқалық қ-сы, Приозерная к-сi, 3-үй 8(71430)78809
4. Әулиекөл аудандық ветеринариялық зертхана Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов к-сi, 48б-үй 8(71453)21164
5. Денисов аудандық ветеринариялық зертхана Денисовка ауылы, Дорожная к-сi, 1-үй 8(71434)21370
6. Жангелдин аудандық ветеринариялық зертхана Торғай ауылы, Құлжанов к-сi, 66-үй 8(71439)21067
7. Жiтiқара аудандық ветеринариялық зертхана Жiтiқара ауылы, Киров к-сi, 14-үй 8(71435)25396
8. Қамысты аудандық ветеринариялық зертхана Қамысты ауылы, Ленин к-сi, 61-үй 8(71437)21298
9. Қарасу аудандық ветеринариялық зертхана Қарасу ауылы, Комсомольска к-сi, 2-үй 8(71452)21632
10. Қарабалық аудандық ветеринариялық зертхана Қарабалық ауылы, Новоселов к-сi, 2-үй 8(71441)31049
11. Қостанай аудандық ветеринариялық зертхана Затобольск кентi, Афанасьев к-сi, 69-үй 8(71455)20653
12. Меңдiқара аудандық ветеринариялық зертхана Боровской кентi, Алтынсарин к-сi, 35-үй 8(71443)21603
13. Наурызым аудандық ветеринариялық зертхана Қарамендi ауылы, Абай к-сi, 1-үй 8(71454)21093
14. Сарыкөл аудандық ветеринариялық зертхана Сарыкөл кентi, Миронов к-сi, 1а-үй 8(71451)21369
15. Таран аудандық ветеринариялық зертхана Таран ауылы, Западная к-сi, 1-үй 8(71436)37131
16. Ұзынкөл аудандық ветеринариялық зертхана Ұзынкөл ауылы, Октябрьдiң, 60 жылдық к-сi, 23/1-үй 8(71444)21673
17. Федоров аудандық ветеринариялық зертхана Федоровка ауылы, Пушкин к-сi, 51-үй 8(71442)22330
18. Октябрь аудандық ветеринариялық зертхана Баймағамбетов к-сi, 17-үй 8(71448)91444
19. Костанай облыстық филиалы Костанай қ-сы, Набережная к-сi, 43
Заречный кентi, Юбилейная к-сi, 5а-үй
8(7142)532590, 542939, 71455, 62077, 62080

Қызылорда облысы

1. Қызылорда облыстық филиалы Қызылорда қ-сы, М.Шоқай к-сi, 145-үй 8(7242)246289
2. Арал аудандық ветеринариялық зертхана Арал қ-сы, Рысқалов к-сi, 2а-үй 8(72433)21384
3. Қазалы аудандық ветеринариялық зертхана Қазалы қ-сы, Түктiбаев к-сi 8(72438)51229
4. Қармақшы аудандық ветеринариялық зертхана Жосалы кентi, Б.Момыш ұлы к-сi, 93-үй 8(72437)22653
5.. Жалағаш аудандық ветеринариялық зертхана Жалағаш кентi, Әйтеке би к-сi, 151-үй 8(72431)32411
6. Сырдария аудандық ветеринариялық зертхана Тереңөзек кентi, Ғ.Мұратбаев к-сi, 93-үй 8(72436)22662
7. Шиелi аудандық ветеринариялық зертхана Шиелi кентi, Ы.Жахаев к-сi, 15-үй 8(72432)43108
8. Жаңақорған аудандық ветеринариялық зертхана Жаңақорған кентi, Мұсаханов к-сi, 301-үй 8(72435)21930

Маңғыстау облысы

1. Маңғыстау аудандық ветеринариялық зертхана Шетпе ауылы, Бөгет к-сi 8(7293)121354
2. Қарақиян аудандық ветеринариялық зертхана Жетiбай кентi, Новостройка 8(72935)26607
3. Бейнеу аудандық ветеринариялық зертхана Бейнеу ауылы, Боқанұлы к-сi, 47-үй 8(72932)22153
4. Актау облыстық филиалы Актау қ-сы, Приозерный кентi, 3-үй 8(7292)318020

Павлодар облысы

1. Ақтоғай аудандық ветеринариялық зертхана Думатов веткешенi 8(718)4121448, факс: 8(718)21999
2. Ақсу аудандық ветеринариялық зертхана Ақсу қ-сы, Вокзал к-сi, 17-үй 8(718)37-61415, факс: 8(718)50742
3. Баянауыл аудандық ветеринариялық зертхана Баянауыл ауылы, Сатбаев к-сi, 6-үй 8(718)4091016, факс: 8(718)91506
4. Железинск аудандық ветеринариялық зертхана Железинка ауылы, Чкалов к-сi, 21-үй 8(718)3121328, факс: 8(718)21154
5. Ертiс аудандық ветеринариялық зертхана Ертiс ауылы, Интернациональная к-сi, 6-үй 8(718)3222741, факс: 8(718)21189
6. Лебяжi аудандық ветеринариялық зертхана Аққу ауылы, Ыдырысханов к-сi, 39-үй 8(718)3921827, факс: 8(718)21754
7. Май аудандық ветеринариялық зертхана Көктөбе ауылы, Ветқалашық 8(718)3891103, 40339, факс: 8(718)91654
8. Павлодар аудандық ветеринариялық зертхана Павлодар қ-сы, Толстой к-сi, 3-үй 8(718)309046, 309146
9. Успен аудандық ветеринариялық зертхана Успенка ауылы, Мира к-сi, 6-үй 8(718)3491506, факс: 8(718)91636
10. Шарбақты аудандық ветеринариялық зертхана Шарбақты ауылы, Ветокешен к-сi 8(718)3621492, факс: 8(718)21692
11. Качир аудандық ветеринариялық зертхана Качир кентi, Киров к-сi, 234-үй 8(718)3322162, факс: 8(718)22290
12. Екiбастұз аудандық ветеринариялық зертхана Екiбастұз қ-сы, Новоселов к-сi, 123-үй 8(718)7759121, факс: 8(718)75921
13. Павлодар облыстық филиалы Павлодар қ-сы, Октябрьская к-сi, 84-үй 8(7182)358203, 8(7182)358399

Солтүстiк Қазақстан облысы

1. Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы Петропавл қ-сы, 2-шi Универсальный д-лы, 8-үй 8(7152)422358
2. Айыртау аудандық ветеринариялық зертхана Саумалкөл ауылы, Ементаев к-сi, 35-үй 8(715 33)22633
3. Аққайын аудандық ветеринариялық зертхана Смирнов ауылы, Гагарин к-сi, 20-үй 8(715 32)22207
4. Ақжар аудандық ветеринариялық зертхана Талшық ауылы, Ветеринарная к-сi, 2-үй 8(715 46)21860
5. Есiл аудандық ветеринариялық зертхана Явленка ауылы, Ж.Кизатов к-сi, 96-үй 8(715 43)22307
6. Жамбыл аудандық ветеринариялық зертхана Пресновка ауылы, Иванов к-сi, 13-үй 8(715 44)21949
7. М.Жұмабаев ат. аудандық ветеринариялық зертхана Булаев ауылы, Пионерск к-сi, 2А-үй 8(715 31)22842
8. Қызылжар аудандық ветеринариялық зертхана Бескөл кентi, Калинин к-сi, 57-үй 8(715 38)28208
9. Мамлют аудандық ветеринариялық зертхана Мамлют қ-сы, Фурманов к-сi, 14-үй 8(715 41)22382
10.. Ғ.Мүсiрепов атындағы аудандық ветеринариялық зертхана Новоишимское ауылы, Е. Әуелбеков к-сi, 18-үй 8(715 35)20635
11. Тайынша аудандық ветеринариялық зертхана Тайынша ауылы, Советский к-сi, 189-үй 8(71536)23361
12. Чкалов аудандық ветеринариялық зертхана Чкалово ауылы, Юбилейная к-сi, 12-үй 8(71536)70785
13. Келлер аудандық ветеринариялық зертхана Келлеровка ауылы, Строительная к-сi, 50-үй 8(71536)51898
14. Тимирязев аудандық ветеринариялық зертхана Тимирязев ауылы, Целинный к-сi, 13-үй 8(715 37)21776
15. Уәлиханов аудандық ветеринариялық зертхана Кiшкенекөл ауылы, Мәлiков к-сi, 124-үй 8(715 42)21183
16. Шал ақын аудандық ветеринариялық зертхана Сергеевка ауылы, Трудовой орамы, 8-үй 8(715 34)20218

Оңтүстiк Қазақстан облысы

1. Оңтүстiк облыстық филиалы Шымкент қ-сы, Крейсер Аврора к-сi, 48-үй 8(7252)319541, 8(7252)331056
2. Арыс аудандық ветеринариялық зертхана Арыс қ-сы, Орынбаев к-сi, 8-үй 8(72540)21852
3. Бәйдiбек аудандық ветеринариялық зертхана Шаянт ауылы, Жамбыл-Жүзiмдiк трассасы 8(72548)21028, факс: 8(72548)21708
4. Қазығұрт аудандық ветеринариялық зертхана Қазығұрт ауылы, М.Әуезов к-сi, нөмiрсiз 8(72539)22705, факс: 8(72539)22505
5. Мақтарал аудандық ветеринариялық зертхана Жетiсай қ-сы, Махамбет к-сi, 5-үй 8(72534)67248, факс: 8(72534)67250
6. Ордабасы аудандық ветеринариялық зертхана Темiрлан ауылы, Тұрманжанов к-сi, 63-үй 8(72530)21476, факс: 8(72530)21757
7. Отырар аудандық ветеринариялық зертхана Шәуiлдiр ауылы, Жiбек жолы к-сi 8(72544)22112, факс: 8(72544)21578
8. Сайрам аудандық ветеринариялық зертхана Қарасу ауылы, М.Сапарбаев к-сi, 5-үй 8(7253)121148, факс: 8(7253)20208
9. Сарыағаш аудандық ветеринариялық зертхана Сарыағаш қ-сы, Қапланбек к-сi 8(72537)21765, факс: 8(72537)21413
10. Созақ аудандық ветеринариялық зертхана Шолаққорған ауылы, Н.Төреқұлов к-сi 8(72546)42659, факс: 8(72546)41305
11. Төле би аудандық ветеринариялық зертхана Көксайек ауылы, Төле би к-сi, 94-үй 8(72547)51175, факс: 8(72547)62585
12. Түркiстан аудандық ветеринариялық зертхана Түркiстан қ-сы, Т.Мынбасы к-сi, 15-үй 8(72533)43124, факс: 8(72533)43167
13. Түлкiбас аудандық ветеринариялық зертхана Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов к-сi, 2-үй 8(72538)52091, факс: 8(72538)52440
14. Шардара аудандық ветеринариялық зертхана Шардара қ-сы, Түгелбаев к-сi 8(72535)23273, факс: 8(72535)22369
15. Кентау аудандық ветеринариялық зертхана Кентау қ-сы, Панфилов к-сi, 11-үй 8(72536)36333, факс: 8(72536)33765

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus